Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 5 қыркүйек N 1347

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2003 жылдарға арналған

іс-қимыл Бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367  

P000367_

  
қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының машина жасау 
кешенін дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                      Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                           2000 жылғы 5 қыркүйектегі
                                               N 1347 қаулысымен 
                                                  бекітілген
     
     Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия
               және сауда министрлігі
     Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің
        "Экономикалық зерттеулер институты" РМК
     
        Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін
           дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған
                      Бағдарламасы
     
     Ескерту. Бағдарлама өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.16. N 353 
              қаулысымен.  

P010353_

 
     
     Паспорты
     
     Атауы                  Қазақстан Республикасының машина жасау 
                            кешенін дамытудың 2000-2003 жылдарға 
                            арналған бағдарламасы
     
     Бағдарламаны           "Қазақстан Республикасы Президентінің 
     әзірлеу туралы         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
                            9 ақпандағы кеңейтілген мәжілісінде
                            айтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі
                            іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы"
                            Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
                            6 наурыздағы N 367 қаулысы
     
     Негізгі                Қазақстан Республикасының Энергетика,
     әзірлеушілер           индустрия және сауда министрлігі, 
                            Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің
                            "Экономикалық зерттеулер институты" РМК,
                            "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық
                            орталығы" РМКК, Қазақстан Республикасы
                            Энергетика, индустрия және сауда
                            министрлігінің "Машина жасауды болжау
                            жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы" РМКК
                            және Қазақстан Республикасы Білім және
                            ғылым министрлігінің "Қазақстан 
                            Республикасының Аграрлық зерттеулер ұлттық
                            академиялық орталығы" РМКК
     
     Бағдарламаның          Ішкі өндірісті кеңейту және өндірістік-
     мақсаты                техникалық мақсаттағы бәсекеге қабілетті
                            өнімдер шығару, ел экономикасын қажетті
                            машиналармен, жабдықтармен және қосалқы
                            бөлшектермен, кепілдендірілген және
                            кепілденгеннен кейінгі сервистік қызмет
                            көрсетумен қамтамасыз ету, импортты
                            алмастыру және экспорттың мүмкіндіктерін
                            арттыру
     
     Бағдарламаның          Бағдарламаның мақсатына сәйкес мынадай
     міндеттері             міндеттерді:
     
                            - өндірістің базалық салаларының қажетіне,
                              оларға қажетті өнімдердің номенклатурасын
                              игерудің техникалық экономикалық
                              орындылығына талдау жасаудың негізінде
                              республикада машина жасаудың дамуын 
                              болжауды;

                            - басымдықты салалар үшін машина жасау
                              өнімдерін шығару жөніндегі технологиялық
                              тізбектердің кешенін құруды;
     
                            - машина жасау ұйымдарын (бұдан әрі - машина
                              жасау кәсіпорындары) диверсификациялауды
                              және қайта бейіндеуді;
     
                            - Бағдарламаны ғылыми, ғылыми-техникалық
                              және кадрмен қамтамасыз етуді;
     
                            - машина жасау жөніндегі ақпараттық орта
                              қалыптастыруды;
     
                            - машина жасау өнімдерін тұтыну мен
                              өткізудің маркетингін;
     
                            - отандық тауар өндірушілерді қорғауды
                              қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық
                              базаны жетілдіруді;
     
                            - шетелдік және отындық инвесторларды
                              тартуды шешу көзделіп отыр.
     
     Бағдарламаның          - машина жасауды дамытудың қаржы-несиелік
     негізгі                  және инвестициялық қолдау;
     іс-шаралары            - машина жасауды дамытуды инновациялық
                              қолдау;
                            - мақсатты республикалық, аймақтық,
                              салааралық, салалық, ғылыми-техникалық
                              бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу;
                            - машина жасауды нормативтік-құқықтық
                              қамтамасыз ету;
                            - машина жасау кешенінің инфрақұрылымын
                              дамыту;     
                            - ұлттық машина жасаудың ТМД елдері
                              экономикасына және әлемдік шаруашылық
                              байланыстар жүйесіне ықпалдасуы.
     
     Қаржыландыру             Несиелік ресурстар, кәсіпорындардың өз
     көздері                  қаражаттары, шетелдік капитал
     
     Іске асыру               Бағдарламаны іске асыру 2000-2003 жылдар
                              кезеңіне белгіленген
     
     Кiрiспе
     


      Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 9 ақпандағы кеңейтiлген мәжілісінде айтылған тапсырмаларын орындау жөнiндегi iс-шаралардың жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы наурыздағы N 367 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
      Республиканың машина жасау кәсiпорындарының жұмысы үшiн қолайлы жағдай жасау бөлiгiнде Жаңа өнеркәсiптiк саясатты iс жүзiнде iске асыру Бағдарламаны әзiрлеу үшiн уәждеме болды.
      Бағдарламаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму стратегиясында белгiленген елдiң экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдiк басымдылықтары, сондай-ақ "1999-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк өнеркәсiптiк саясаттың негiзгi бағыттары" мен "Ауыл шаруашылығы өндiрiсi мен онымен аралас салаларды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарында белгiленген өнеркәсiптiк саясаттың негiзгi мiндеттерi ескерiлдi.
      Бағдарлама машина жасау кешенiн республиканың өзiнiң техникалық және пайдалану көрсетілімдерi бойынша ең үздiк шетелдiк баламдардан қалыспайтын жоғары технологиялық техникаға қажетiнiң кемiнде 60-70%-ын қамтамасыз ететiн өнеркәсiптiң жетекшi көп салалы секторына айналдырудың және қатаң нарықтық жағдайда бәсекелестiк қабiлеттi өнiмдердi басымдықпен шығару арқылы Қазақстанның машина жасауын сауда-экономикалық байланыстардың әлемдiк шаруашылықтық жүйесiне ықпалдастырудың ұзақ мерзiмдi стратегиясының (15-20 жыл) бiрiншi кезеңi ретiнде әзiрлендi.
      Бағдарламаны, бiрiншiден, құлдырауды жеңудiң, өндiрiс көлемдерi мен өнiмдердi сатуды арттырудың, оның сапалық деңгейi мен бәсекелестiк қабiлеттілігiн көтерудiң есебiнен жұмыс iстеп тұрған машина жасау кәсiпорындарының жұмысын тұрақтандыру және жеделдетiлген дамыту Бағдарламасы ретiнде, екiншiден, машиналар мен жабдықтардың кейбiр принциптi жаңа түрлерiн республикада әзiрленген, өнеркәсiптiк игеруi аталған Бағдарлама мерзiмдерiнiң аяқталуынан тыс шамаланып отырған басқа да өнiмдердi игерудiң (жобалау-конструкторлық әзiрлеу мен тәжiрибелiк шығару сатысындағы) бастапқы кезеңiнiң Бағдарламасы ретiнде қарастырған жөн.

      1. Қазақстанның машина жасау кешенiнiң жалпы
      сипаттамасы мен қазiргi жағдайы

      КСРО халық шаруашылығы кешенiнiң құрамында Қазақстанға негiзiнен iрi өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылығы шикiзатын өндiрушi рөлi бөлiнген болатын. Машина жасауды дамытуға тиiстi көңiл бөлiнбедi - республиканың машина жасау өнiмдерiне қажеттi негiзiнен Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан және Одақтың басқа да аймақтарынан әкелудiң есебiнен қамтамасыз етiлiп отырды. Сонымен бiрге, қазақстандық заводтардың өнiмдерi, ең алдымен металл өңдеу, жинақтаушы және т.б. бұйымдар түпкiлiктi өнiмдi шығаратын және республикадан тысқары жерлердегі заводтарға берiлдi.

     Одақ ыдырағаннан кейiн шаруашылық байланыстардың бұзылуы және 
дағдарыстық құбылыстардың артуы жағдайында Қазақстанның машина жасау 
кешенiнiң дамуы толық тоқтады.
     Машина жасау өндiрiсi қуаттарының қысқаруы, оның жұмысының 
техникалық-экономикалық көрсеткiштерiнiң нашарлауы (1-кесте) басталды және 
әлi күнге дейiн жалғасуда.
     
                                                      1-кесте
     
     Машина жасау саласындағы өндiрiстiң нақты көлемiнiң индекстерi
     
                                              (1985 жыл = 100%)
   _____________________________________________________________________
Жылдар !1990 ! 1991 ! 1992 ! 1993 ! 1994 ! 1995 ! 1996 ! 1997 ! 1998!1999
  _____________________________________________________________________
Машина  110,7  113,4  94,9   81,0   50,9   36,8   34,4   25,7  19,8  18,9
жасау   
  ______________________________________________________________________

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі
     
     Өнеркәсіптің салалық құрылымындағы машина жасау үлесі айтарлықтай 
өзгерді (2-кесте.).
     
                                                        2-кесте
     
     Базалық салалар бойынша өнеркәсіптің құрылымы:
 _____________________________________________________________________
 Жылдар ! Отын- ! Тау-кен ! Машина ! Химия    !Жеңіл     !Тамақ
        !энерге.!металлур.! жасау, !өнеркәсібі!өнеркәсібі!өнеркәсібі,
        !тикалық!гиялық   !   %    !    %     !    %     !    %
        !кешен, !кешені, %!        !          !          !    
        !   %   !         !        !          !          !
 _____________________________________________________________________
 1990     20,5     16,5      15,9      6,5       18,3      22,3
 1995     28,4     26,9       7,3      23,8      2,4       11,2
 1996     46,5     22,5       7,1       3,6      3,3       17,0
 1997     47,7     25,7       5,0       2,1      2,1       17,4
 1998     48,3     26,3       3,7       1,4      1,5       18,8
 1998     50,8     28,1       2,7       1,3      1,7       15,4
 _____________________________________________________________________
 Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі     

     Салада жұмыс істейтіндердің саны, олардың республика өнеркәсібіндегі 
өнеркәсіптік өндірістік қызметшілердің жалпы санындағы үлесі айтарлықтай 
қысқарды (3-кесте).
     
                                                          3-кесте
     
     Машина жасау кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік өндірістік 
қызметшілердің саны
   _____________________________________________________________________
Көрсеткіштер    !  1990  !  1991  !  1992  !  1993  !  1994  !  1995 
атауы
  _____________________________________________________________________
Өнеркәсіптік    ! 387.2  ! 342.8  !  326.2 !  272   !  234   !  202.3
өндірістік     
қызметшілердің
саны, мың адам
 _____________________________________________________________________
 өткен жылға       -       88.5      95.2     83.4     86.0     86.5
 қарағанда    
 %-бен
 _____________________________________________________________________
 1990 жылға      100       88.5      84.2     70.2     60.4     52.2      
 қарағанда %-бен
 _____________________________________________________________________
 ҚР өнеркәсібі   28.5      24.8      24.1     22.8     20.9     19.7
 ӨӨЖ-ің             
 жалпы санына
 %-бен  
 _____________________________________________________________________
 таблицаның жалғасы

 ___________________________________
  1996   !   1997  ! 1998  ! 1999   
 ___________________________________ 
  176.1    139.7     90.2    67.0
  87.0     73.9      64.6    74.2
  45.5     36.1      23.3    17.3
  19.2     17.4      11.9    10.9
 ___________________________________


Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

      1990 жылғы 3902-ге қарағанда 1999 жылдың ортасына қарай республикада 1862 машина жасау бейiнiндегi кәсiпорын қалды. Қазiргi уақытта барлық машина жасау кәсiпорындарының тек 5,4% - түпкiлiктi өнiмдердi өндiрушiлер, қалғандарының мамандандырылуы - жинақтаушылық бұйымдар, қосалқы бөлшектер, жөндеу қызметтерiн көрсету және т.б. Сала үшiн өндiрiстiң, әсiресе

түпкiлiктi өнiмдер бойынша жоғары дәрежеде монополизациялануы тән.
     1992-1995 жылдары машина жасау басымдықты салалардың қатарынан 
шығарылып тасталған едi, бұл кәсiпорындардың негiзгi капиталын 
инвестициялау проблемасын шиеленiстiре түстi, iс жүзiнде олардың 
көпшiлiгiн кеңейтiлген ұдайы өндiрiстi, өндiрiстiк қорларды қайта 
жаңғыртуды және жаңартуды жүзеге асыру мүмкiндiгiнен айырды (4-кесте)
     
                                                           4-кесте
     
     Инвестицияларды негiзгi капиталға ұдайы айналдырудың көлемi мен       
     көрсеткiштерi
 _____________________________________________________________________
                        ! 1993  ! 1994  ! 1995  ! 1996 !  1997 ! 1998
     
Машина жасау мен металл             
өңдеу, барлығы
Млн. теңге                 64       445    928     597     389    849
Млн. АҚШ доллары          13.76    12.44   15.23   8.87   5.16    10.84
 _____________________________________________________________________ 
 өнеркәсіптегі инвести.    3.0      1.0     1.1     0.9    0.5     0.6
 циялардың жалпы көлеміне 
 %-бен    
 _____________________________________________________________________
 Инвестициялардың ұдайы
 өндіру құрылымы:
 _____________________________________________________________________
 Жұмыс істеп тұрған
 кәсіпорындардың техникалық
 қайта жарақтануы мен
 қайта құрылуы, %                    75.9   83.4    85.2    94.1   97.3
 _____________________________________________________________________
 Жұмыс істеп тұрған                  18.1   14.1    10.1    0.7     0.7
 кәсіпорындарды
 кеңейту %      
 _____________________________________________________________________
 Жаңа құрылыстар, %                  3.0     0.4    0.4     -      0.7
 _____________________________________________________________________    
 Бірлескен кәсіпорындар мен
 шетелдік формалардың негізгі    
 капиталына инвестициялар
 _____________________________________________________________________
 Млн. теңге                           1.0    99.0   15.0   12.0   340.0
 _____________________________________________________________________
 Млн.АҚШ дол.                       0.027    1.62  0.223   0.15   4.34     
 _____________________________________________________________________
 Өнеркәсіптегі инвестиция.
 лардың жалпы көлеміне %-бен         0.00    0.12   0.02   0.01   0.25
 _____________________________________________________________________
 Негізгі қорларды қолданысқа
 енгізу     
 _____________________________________________________________________
 Млн. теңге                                   830    363   499    830 
 _____________________________________________________________________
 Млн.АҚШ дол.                                 13.6    5.4  6.6    10.6 
 _____________________________________________________________________
 барлық өнеркәсіпке %-бен                     1.37   0.55  0.7    0.86 
 _____________________________________________________________________

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі (Қазақстанның Статистикалық жылнамасы, 1998-1999 жылдар, "ҚР құрылысы", 1998-1999 жылдар)

      Машина жасау кешенiнiң негiзгi капиталына инвестициялардың өткiр жетiспеушiлiгi оларды ұдайы өндiрудiң құрылымдық ерекшелiктерiн айқындады. Соңғы 5 жылда салада iс жүзiнде жаңа құрылыс жүргізiлмей отыр. Осы жылдары капитал жұмсаудың барлық көлемi дерлiк жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды техникалық қайта жарақтауға және қайта жаңғыртуға бағытталды. Алайда, пайдаланылған инвестициялардың болмашы мөлшерiнен салыстырмалы түрдегi бұл тұтас алғанда машина жасаудың өндiрiстiк қуаттарының техникалық

жағдайы мен техникалық деңгейiне айтарлықтай әсер еткен жоқ.
     Сала өнеркәсiпте өнеркәсiптiк-өндiрiстiк негiзгi қорларды iске 
қосудың және жаңартудың көрсеткiштерi бойынша соңғы орындардың бiрiне ие 
болып отыр (4,5-кестелердi қараңыз).
     
                                                           5-кесте
     
     Қазақстанның машина жасау саласы өнеркәсiптiк-өндiрiстiк 
     негiзгi қорларының (ӨӨНҚ) жай-күйі 
                               
                                          (1997 жылдың аяғына)
 _____________________________________________________________________
  Өндірістің ! ӨӨНҚ құрылымы, %            !          !        !   
  бейіні     !                             !ӨӨНҚ-дың  !Жаңарту !Істен шығу
             !________________________     !ескіруі, %!коэффи. !коэффи-
             !ғима-!бері-!маши.!көлік!басқа!          !циенті, !циенті, %
             !рат. !летін!налар!құрал!да   !          !  %     !       
             !тар  !қон. !мен  !дары !негіз!          !        ! 
             !мен  !дыр. !жаб. !     !гі   !          !        !
             !құры.!ғылар!дық. !     !қор. !          !        !
             !лыс. !     !тар  !     !лар  !          !        !
             !тар  !     !     !     !     !          !        !
 ____________!_____!_____!_____!_____!_____!____________________________   
 Машиналар   ! 43.7! 5,6 ! 44.9! 4.0 ! 1,8 !   46.1   ! 2.0    !   9.6
 мен жабдық.
 тарды өндіру    
 _______________________________________________________________________
 Электр        32.6  4,1   55.6  5,3   2,4    54.3      3,1       2,3  
 машинасы мен
 жабдықтарды
 шығару     
 _______________________________________________________________________
 Радио, теле.  45.7  2,2   50,0  2.0   0.1    29,3     10,1      0.1
 видения және
 байланыс
 үшін жабдық.
 тар мен
 аппаратуралар
 шығару    
 _______________________________________________________________________
 Медициналық   44.4   7.0  42.4   2,7  3,5    44,7     1,2      2,5 
 аспаптар,
 прецизиондық
 және оптика.
 лық сайманды
 сағаттар
 шығару    
 _______________________________________________________________________
 Автомобиль    45.0   10,1   38.7   4,8  1,4    54.4    1.0    0.4  
 өнеркәсібі    
 _______________________________________________________________________
 Басқа да      37.1   5,2   48.0   6.2  3,5    51.6    2,1    2,1
 көлік
 құралдарды
 шығару    
 _______________________________________________________________________

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі (Қазақстанның Статистикалық жылнамасы, 1998-1999 жылдар, "ҚР құрылысы" 1998-1999 жылдар)
ӨӨНҚ-ның белсендi бөлiгiн (машиналар, жабдықтар, беру қондырғылары, көлiк құралдары) пайдаланудың нормативтiк мерзiмдерiнiң бәсең бөлiгiне (ғимараттар, құрылыстар) қарағанда анағұрлым қысқалығы жағдайды күрделендiрiп отыр.
      Құрылымындағы машина жасау саласы ӨӨНҚ-ның бәсең бөлiгiнiң үлесiне (басқа негізгi қорлармен бiрге) барлық қордың 40-45%-ы келетiн болғандықтан, ӨӨНҚ-ның 44-45%-ға тозуы iс жүзiнде саланың өндiрiстiк аппаратының барлық белсендi бөліктерiнің тозудың шектi-жол берiлетiн жағдайында екендігін бiлдiредi.

     1997 жылдан бастап машина жасау саласы тұтастай алғанда шығынды болып 
табылады. 1998 жылы шығынның сомасы 5.275 млн. теңгенi (67,3 млн. АҚШ 
долл.) құрады, шығындылық деңгейi - 27,7%.
     Саладағы дағдарысы машина жасау өнiмдерi экспортының қысқаруымен 
ұштасып отыр (6-кесте).
     
                                                         6-кесте
     
     Машина жасау өнiмдерiнiң экспорты
  _______________________________________________________________________
                  !      1995 ж.       !      1996 ж.    !    1997 ж.      
                  !____________________!_________________!_______________
                  !млн. !ҚР бойынша    !млн. ! ҚР бойынша!млн. !ҚР бойынша
                  !долл.!жалпы көлемге !долл.!жалпы      !долл.!жалпы
                  !     !%-бен         !     !көлемге    !     !көлемге
                  !     !              !     !%-бен      !     !%-бен
 ________________________________________________________________________
 ҚР экспорты,     5250.2      100       5911     100     6497.0   100
 барлығы
 _______________________________________________________________________
 Машина жасау     236.0      4.5        331.1    5.6     249.6    3.8
 өнімдерінің
 экспорты    
 _______________________________________________________________________
 ТМД елдеріне     196.0      3.7        292.5    4.9     223.0    3.4      
 _______________________________________________________________________
 ТМД-ң тысқары     40.0      0.8        38.6     0.7     26.6    0.4
 жерлерге     
 _______________________________________________________________________   
 Оның ішінде:
 _______________________________________________________________________
 Машиналар,        143.1     2.7        207.2    3.5     160.1   2.5
 жабдықтар мен
 тетіктер,
 электр, радио-,
 телеаппаратура,
 олардың
 бөлшектері мен
 керек-жарақтары
  _______________________________________________________________________
 ТМД елдеріне      132.2     2.5        197.3    3.3    149.1    2.3
 _______________________________________________________________________
 ТМД-дан           10.9      0.2        9.9      0.2    11.0     0,2
 тысқары
 жерлерге
 _______________________________________________________________________ 
 Жер беті, әуе,    59.4      1.1        92.1     1.5    70.0     1.1
 су көлік
 құралдары,
 олардың
 бөлшектері
 мен
 керек-
 жарақтары
 _______________________________________________________________________
 ТМД елдеріне      54.6      1.0        84.3     1.4    66.1    1.0 
 _______________________________________________________________________
 ТМД-дан           4.8       0.1        7.8      0.1    3.9     0.1
 тысқары   
 жерлерге
 _______________________________________________________________________
 Оптикалық,        10.0      0.2        17.7     0.3    9.3     0.14
 фото- және
 кинемато.
 графиялық,
 өлшеу
 медициналық    
 және басқа да
 аспаптар мен
 аппараттар,
 сағаттармен,
 муз. аспаптар,
 олардың
 бөлшектері, 
 _______________________________________________________________________
 ТМД елдеріне    5.3        0.1        7.0      0.1     5.2     0.08
 _______________________________________________________________________
 ТМД-дан         4.7        0.1        10.7     0.2     4.1     0.06
 тысқары 
 жерлерге
 _______________________________________________________________________
 Қару-жарақтар,  23.5       0.5        14.1    0.23    10.3    0.16
 оқ-дәрілер
 және олардың
 бөлшектері
 _______________________________________________________________________
 ТМД елдеріне    3.9       0.1         3.9     0.06    2.6     0.05 
 _______________________________________________________________________
 ТМД-дан         19.6      0.4         10.2    0.17    7.7     0.11 
 тысқары    
 жерлерге
 _______________________________________________________________________
 Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі.

     таблицаның жалғасы
     
      __________________________________________________
          1998 ж.         !   1999-1-жарты жылдық
      __________________________________________________
      млн.  !ҚР бойынша   !млн.   ! ҚР бойынша
      долл. !жалпы көлемге!долл.  ! жалпы көлемге
            !  %-бен      !       !   %-бен
      __________________________________________________
      5403.8    100        2026.5
      __________________________________________________
      135.8     2.5        54.6
      __________________________________________________
      103.9     1.9        28.6
      __________________________________________________
      31.9      0.6        26.0
      __________________________________________________
      81.7      1.5        29.0
      __________________________________________________
      65.1      1.2        21.8       1.1
      __________________________________________________
      16.6      0.3        7.2        0.3
      __________________________________________________
      39.2      0.7        6.8        0.33
      __________________________________________________
      31.9      0,6        5.6        0.28
      __________________________________________________
      7.3       0.1        1.2        0.05
      __________________________________________________
      6.7       0.12       3.0        0.14
      __________________________________________________
      5.7       0.10       1.2        0.06
      __________________________________________________
      1.0       0.02       1.8        0.08
      __________________________________________________
      8.2       0.15       15.8       0.8
      __________________________________________________
      1.2       0.02        -         -
      __________________________________________________
      7.0       0.13        15.8      0.8
      __________________________________________________
 
    


      Қазақстанда өз өндірісінің есебінен машина жасау өнімдеріне ішкі қажетті 50% қанағаттандыруға мүмкіндік беретін өнеркәсіптік база бар. Алайда, 1993-94 жылдары өз айналымдық қаражатының толығымен ысырап болуынан және негізгі қорларды жаңарту процесін жүзеге асыру үшін негізгі капиталға инвестицияның жоқтығынан КСРО кезінен дәстүрлі түрде өндірілетін

өнімдердің бәсекелестік қабілеті аз. Осыған байланысты республикада 
тұтынушылар машина жасау өнімдерін шетелдерден импорттайды (7-кесте). Әрі 
Қазақстанда өндірілетін және сапасы бойынша ығыспайтын, бірақ бағасы 
едәуір жоғары өнімдер де импортталады.
     
                                                          7-кесте
     
     Машина жасау өнiмдерiнiң импорты
  _______________________________________________________________________
                  !      1995 ж.       !      1996 ж.    !    1997 ж.      
                  !____________________!_________________!_______________
                  !млн. !ҚР бойынша    !млн. ! ҚР бойынша!млн. !ҚР бойынша
                  !долл.!жалпы көлемге !долл.!жалпы      !долл.!жалпы
                  !     !%-бен         !     !көлемге    !     !көлемге
                  !     !              !     !%-бен      !     !%-бен
 ________________________________________________________________________
 ҚР экспорты,     3806.7      100       4241.1   100     4300.8   100
 барлығы
 _______________________________________________________________________
 Машина жасау     1093.5     28.7       1243.9   29.3    1462.4   34.0
 өнімдерінің
 импорты     
 _______________________________________________________________________
 ТМД елдерінен    585.3      15.3       707.8    16.7    568.1    13.2     
 _______________________________________________________________________
 ТМД-ң тысқары    508.2      13.4       536.1    12.6    894.3    20.8
 жерлерден     
 _______________________________________________________________________   
 Оның ішінде:
 _______________________________________________________________________
 Машиналар,        754.2     19.8       813.9    19.2    1003.1   23.3
 жабдықтар мен
 тетіктер,
 электр, радио-,
 телеаппаратура,
 олардың
 бөлшектері мен
 керек-жарақтары
  _______________________________________________________________________
 ТМД елдерінен     370.1                438.1           337.9       
 _______________________________________________________________________
 ТМД-дан           384.1                375.8           665.4         
 тысқары
 жерлерден
 _______________________________________________________________________ 
 Жер беті, әуе,    265.0     7.0        360.0    8.5    367.7    8.5
 су көлік
 құралдары,
 олардың
 бөлшектері
 мен
 керек-
 жарақтары
 _______________________________________________________________________
 ТМД елдерінен     195.2                245.6           207.2       
 _______________________________________________________________________
 ТМД-дан           69.8                 114.4           160.5        
 тысқары   
 жерлерден
 _______________________________________________________________________
 Оптикалық,        72.7      1.9        67.5     1.6    89.3    2.1 
 фото- және
 кинемато.
 графиялық,
 өлшеу
 медициналық    
 және басқа да
 аспаптар мен
 аппараттар,
 сағаттармен,
 муз. аспаптар,
 олардың
 бөлшектері, 
 _______________________________________________________________________
 ТМД елдерінен   18.9                  21.7             21.3    14.8
 _______________________________________________________________________
 ТМД-дан         53.8                  45.8             68.0    76.8
 тысқары 
 жерлерден
 _______________________________________________________________________
 Қару-жарақтар,  1.6       0.04        2.5     0.06    2.1      0.05
 оқ-дәрілер
 және олардың
 бөлшектері
 _______________________________________________________________________
 ТМД елдерінен   18.9                  21.7            21.3          
 _______________________________________________________________________
 ТМД-дан         53.8                  45.8            68.0         
 тысқары    
 жерлерден 
 _______________________________________________________________________
 Қару-жарақтар,  1.6       0.04        2.5     0.06    2.1      0.05
 оқ-дәрілер
 және олардың
 бөлшектері
 _______________________________________________________________________
 ТМД-дан         1.6                   2.4             1.7          
 тысқары    
 _______________________________________________________________________   
 Жерлерден       0.5                   0.1             0.4
 _______________________________________________________________________   
   
 Деректер көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі.
    
     таблицаның жалғасы
     
      __________________________________________________
          1998 ж.         !   1999-1-жарты жылдық
      __________________________________________________
      млн.  !ҚР бойынша   !млн.   ! ҚР бойынша
      долл. !жалпы көлемге!долл.  ! жалпы көлемге
            !  %-бен      !       !   %-бен
      __________________________________________________
      4256.6    100        1624.8      100
      __________________________________________________
      1498.5    35.2       672.7       41.4
      __________________________________________________
      504.9     11.9       274.0       16.9
      __________________________________________________
      993.6     23.3       398.7       24.5
      __________________________________________________
      1020.1    24.0       390.3       24.0
      __________________________________________________
      231.1                84.6            
      __________________________________________________
      789.0                305.7          
      __________________________________________________
      385.0     9.0        236.0      14.5
      __________________________________________________
      257.7                184.2            
      __________________________________________________
      127.3                51.8            
      __________________________________________________
      91.6       2.2       45.9       2.8 
      __________________________________________________
      14.8                 4.9            
      __________________________________________________
      76.8                 41.0            
      __________________________________________________
      1.8       0.04       0.5        0.03
      __________________________________________________
      1.3                  0.3            
      __________________________________________________
      0.5                   2               
      __________________________________________________
 
     


      Өндiру мен тұтынудың балансын талдау (8-кесте) қазiргi уақытта машина жасау өнiмдерiнiң қазақстандық рыногының 80%-ы шетелдiк берушiлердiң тауарларымен толықтырылатындығын көрсетiп отыр.
      Қазақстандық машина жасау өнiмдерiн тұтынудың төмен үлесi жеткiлiксiз

көлемдермен ғана емес оны шығарушылардың номенклатурасымен түсiндiрiледi. 
Жоғарыда қажет болған кезде, егер бұған бiрқатар кедергi жасайтын 
факторлар болмаса, қолдануға енгiзілуi мүмкiн пайдаланылмаған қуаттардың 
үлкен резервi бары атап өтiлдi.
     Ең алдымен, бұл ұқсас шетел тауарларымен салыстырғанда қазақстандық 
бұйымдар сапасының анағұрлым төмендiгi мен құнының жоғарылығы және 
солардың салдарынан олардың бәсекелiк қабiлетiнiң төмендiгi.
     
                                                         8-кесте
     
     1998 жылы машина жасау өнiмдерiн өндiру мен тұтынудың теңгерiмi.
 _______________________________________________________________________
         Көрсеткiштер          !   млн. АҚШ        ! Жалпы көлемге 
                               !  долларымен       !қарағанда %-пен
 _______________________________________________________________________
 ҚР-дағы өндіру және жеткізiлiм     1703             100
 көлемі, барлығы
 _______________________________________________________________________
 соның iшiнде і өндiрiсiнiң         372              21.8
 өнiмдерi
 _______________________________________________________________________
 импортталатын өнімдер, барлығы    1331             78.2
 _______________________________________________________________________
 соның iшiнде ТМД елдерiнен          489             28.7
 _______________________________________________________________________
 Тұтыну көлемі, барлығы             1703             100
 _______________________________________________________________________
 соның iшiнде өз өндiрiсiнiң        252              14.8
 өнiмдерi
 _______________________________________________________________________
 iшкі рынокта                       1583              93
 _______________________________________________________________________
 Экспорт, барлығы                    120              7
 _______________________________________________________________________
 соның iшiнде ТМД елдерiне           97               5.7
 _______________________________________________________________________
 Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі



      Мәселен, республикалық кәсiпорындардың 9-кестеде көрсетiлген бұйымдарының басым көпшiлiгi Ресейден және басқа елдерден, тек қана, жақын емес, тiптi алыс шетелдерден де импортталатын ұқсас бұйымдарынан қымбат
      Бiр қатар жағдайларда бағадағы айырмашылық 40%-ға дейiн жетедi. Мұның негiзгi себебi - республикада машина жасаудың өз өндiрiсiнiң нашар дамуы: ол бүтiндей дерлiк Ресейден және басқа ТМД елдерiнен жеткiзiлетiн жинақтаушы материалдар және басқа да ресурстарға негiзделген, бұл жағдай жоғары көлiк шығындарын ескергенде, олардың неғұрлым жоғары құнын айқындайды.

     Егер қазақстандық өнiмдердi ТМД-дан тысқары елдердегi 
бәсекелестіктердің бұйымдарымен салыстырсақ, олар қазақстандықтардан 
едәуiр қымбат болса да, олардың өнiмдерiне деген үлкен сұраныс анағұрлым 
жоғары сапалық сипаттамаларымен және сенiмдiлiгiмен түсiндiрiледi. Бұдан 
басқа, шетел инвесторлары дәстүрлi серiктестерiмен көп жылғы жолға 
қойылған байланыстарын сақтауды артық көредi.
     
                                                         9-кесте
     
    ҚР-ның ішкі рыногында машина жасау өнімдерінің салыстырмалы бағалары 
                       мен тұтыну құрылымдары
  ____________________________________________________________________   
                                           !
         Қазақстандық өнім                 !  Ұқсас бұйымдарды
  _________________________________________!  дайындаушылар
  Дайындаушы! Бұйымның атауы    !Бұйым     !
            ! мен тұрпаты       !бірлігінің!
            !                   !бағасы,   !
            !                   !доллар.   !
            !                   !мен       !
  ____________________________________________________________________ 
       1              2              3                  4
 _____________________________________________________________________
 "Востокмаш !Экскаваторлар,     !1150-1300 !Ресей зауыттары
 зауыты" АҚ,!ұсақтағыштар,      !          !
 Өскемен    !диірмендер үшін    !          !
 қаласы     !қосалқы бөлшектер  !          !
            __________________________________________________________
            !Д-105, 110, 130    !  40-50   !Қыштым маш. зауыты, Ресей
            !бұрғы қаптамалары  !          !
            __________________________________________________________
            !d244, 50, КІІВ     ! 450      !Ресей, Украина
            !1)244, 5 КІІ қашауы! 450      !
            __________________________________________________________
            !Жерасты жұмыстарына!120000    !"Тамрок", Финляндия
            !арналған бір шөміш.!          !"Вагнер", АҚШ, "Атлас-Копко",
            !ті фронталды жүк   !          !Швеция
            !тиегіштер          !          !
            __________________________________________________________
            !Өздігінен жүретін  !78000     !  -//- 
            !бұрғылау машиналары!          !
            __________________________________________________________
            !Жер асты           !63700     !  -//-   
            !автосамосвалдары   !          !
 _____________________________________________________________________
 "Тыныс" АҚ,!ОУ2                !          !Ресей зауыттары      
 Көкшетау   !ОУ5                !17.4      !
 қаласы     !өртсөндіргіштері   !27.5      !
            __________________________________________________________
            !Газсығымдағыш      !1.69      !Ресей және Беларусь 
            !арматура           !          !зауыттары
 _____________________________________________________________________
"Тыныс" ААҚ,!Суық және ыстық су !12.0      !Ресей                
 Көкшетау   !есептегіштер       !          !
 қаласы     !                   !          !
 _____________________________________________________________________
 "Мұнайгаз. !Ду150(Ру-25)       !          !
 маш" АҚ,   !Ду100(Ру-25) сыналы!125.0     !"Благовещенск арматура
 Өскемен    !сырмалары          !          !зауыты" ААҚ-мы
 қаласы     !                   !131.0     !"Югокаменск машзауыты" ААҚ
            __________________________________________________________
            !Фонтанды арматура: !          !
            !АФК 1-65х21        !3150.0    !"Станомаш"
            !АФК 3-65х21        !4100.0    !Челябинск қаласы
            __________________________________________________________
            !Таған жабдықтары:  !          !      -//-
            !ОКК1-21-146х245    !1700      !
            !ОКК1-21-268х245    !1700      !
 _____________________________________________________________________
"ПАЖМЗ" ААҚ,!Балалар, жасөспі.  !          !
 Петропавл  !рімдер велосипед.  !30.77     !Ресей зауыттары
 қаласы     !тері               !46.16     !
            __________________________________________________________     
            !Мұнай өндіруге     !          !
            !арналған жабдықтар:!          !     
            !көтергіш қондырғы  !125000    !Ресей зауыттары
            !бу қондырғысы      !55000     !
            __________________________________________________________
            !Темір жол жабдықта.!          !
            !ры: рельс бұрғылау !220.0     !"Калугатрансмаш" ААҚ
            !станогы            !          !
            ! Рельс кескіш      !467.0     !
            !станок             !          !
            !Рельс көтергіш     !319.23    !
            !Таркөз рихталағыш  !138.47    !"Ремпутьмаш" АҚ, Калуга қ.
            !темір жол домкраты !169.23    !  
 _____________________________________________________________________
 "Киров     !Электр тетікші     !          !
 атындағы   !есептеуіштер:      !          !
 ОБ" ААҚ,   !Бір тарифті        ! 22.7     !Ресей зауыттары
 Алматы     !үш фазалы бір және ! 40.9     !
            !екі тарифті        !          !
 _____________________________________________________________________
 "Электроап.!Майлы сөндіргіштер !1488-1710 !"Уралэлектротяжмаш" АҚ,
 парат" ААҚ,!                   !          !Ресей, "АВВРЗВА", БК 
 Шымкент    !                   !          !Украина
 қ-сы       !                   !          !
 _____________________________________________________________________
 "Астана-   !Дестелегіштер      !4610.0    !Ресей зауыттары
 технопарк",!Сепкіштер          !1540.0    !
 Астана     !Фронтальды шалғылар!138.0     !
 қаласы     !Бүріккіштер        !2740.0    !
 _____________________________________________________________________
            !Аспалы жабдықты    !3850.0    !Ресей зауыттары
            !шағын тракторлар   !          !
 _____________________________________________________________________
 "Қазақстан.!3-те сыныпты шын.  !10500.0   !Волгоград және
 трактор"   !жыр табан трактор. !          !Алтай трактор зауыттары
 ААҚ        !лар                !          !
 Павлодар   !                   !          !
 қаласы     !                   !          !
            __________________________________________________________
            !Ұнтақтағыш шарлар  !285.0     !Ресей зауыттары 
 _____________________________________________________________________
 "Мұнайшы", !Штангілі малынған  !          !
 АҮАҚ       !мұнай насостары    !616-1200  !Ресей, Әзірбайжан
 Петропавл  !                   !          !
 қ-сы       !                   !          !
            __________________________________________________________
            !СВТ үлгісіндегі жылу!         !
            !энергиясын есептеу !          !
            !приборлары         !1750      !Ресей, Германия
            __________________________________________________________
            !СВА тұрпатты шығын !          !
            !есептегіштер       !808       !Ресей, Германия               
 _____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
     
 _____________________________________________________________________
 Шетелдің ұқсас бұйымдарының құны! Қазақстан Республикасының ішкі
                                 !рыногын иемдену, % (1998 ж.)
 _____________________________________________________________________
  Бұйым бірлігінің бағасы        !қазақстандық! импорттаушы елдің     
 ________________________________!    өнім    ! импорттық өнімдері        
 доллармен!Қазақстандық бұйымдар.!            !
          !дың бағасына қарағанда!            !
          !%-пен                 !            !
 _____________________________________________________________________
    5               6                 7                      8
 _____________________________________________________________________
 900-1000 !    78.2-76.9%        !    57%     ! 43% - РФ 
 _____________________________________________________________________
 30-35    !    60-87.5%          !    0%      ! 100% - РФ
 _____________________________________________________________________
 350-500  !   77.7-111%          !   10%      ! 90% - РФ, Украина, АҚШ
 _____________________________________________________________________
 240000-  !   200-233%           !   40.8%    !59.2%-Финляндия, 
 280000   !                      !            !АҚШ, Швеция
 _____________________________________________________________________
 125000   !    160.2%            !     0%     ! 100% -//-
 _____________________________________________________________________
 240500   !    377.5%            !     0%     ! 100%  -//-
 _____________________________________________________________________
          !                      !   13.3%    ! 86.7% - РФ    
  11.9    !  68.4%               !            !
  18.43   !  67.05               !            !
  1.42    !  95.3%               !   23.2%    ! 76.8% - РФ, Беларусь
 _____________________________________________________________________
  9.86    !  82.1%               !   10%      !90% РФ, Франция, 
          !                      !            !  Германия      
 _____________________________________________________________________
  89.0    ! 59.3%                !  20%       ! 80% - РФ
  92.0    ! 70,2%                !            !
 _____________________________________________________________________
  1808.0  ! 57.4%                !    0%      ! 100% - РФ
  2200.0  ! 53.6%                !    0%      !
 _____________________________________________________________________
  2017    ! 118.6%               !    0%      ! 100% - РФ
  2017    ! 118.6%               !    0%      ! 100% - РФ 
 _____________________________________________________________________
  20.0    !    65%               !    0%      ! 100% - РФ
  27.18   !  58.9%               !    0%      !           
 _____________________________________________________________________
  46922   !  37.5%               !    0%      ! 100% - РФ
  21600   !  39.2%               !    0%      !           
 _____________________________________________________________________
  152.0   !  69.0%               !    0%      ! 
  304.0   !  65.9%               !    0%      ! 
  417.0   ! 130.6%               !   15%      ! 
  217.0   ! 156.7%               !    0%      ! 
  250.0   ! 147.7%               !    0%      ! 100% - РФ
 _____________________________________________________________________
  22.72   ! 100.0%               !            !
          !                      !   15%      ! 85% - РФ
  35.45   ! 86.7%                !            !
 _____________________________________________________________________
  3000-   ! 175-268%             ! 100%       !      0%
  4000    !                      !            !
 _____________________________________________________________________
  2200.0  ! 47.7%                !мәлімет жоқ !мәлімет жоқ
  780.0   ! 50.6%                !            !
  62.0    ! 45.0%                !            !
  1232.0  ! 45.0%                !            !
 _____________________________________________________________________
  3490.0  ! 90.6%                !мәлімет жоқ !мәлімет жоқ
 _____________________________________________________________________
  9000.0  ! 85.7%                ! 61.0%      ! 39.0% - РФ
 _____________________________________________________________________
  280.0   ! 98.2%                ! 60.0%      ! 40.0% - РФ
 _____________________________________________________________________
 678-1400 ! 110-116%             ! 14.2%      ! 85-8 - РФ, Әзірбайжан 
 _____________________________________________________________________
                                 ! 7.0%       ! 93.0% РФ, Германия
 _____________________________________________________________________
                                 ! 3.0%       ! 97.0% РФ, Германия
 _____________________________________________________________________
 
              


      Қазақстандық машина жасау өнiмiнiң едәуiр мөлшердегi бәсекелiк қабiлетсiздiгi оны жетiлдiрудiң төмен қарқынымен немесе мүлде жоқтығымен түсiндiрiледi. Шығарылатын өнiм үлгiлерiнiң көпшiлiгi өндiрiске кеңес уақытында жiберiлген, техникалық және пайдалану көрсеткiштерi, дизайны, сенiмдiлiгi мен ұзақтығы, қызмет көрсетуге жайлылығы бойынша шетелдiк ұқсас өнiмдерден елеулi ығысады. Сол себептен де, мысалы, фин, американдық немесе шведтiк өндiрiстiң кен өндiру машиналары бағасының едәуiр қымбаттығына (2-4 есе) қарамастан, "Востокмашзауыт" АҚ шығаратын осы мақсаттағы техниканы қазақстандық рыноктан толықтай ығыстырып шығарды.
      90-жылдардың басталуынан берi машина жасау өндiрiсiнiң инфрақұрылымы толық дерлiк жойылды - бiрнеше ондаған жобалау, конструкторлық-технологиялық және ғылыми-зерттеу институттары, оның iшiнде жоғары бiлiктi ұйымдар санатына жататындары да, жабылды. Көптеген қатардағы орталықтар, бюролар мен басқа да сертификаттау, стандарттау және норманы бақылау, кадрлар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн көтеру, тәжiрибелiк-экспериментальдық базалар және т.б. объектiлерi таратылды.
      Мұнымен бiр мезгiлде, жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында, қалған жобалау және басқа ұйымдарында штаттарды қысқарту, кадрларды жасарту және жаңарту жөнiндегi көптеген науқандар өткiзiле бастады. Жағдай, сондай-ақ жұмысшыларды жұмыстан шығарумен ұласқан жаппай сипат алған кәсiпорындардың уақытша және толық тоқтауымен (1993-1994 жж. машина жасау кешенi зауыттарының 40-45 % дейiнi бiр мезгiлде) шиеленiстi.
      Жұмысшылар мен орта буын мамандарын даярлауды жүзеге асыратын көптеген оқу орындары жабылды, жоғары бiлімнiң машина жасау мамандықтарының номенклатурасы мен сақталып қалған мамандықтар бойынша оқуға қабылдау жоспары қысқарды.
      Осының барлығының салдарынан республика машина жасау ғылыми-техникалық әлеуетiнiң едәуiр бөлiгiнен айырылды, осы саланың жоғары бiлiктi мамандары мен жұмысшыларының едәуiр бөлiгi елiмiздi тастап кеттi.
      Машина жасау өндiрiсiнiң техникалық және технологиялық деңгейiне, оны жаңғыртуға және техникалық-экономикалық көрсеткiштерiн арттыруға жекелеген кәсіпорындардағы және жалпы елiмiз бойынша өнертапқыштық және рационализаторлық қызмет жағдайы көп әсер етедi.
      Республикадағы өнертапқыштықты патенттеу және авторлық құқықты қорғау мәселелерi осы мақсаттағыларға ұқсас бұрынғы мекемелердiң негiзiнде құрылған, бiрақ өзiнiң қызметiн ақылы көрсететiн "Казпатент" АҚ-ның қарамағына берiлдi.
      Өтiнiш берушi (өнер табыс авторы - заңды немесе жеке тұлға) өтiнiмдi қабылдау және алдын ала жасау, патенттi ресiмдеу және беру үшiн, патент алдын күшiнде ұстап тұру үшiн жыл сайын 5 жыл бойы, бұдан кейiн - патенттi ресiмдеу және беру үшiн және 20 жыл бойы жыл сайын, - оны күшiнде ұстап тұру үшiн "Казпатент" АҚ-на төлем жасайды.
      Халықтың басым көпшiлiгi, оның iшiнде техникалық зиялы қауым кiрiстерi төмен санатқа жатқызылғанда, ал кәсiпорындар мен ұйымдар негiзiнен төлеуге қабiлетсiз жағдайда, патенттеудiң ақылы қызмет көрсетуiн енгiзу өнертапқыштық қызметтi толық тоқтатумен ғана емес, мемлекеттiң өзiнiң заңды және жеке тұлғаларының авторлық құқықтарын жоғалтуымен де уақытылы емес және қауiптi.
      Отандық машина жасау өндiрiсiн дамыту және оның ғылыми-техникалық деңгейiн көтеру мүддесiнде мемлекет патенттiк құжаттаманы ресiмдеу және оны құқықтық қорғау жөнiндегi барлық шығындарды өзiне алып қана қоймай, өнертапқыштық қызметтi көтермелеудiң, қазiргі заманғы материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықталған патенттiк-техникалық ұйымдар желiсiн кеңейтудiң тиiмдi шараларын енгiзуге тиiстi.
      Қазiргi жұмыс iстеп тұрған қазақстандық кәсiпорындардың көпшiлiгi үшiн бәсекелесуге қабiлеттi машина жасау өнiмiн өндiрудi өз бетiмен игеру бүгiнгі күнi iс жүзiнде шешiлмейдi.
      Мәселе қолда бар өндiрiстiк қуаттарды жұмыс iстейтiндей қалыпта ұстап тұру және бұрын игерiлген өнiмдi үздiксiз шығаруды қамтамасыз ету үшiн олардың қажеттi айналым қаражаттарының жоқтығында ғана болып тұрған жоқ.
      Проблема едәуiр күрделi және оны шешу үшiн тек машина жасау кешенiнiң кәсiпорындары мен инфрақұрылымын түпкiлiктi қайта жаңғыртуды, дүние жүзiнiң жетекшi фирмаларымен ең жетiлдiрiлген және қазiргi заманғы технологиялар трансфертiмен бiрлескен кәсiпорындар мен өндiрiстердi құру жолына көшiрудi жүзеге асыру да жеткiлiксiз. Ол үшiн металл мен металдан жасалған бұйымдардың жоғары сапалы және әртүрлi, бүгiнгi заманғы полимерлi, тоқыма, резина техникалық, оптикалық және басқа да материалдармен және бұйымдармен, энергия тасымалдаушылармен және т.б. бәсекелесуге қабiлеттi өнiм шығару үшiн қажеттi жаңғыртылатын машина жасау өндiрiсiнiң мұқтаждықтарын қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсiптiң сабақтас салаларында қайта құруды бiр мезгiлде жүргiзу керек.
      Бұл, өз кезегiнде, өнеркәсiптің машина жасау және аралас салаларын жоғары бiлiктi мамандармен және жұмысшылармен, ғылыми-техникалық және жобалау-конструкторлық әзiрленiмдердiң сапасына қойылатын талаптардың мүлде жаңа жоғары деңгейiн, сондай-ақ олардың құқықтық қорғалуын шұғыл қамтамасыз етудi, өнiмнiң жаңа түрлерiн және т.б. шығару кезiнде бөтен әзiрленiмдердi пайдалануға арналған лицензиялар сатып алуды талап етедi.
      Машина жасау сияқты барлық өнеркәсiп өндiрiсiн көтеру үшiн де республика айрылған ғылыми-техникалық және кадрлық әлеуетін қалпына келтiрiп қана қоймай, елеулi көбейту мiндетiн шұғыл шешу қажет.
      Жалпы, Қазақстанның машина жасау кешенiнiң қазiргi жағдайына баға берудiң нәтижесi мынаған саяды:
      1. Қазiргi уақытта машина жасау кешенiнiң үлесiне өнеркәсіптiк-өндiрiстiк негiзгi қорлардың кемiнде 5%, өндiрiстiк мақсаттағы негiзгi капиталға кететiн инвестициялар көлемiнен барлығы 0,6% және жыл сайын енгiзiлетiн ӨӨНҚ құнынан 0,86%, өнеркәсiптiк-өндiрiстiк қызметшiлерi жалпы санының 11% жуығы, өндiрiлетiн өнiмнiң жалпы көлемiнiң 4%-нан кемi келедi.
      2. Машина жасау кешенiнiң барлық түрлерi бойынша дерлiк негiзгi қорлардың тозу дәрежесi 44-45%, оның iшiнде активтi бөлiгiнiкi 80-90%-ға жетті. Көптеген кәсiпорындарда негiзгi қорларды жаңарту коэффициентi 1-3%, ал олардың шығып қалу коэффициентi 9,6%-ға дейiн құрайды. Осының салдарынан ӨӨНҚ құны соңғы бiрнеше жылда жыл сайын 7-8% қысқаруда.
      Мұнымен бiрге, кәсiпорындардың көпшiлiгiнiң қолда бар өндiрiстiк қуаттарды пайдалануы шығарылатын өнiмге деген сұранымға төлем жасау қабылетiнің төмен болуына байланысты өндiрiстiң көптеген түрлерi бойынша 10-15%-нан аспай отыр.
      3. Соңғы 8-9 жылда машина жасау кәсiпорындарының саны 2 еседен астамға қысқарды. Машина жасау кәсiпорындарының жалпы санында машина жасау өнiмiнiң түпкiлiктi түрлерiн шығаратын зауыттар тек қана 5,4 % құрайды. Бұл ретте олардың әрқайсысы дерлiк - өз өндiрiсiнiң саласында монополист.
      4. Республикада машина жасау өнiмiнiң үлесiне экспорттың жалпы көлемiнiң 3%-ға жуығы және импорттың 41%-дан астамы келедi.
      5. Машина жасау 1997 жылдан бастап залалды болып табылады. Залалдылық деңгейi 1997 жылғы 0,8%-дан 1999 жылдың 1-тоқсанында 12 %-ға дейiн жеттi.
      6. Машина жасау өнiмiнiң республикалық iшкi рыногында қазақстандық өндiрiс бұйымдарының үлесi 15% құрайды, елдiң қажеттерiнiң қалған 85% шетелдiк (негiзiнен ресейлiк) жеткiзiлiмдер есебiнен жабылады.
      7. Қазақстандық өндiрiстiң машина жасау өнiмiнiң ұқсас шетелдiк бұйымдармен салыстырғандағы бәсекелiк қабiлетсiздiгiнiң негiзгi себептерi - өз кезегiнде республика кәсiпорындарының көпшiлiгiндегi қолданылып жүрген ескi өндiрiс технологияларының жетiлдiрiлмеуi, импортталатын жинақтаушы материалдарды, энергия көздерiн және т.б. шектен тыс пайдаланудың жоғары үлесiнен туындаған оның неғұрлым жоғары құны және төмен сапасы. Бұдан басқа, отандық зауыт бұйымдарының басым бөлiгi моральдық ескiрген және техникалық әрi пайдалану көрсеткiштерi бойынша шетелдiк ұқсас бұйымдардан әлдеқайда артта қалып отыр.
      8. Қазiргi уақытта Қазақстанның машина жасауында iс жүзiнде дамудың, шығаратын өнiмiнiң техникалық деңгейi мен бәсекелiк қабiлетiн көтерудiң өзiндiк iшкi көздерi жоқ толыққанды өндiрiстiк инфрақұрылымы мен қазiргі заманғы ғылыми-техникалық базасы жоқ. Кадрлық әлеует ысырабы жалғасуда.

       2. Қазақстанның машина жасауын дамытудың жалпы тұжырымдамасы

      Машина жасау саласының даму деңгейi, елдiң және халықаралық қоғамдастық экономикасындағы оның рөлi мемлекеттiң индустриалдық қуаты мен ғылыми-техникалық жетiстiктерiнiң, оның дүниежүзiлiк шаруашылық кешенiндегi орнының негiзгi көрсеткiшi болып табылады.
      Өңдеушi және қайта өңдеушi салалардың мұқтаждықтарына нұқсан келтiрумен кен өндiрушi өнеркәсiпке бағдарланған өнеркәсiптiк саясатты одан әрi жалғастыра беру экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда, келешегi жоқ және елдiң болашағы үшiн ең ауыр зардаптарымен қауiптi.
      Таяудағы 5-7 жыл iшiнде мыналарды:
      - сапа деңгейi мен құндық параметрлерi бойынша ең жақсы шетелдiк үлгiлерден кем түспейтiн машина жасау мен өзге де ғылымды қажетсiнетiн өнiмнiң түпкiлiктi түрлерiнiң номенклатурасы мен шығару көлемiн едәуiр ұлғайту;
      - қазақстандық кәсiпорындарға машина жасау өнiмiнің жоғалтып алған ішкі рыногын импортты тарифтiк және тарифтiк емес реттеу есебiнен ғана емес, тауар және қызмет көрсетудiң салауатты рыноктық бәсекесi, отандық өндiрiстi қолданылып жүрген заңнама шеңберiнде терiс пиғылды бәсекеден қорғау нәтижесiнде қайтару;
      - бiлiктi жұмысшы кадрларды сақтай және ұдайы арттыра отырып, қалпына келтiрiлетiн немесе жаңадан құрылатын жұмыс орындарын көбейту;
      - республикада, атап айтқанда, ғылыми-техникалық сараптау, аккредитациялау, сертификаттау, стандарттау, ақпарат және т.б. орталықтар желiсi сияқты объектiлер кiретiн машина жасау өндiрiсiнiң дамыған инфрақұрылымын құру;
      - отандық машина жасаудың интеллектуалдық әлеуетін жоспарлы түрде арттыру оның сапа бойынша дүниежүзiлiк стандарттар талаптарына сай жаңа технологиялар мен ғылымды көп қажетсiнетiн өнiм шығаруға көшуiне қажеттi қазiргi заманғы ғылыми-техникалық, конструкторлық-технологиялық және ақпараттық база қалыптастыруды қамтамасыз ету үшiн қазiрдiң өзiнде, елдiң экономикалық бағытын кен өндiрушi салаларды басым дамыту саясатынан өңдеушi және қайта өңдеушi өнеркәсiптiң өндiрiстiк және ғылыми-техникалық әлеуетiн, бiрiншi кезекте, машина жасауды интенсивтi арттыру жолына түсуге шешушi бетбұрыс жасауды бастау қажет. Жоғарыда аталған мiндеттердiң бүкiл кешенiн табысты шешу елдiң әлеуметтiк-экономикалық деңгейiнiң одан әрi артуының, оның индустриалды дамыған елдер қатарына тең құқықты әрiптес ретiнде бiртiндеп кiрудiң негiзiн қалауға мүмкiндiк бередi.
      Мұнымен бiрге, жалпы әлеуметтiк-экономикалық жағдайды, инвестициялық ахуалды, түрлi қаржыландыру көздерiнiң есебiнен қаражатты тарту мүмкiндiктерiн ескере отырып, республиканың машина жасау кешенiн қолдау мен көтеру болашағына нақты баға беруге тура келедi.
      Машина жасау кешенiнiң ұзақ мерзiмдi стратегиясын iске асырудың бiрiншi сатысында жеткiлiктi мөлшерде шағын және нақты басымдықтар бөлiнiп алынуы тиiс. Бiр жағынан, өте қысқа мерзiм iшiнде саланы сақтап қалуды және аяғынан тiк тұрғызуды қамтамасыз ететiн сала мен өндiрiстiң нүктелерiн және бағыттарын анықтау қажет, екiншi жағынан, оның қайта өркендеуi мен жедел дамуы үшiн бүкiл өнеркәсiптiк өндiрiстiң шешушi түйiнi ретiнде республиканың бүкiл экономикасын техникалық қайта жарақтаудың және жаңғыртудың негiздерiн құрайтын база жасау қажет.

      3. Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi мен басымдықтары

      Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасының негiзгi мақсаты iшкi өндiрiстi кеңейту және өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы бәсекелесуге қабiлеттi өнiм шығару, елдiң экономикасын қажеттi машиналармен, жабдықтармен және қосалқы бөлшектермен, кепiлдендiрiлген және кепiлден кейiнгi сервистiк қызметпен қамтамасыз ету, импортты алмастыру және экспорт үшiн мүмкiндiктердi ұлғайту.
      Қойылған мақсаттарға сәйкес Бағдарлама мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
      - машина жасау өнімiн өндiрудi дамытудың әлеуеттi мүмкiндiктерiн, iшкi және сыртқы рыноктардағы оған деген ықтимал сұранымды айқындау;
      - қордаланған өндiрiстiк әлеуеттi, ғылыми-техникалық және білiктi жұмысшы кадрлар мен өнiм сату рыноктарын ескере отырып, неғұрлым келешегi бар өндiрiстер мен оларды орналастыру мүмкiндiктерiн айқындау, жоғары технологиялы, iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекелесуге қабілеттi өнiм шығаруды қамтамасыз ететiн неғұрлым тиiмдi кәсiпорындарды iрiктеп инвестициялық қолдау көрсету;
      - нақты тұтынушыларға бағдарланған машина жасау өнiмiн өндiрудi дамыту халықаралық кооперацияны кеңейту үшiн жағдай жасау; әлемнiң жетекшi фирмаларымен бiрлескен кәсiпорындарды және өндiрiстердi құруға, өндiрiстердi техникалық жаңартуға және дамытуға инвестициялар мен қаржыландыру тартуға көмектесу;
      - озық технологияларды, жаңа ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамытуды көтермелеу, өндiрілетiн өнiм номенклатурасын жаңарту және кеңейту, сапаны арттыру, өндiрiс шығындары мен бағаны төмендету, сатуға алдын ала дайындаудың, сатудың және сатудан кейiнгi қызмет көрсетудiң қазiргi заманғы әдiстерiн игеру есебiнен оның бәсекелестiк қабілетінiң артуын қамтамасыз ету;
      - ішкі және сыртқы рыноктардағы отандық өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету үшін нормативтiк құқықтық базаны, салықтық және кедендiк режимдi жетiлдiру;
      - отандық экономиканың машина жасау және металл өңдеу өнімiнiң импортына дағдарысты тәуелділiгiн еңсеру, iшкi рынокты отандық өндiрiстiк жоғары сапалы тауарларымен қанықтыру;
      - тауарлардың жекелеген түрлерi бойынша iшкi тауар рыногының ашықтық дәрежесiн реттеу, отандық тауар өндiрушілердi терiс пиғылды импорттан қорғау, отандық тауарларды дүниежүзiлiк тауар рыноктарына жылжыту, елдiң сауда теңгерімiн жақсарту;
      - кәсiпорындардың қаржы-экономикалық жағдайын сауықтыру, салаларға инвестициялар тарту және кәсiпорындарды екiншi деңгейдегi банктердiң несиелендiруi үшiн жағдайлар жасау;
      - кәсiпкерлерге өндiрістi ұйымдастыру мен дамыту нормативтiк-техникалық құжаттаманы ресiмдеу жөнiнде техникалық, технологиялық және әдiстемелiк көмек көрсету.

      Бағдарламаны iске асыру мен басымдықтарды және нақты жобаларды таңдаудың негiзгi принциптерi:
      - iшкi және сыртқы рынокта өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету;
      - өнiм өндiрудiң экономикалық тиiмдiлiгi;
      - компьютерлiк технологияларды пайдалануға бағдарланған ғылыми-негiздемелi әдiстерде машина жасау кешенiн қайта құру жөнiнде шешiмдер қабылдаудың негiзiн жасау;
      - Бағдарламаны қолда бар қаржы ресурстарына қарай iске асырудың кезеңдiлiгi болып табылады.
      Қаржы ресурстарын ұтымды және тиiмдi пайдалану жобаларды iске асыруда басымдықтарды баса көрсету қажеттiлiгiн алдын ала айқындайды.
      Жаңа өндiрiстердi құру бiрiншi кезеңде едәуiр инвестицияларды қажет ететiндiгi ескерiле отырып, осы Бағдарлама шеңберiнде машина жасауды қалпына келтiру кешеннiң қазiргi өндiрiстiк кәсiпорындарының базасында қамтамасыз етілетiн болады.
      Жүргiзілген талдауға және республиканың өнеркәсiптiк және агроөнеркәсiптiк кешендерiн дамыту бағыттары бойынша бұрын әзiрленген құжаттарды ескере отырып, осы Бағдарламаның басымдықтары мен басым кiшi бағдарламалары ретiнде мыналар қарастырылады:
      - трактор және ауылшаруашылығы машинасын жасау, оның iшiнде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеумен айналысатын салалар үшін жабдық және қосалқы бөлшектер өндiрiсi;
      - көлiк машинасын жасау, оның ішінде цистерналарды, вагондарды, жол жұмыстарын жүргiзуге арналған техниканы, контейнерлерді, жол үстін салу бөлшектерiн, темiр жол көлiгiне арналған жабдық пен қосалқы бөлшектер өндiрiсi;
      - мұнай-газ өндіру және мұнай-газ өңдеу өнеркәсiбіне арналған машина жасау;
      - тау-кен металлургиялық кешенiне арналған жабдық өндiрiсi.

      Машина жасаудың басқа салаларында (автомобиль жасау, приборлар жасау, медициналық және т.б. машина жасау) басымдықтарға iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекелестiк қабiлеттi, өткiзуге жоғары кепiлдiгi бар жоғары технологиялы, техникалық жағынан қазiргi заманға сай өнiм өндiрудi қалпына келтiру және ұйымдастыру жөнiндегi жекелеген жобалар жатқызылуы мүмкiн.
      Қолда бар өндiрiстiк базада ("Қазақстантрактор" ААҚ, Павлодар қаласы, "Астана-Технопарк" ААҚ, "Қызылордакүрiшмаш" ААҚ, "Оралагромаш" ААҚ, "Поршень" Алматы зауыты" ААҚ және т.б.), сондай-ақ қорғаныстық өнеркәсiп кәсiпорындарын таяу болашақта конверсиялау процесi кезiнде трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды қалыптастыру мен дамытудағы басым бағыттар:
      - астық өндiрiсi мен қайта өңдеуге арналған машина мен жабдық жасауды әзiрлеу мен шығаруды игеру;
      - трактор өндiрiсiн реформалау және дамыту, жаңа Т-95.4 шынжыр табанды трактор өндiрiсiн ұйымдастыру;
      - доңғалақты тракторлар бiрлескен өндiрiсiн ұйымдастыру;
      - бiрлескен астық жинау комбайндар өндiрiсiн ұйымдастыру;
      - жемшөп жинау комбайндары өндiрiсiн реформалау және дамыту;
      - жердi өңдеу және ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға арналған техника шлейфiн әзiрлеудi және шығаруды ұйымдастыру;
      - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеумен айналысатын салалар үшiн жабдықтар мен қосалқы бөлшектер өндiрiсi болып табылады.

      Көлiк машинасын жасау, оның iшiнде локомотивтер, темiр жол цистерналарын, вагондарды, жол жұмыстарын жүргiзуге арналған техника, контейнерлердi, жол үстi құрылысының бөлшектерiн, темiр жол көлiгiне арналған жабдық пен қосалқы бөлшектер өндiрiсi өндiрiстiк қуаттары мен мамандандырылған және конверсияланған зауыттардың кадрлар әлеуетiн пайдалануға негiзделедi.
      Қолда бар есептер "Петропавл ауыр машина жасау" зауыты АҚ-ның базасында Солтүстiк Қазақстанның, Оралдың, Алматының, сондай-ақ Алматы, Астана, Жамбылдағы мамандандырылған зауыттардың конверсиялық кәсiпорындарымен тығыз өзара iс-қимылда вагон жасауды ұйымдастырудың орындылығын көрсетіп отыр. Технологиялық әлеуеттi пайдалану мақсатында шетелдiк әрiптестер ретiнде Тверь зауытын (жолаушылар вагондары бойынша), Нижний Тагиль вагон зауытын (жүк вагондары бойынша), "Уралвагонзауыты" АҚ (темiр жол цистерналары), сондай-ақ батыс компанияларын тарту қажет.
      "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның қолда бар өндiрiстiк қуаттары мен Қазақстанның машина жасау кәсiпорындарында еуропалық, американдық, ресейлiк фирмаларды қатыстыра және отандық өндiрiс материалдары мен өнiмдi кеңiнен пайдалана отырып, локомотивтердi жинастыруды, жол жұмыстары, контейнерлер өндiрiсi үшiн техника шығаруды ұйымдастыру орынды.
      Таяу болашақта қазақстандық кәсiпорындардың Энергетика, индустрия және сауда, Көлiк және коммуникациялар министрлiктерi 2000 жылдың 12 қаңтарында бекiткен "Отандық тауар өндiрушiлерден 2000-2003 жылдарға жабдық, тетiктер, қосалқы бөлшектер, аспаптар, материалдар алуға "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның тапсырыстарын орналастыру бағдарламасы" шеңберiнде, соның iшiнде дебиторлық берешектер есебiнен де, жылжымалы құрам мен жол құрылысын жөндеуге және пайдалануға арналған жабдықтар мен қосалқы бөлшектер шығару жөнiнде "Қазақстан темiр жолы" РМК-мен ынтымақтастықты дамыту тиiмдi.

      Мұнайгаз өндiру және мұнай-газ өңдеу кәсiпорындарына
      арналған машина жасау

      Мұнай мен газ Қазақстан экономикасының жетекшi секторы болып табылады және бұл басымдық ұзақ жылдарға сақталады. Iрi мұнай жобаларының iске асырылуы, қазiрдiң өзiнде Қазақстанды мұнайгаз жабдықтарының болашағы бар жаңа рыногы етiп отыр.
      Мұнай-газ саласын дамыту төрт шешушi жобаларға: Теңiз, Қарашығанақ, Каспий труба құбыры мен Каспий айдынының Қазақстандық секторындағы шельфiне негiзделiп отыр. Бұл ретте, әдеттегiдей, жабдыққа жұмсалатын шығындар жоба құнының шамамен жартысын құрайды.
      Тек қана Қарашығанақ пен Теңiз бойынша 2000-2003 жылдары жабдықтар сатып алуға инвесторлар 2,6 млрд. доллардан астам, соның iшiнде Қарашығанақтан Ақтауға дейiн мұнай құбырын салуға 400 млн. АҚШ долларын жұмсайды.
      Шығыс Қашағанда әлемдегi аса iрi кен орнының ашылуы мұнай-газ машина жасауды жедел дамытуға жаңа серпiн берiп отыр. Бiрнеше өңдеушi зауыттар құрылысын қамтитын Атырау аймағындағы салалық инфрақұрылымды дамыту жобасының тек бiрiншi кезегiнiң құны 240 млн. АҚШ доллары тұрады.
      "Қазақойл-Ембi" ААҚ-да 2002 жылға қарай Орталық Шығыс Прорва кен орынында мұнай өндiру көлемi жылына 140 мың тоннаға жеткiзудi жоспарлап отыр. Жобаны iске асыру үшiн жоспарланып белгiленген 16 млн. АҚШ долларын игеру үшiн 75% жабдықтар мен бұрғылау станоктарын сатып алуға жұмсалады.
      Бұл ретте жергiлiктi климаттық және геологиялық жағдайлар мен қызметшiлердiң бiлiктiлiгiне сай келетiн Қазақстанның жабдықтары мен жинақтаушы бұйымдарын мүмкiндiгінше көптеп сатып алуға бағдарлау неғұрлым тиiмдi жол болмақ.
      Қазiргi уақытта мұнай-газ өндiрушi және қайта өңдеушi кәсiпорындардың техника мен жабдыққа қажетi 500-700 млн. АҚШ долларын құрайды. Бұл орайда мұнай және газбен жабдықтаудың iшкi рыноктың тауарлық ресурстары үлесi 90%-дан артық құраған импорт есебiнен қалыптасқан едi.
      Қазақстан рыногында жұмыс істейтін мұнай-газ компаниялары импорттайтын техника мен жабдық номенклатурасының талдауы отандық машина жасау кәсіпорындарының қолда бар пайдаланылмайтын әлеуетін көрсетіп отыр.
      Осыған байланысты қазіргі қолда бар машина жасау және конверсиялық кәсіпорындар - "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ, "ЗИКСТО" АҚ, "Мұнаймаш" АҚ (Петропавл қ.), "Орал арматура зауыты" АҚ, "Зенит" АҚ (Орал қ.), "Шығысмашзауыт" АҚ, "Мұнайгазмаш" АҚ (Өскемен қ.), "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ, "Белкамит" БК АҚ, "Машина жасау зауыты" ААҚ, "Имстальком" ААҚ (Алматы қ.), "АтырауМұнайМаш" ЖШС, "Семей арматура зауыты" ААҚ, "Қазақстанкабель" ЖШС (Семей қ.), "Қазақстанэнергокабель" ААҚ (Павлодар қ.) және басқаларының базасында:
      - скважиналардың қаңқасы үшін жабдықтарды, соның ішінде фонтандық және бекітпелік арматураларды, тіректік ұштықтарды, қайтпалы жапқыштарды, атқылауға қарсы және басқа жа жабдықтарды;
      - бұрғы шапқыларын, суда бұрғылау қондырғыларын, инклинметрлік модульдерді;
      - жетілдірілген тербелгіш станоктарды;
      - скважиналық штангалық, малынғыш және насостардың басқа да түрлері мен насостық агрегаттарды, насостық штангаларды;
      - ректификациялық бағандарды, трубалық тармақтар мен жылу алмастырғыштарды, криогендік танктерді;
      - механикаландырылған труба тасығыштар мен штангатасығыштарды, цементтегіш агрегаттарды, станоктарды диагностикалауға арналған зертханаларды;
      - қажетті жабдықтары мен құралдары бар жинақталған мұнай скважинадарын жөндеуге арналған қондырғыларды;
      - мұнай мен газды тасымалдауға дайындауға арналған жабдықтарды, орағыш материалдарды, сондай-ақ көмірсутекті шикізатты қайта өңдеуге арналған шағын көлемді модульді кешендерді;
      - қажетті ассортименттегі кабельдік-сымдық өнімдерді;
      - ауызсуды тазалау жүйесін;
      - өрттерді анықтау және өрт сөндіргіш жүйелер мен жабдықтарын;
      - есепке алу және бақылау аспаптарының өндірісі басым ретпен игерілетін және дамытылатын болады.
      Қазақстандық зауыттардың мұнайгаз кешенiнің кәсiпорындарымен ынтымақтастығы "Қазақойл" ҰМК ЖYАҚ 2000 жылғы 28 қаңтарда бекiткен "Қазақстанның зауыттарындағы мұнайгаз машина жасауды 2005 жылға дейiн дамыту жөнiндегі бағдарламасы" шеңберiнде, сондай-ақ "Теңiзшевройл" ЖШС-мен. "Қарашығанақ интеграцияланған компаниясы" ЖYАҚ-мен, "Тексако Норс Бузачи, Инк" компаниясымен, "Харрикейн Құмкөл мұнай" АҚ-мен, "Қаражанбасмұнай" ААҚ-мен, "Арман" БК-мен, "Анако" ЖАҚ-мен және басқаларымен импортты алмастыру бағдарламасы шеңберiнде жүргiзiлетiн болады.

      Тау-кен-металлургиялық кешенi жабдықтарын өндiру

      Республиканың тау-кен кәсiпорындарын шетелдiк фирмалардың басқаруына бергеннен кейiн соңғыларының басшылығында республикада, оның iшiнде "Востокмашзауыт" АҚ (Өскемен қаласы) және кейбiр басқа кәсiпорындарда шығарылып келген ұқсас техниканы тек импорттау үрдiсi басым жүруде.
      Импортты алмастыру бағдарламасының шеңберiнде жүргiзiлген жұмысты талдау сапа мен баға жағынан бәсекелестiк қабiлеттi өнiмдi шығаруға кәсiпорындардың әлеуеттi мүмкiндiктерi және тау-кен металлургиялық кешен үшiн техника мен жабдық өндiрiсiн қалпына келтiрудiң жеткіліктi жоғары тиiмдiлiгi бар екендiгiн көрсеттi. Осы бағыттағы жұмыс импорт алмастыру бағдарламасының шеңберiнде басымдылықпен жүргiзiлетiн болады.
      Жалпы, жобаларды қарау кезiнде өзге де тең жағдайларда франчайзинг шартымен жоғары технологиялар тартуды, патенттер мен лицензиялар алуды көздейтiн ұсыныстарға, сондай-ақ өнiм экспортына бағдары барларына артықшылықтар берiлетiн болады.

      4. Бағдарламаны iске асыру шаралары мен тетiктерi

      Бағдарламаны iске асырудың негiзгi шаралары мен тетiктерi:
      - машина жасау кешенiнiң кәсiпорындары үшiн қолайлы экономикалық жағдайлар жасау;
      - қолданылып жүрген заңнама негiзiнде iшкi рынокты терiс пиғылды бәсекеден (демпинг, субсидияланған бағалар) қорғау кәсiпкерлерге техникалық көмек көрсету шаралары;
      - өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн көтеру жөнiндегi үкiметтiң экономикалық саясатында көзделген шаралар;
      - осы Бағдарламамен белгiленген басымдықтар шеңберiнде неғұрлым тиiмдi жобаларды бiршама қолдау мен жеңiлдiлікпен несиелеу арқылы бастапқы инвестициялық қолдау болып табылады.

      Қолайлы экономикалық орта жасау:
      - төлем жасамау дағдарысын қарыз мiндеттемелерiнiң, бағалы қағаздардың рыногын мемлекеттiк реттеу арқылы шешудi;
      - қаржылық жағынан дәрменсiз машина жасау кәсiпорындарына қатысты банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiн жүргiзудi;
      - кәсiпорындар қарыздарын қайта құрылымдауды жүргiзудi;
      - осы экономикалық шарттарды машина жасау кәсiпорындарының барлығына, соның iшiнде "Қазақстан Темiр жолы" РМК-ның машина жасаушы кәсiпорындарына да, қолдануды;
      - табиғи монополистерге оларға тиесiлi машина жасау кешенiнiң қарыздарын 2003 жылға дейiн тоқтатып қою жөнiндегі келiсiмдердi жасауын ұсынуды көздейдi.
      Мемлекеттiк өнеркәсiптiк саясат қазақстандық ауыл шаруашылығы машинасын жасау өнiмiн басты тұтынушылар болатын, ауыл шаруашылығы техникасы мен оларға керек қосалқы бөлшектерге төлем төлеуге қабiлеттi сұраныстың тұрақтануына ықпал ететiн машина-технологиялық станциялар (МТС) жүйесiн дамытуды ынталандыруды көздейдi.
      Шаралардың осы тобына:
      - мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi тендерлер жүргізуге бақылауды күшейтумен, тапсырыс берушiлердi отандық тауарларды басымдылықпен сатып алу бөлiгiнде мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы бұзғандығы үшiн жауапкершiлiкке тартумен;
      - машина жасау өнiмiн тұтынушылар мен өндiрушiлер арасындағы ұзақ мерзiмдi ынтымақтастық шеңберi туралы келiсiм жасау практикасын кеңейтумен;
      - республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тапсырыс берушiлер және ұлттық компаниялар үшiн отандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын тауар үлесiн бөле отырып сатып алу көлемi туралы мiндеттi есеп берудi енгiзумен және импорттың әрбiр жағдайы бойынша негiздемелердi ұсынумен қамтамасыз етiлетiн мемлекеттiң қорғаныстық және жұмылдыру қажеттiктерi, сондай-ақ ұлттық компаниялардың мұқтаждықтары үшiн отандық өнiмді басымдықпен сатып алу кiредi.

      Iшкi тауар рыногының ашықтық дәрежесін реттеу:
      - машина жасауға пайдаланылатын және республикада шығарылмайтын шикiзаты, негiзгi материалдарды, жинақтаушы бұйымдар мен жабдықтарды берiп отыру жөнiндегi өндiрiстiк кооперация туралы үкiметаралық келiсiмдер жасауды;
      - отандық тауар өндiрушiлердi демпингтiк және субсидияланған импорттан, сондай-ақ оларға зиян келтiретiн немесе зиян келтiру қаупi бар көлемдегi импортқа анықтау жүргiзу және қорғау шараларын енгiзудi;
      - отандық және шетелдiк машина жасау өнiмiн сертификаттаудың бiрыңғай жүйесiн енгiзудi;
      - сырттан басқаруға және жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың қолданылып жүргендерiне түзету енгiзу және жаңадан жасау кезiнде Қазақстанның машина жасау зауыттарында жекелеген жабдық түрлерiн, аспаптар мен жарақтар әзiрлеуге тапсырыстарды орналастыру жөнiнде шарттар енгiзудi көздейдi.

      Кәсіпкерлерге жұмыс iстеп тұрған кәсіпорындарды қалпына келтiру және жаңаларын ұйымдастыру жөнiнде техникалық көмек көрсету шаралары:

      - елде бар қазiргi заманғы жабдық түрлерiн, технологиялар мен неғұрлым білiктi қызметшiлердi шоғырландыру есебiнен дүниежүзiлiк рынокта белгiлi бiр орын алуға мүмкiндiк беретiн жоғары технологиялы өнiм шығару мақсатында бiр заңды тұлғаға шоғырланған, өзi ғылымды қажетсінетiн өндiрiстер мен технологияларды бiлдiретiн "индустриалды парктер" үлгiсi бойынша бәсекелестiк қабiлеттi өндiрiстер құруды көтермелеудi;
      - аймақтарда заңды және жеке тұлғаларға машина жасау өнiмiн шығару жөнiнде өндiрiс құруда, оның iшiнде технологиялық жабдықтарды жалға немесе лизингке беру жолымен қызмет көрсету жөнiндегi филиалдары бар орталықтар (технопарктер, технополистер, бизнес инкубаторлар) құруды;
      - жалға немесе лизингке беру үшiн технологиялық жабдықтар паркін құруды;
      - "Қазақстан темiр жолы" РМК-ың бөлiмшелерiне технологиялық жарақтарды жасауға, жылжымалы құрамның күрделi жөндеуiн жүргiзудi және қосалқы бөлшектер жасауды игеруге көмектесу;
      - өнеркәсiп салаларының және ауыл шаруашылығының машина жасау бұйымдарына сұранымдарының маркетингiн жүзеге асыруды және машина жасау кәсiпорындарына олардың өнiмдерiнiң ықтимал тұтынушылары мен iшкi рынокта сұранымға ие бұйымдардың номенклатурасын анықтауда ақпараттық қызмет көрсетудi;
      - кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiне екiншi деңгейлi банктердiң қызығушылығын арттыруды, банктiк заңнаманы жетiлдiрудi;
      - отандық машина жасау өнiмдерiн жарнамалауға көмектесудi қамтиды.

      Кәсiпорындар мен жобаларды инвестициялық қолдау:

      - тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы қолданылып жүрген заңнамада көзделген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ұсынуды;
      - машина жасау өнiмдерiн өндiрушiлердiң және оны тұтынушылардың, бiрiншi кезекте ұлттық компаниялардың, кепiлдендiрiлген сатып алулар мен есеп айрысулар бойынша салааралық келiсiмдердi жасауына бастамашы болуын және жәрдемдесуiн;
      - жеңiлдiктi несиелендiру арқылы неғұрлым тиiмдi жобаларды инвестициялық қолдауды көздейдi.
      Алғашқы екi бағыт қазiргi уақытта түрлi салаларда, соның iшiнде машина жасауда, жеткiлiктi таралып отыр.
      Неғұрлым тиiмдi жобаларды жеңiлдiктi несиелендiру арқылы импорт алмастыруды инвестициялық қолдау осы бағдарламада айқындалған басым бағыттар бойынша импорт алмастыру және отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде неғұрлым тиiмдi және өмiршең жобаларды iрiктеу жүйесiн әзiрлеудi және оларды несиелендiрудi қамтиды.
      Импорт алмасу бағдарламасын iске асыру шеңберінде жобаларды несиелендiрудiң негiзгi шарттары:
      - жобаларды жобалар бойынша тәуекелдi өзiне алатын және мемлекеттiң қаражатын қайтаруға кепiлдiк беретiн екінші деңгейдегi банктер арқылы ғана несиелендiру;
      - Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің қажет болған жағдайда тұтынушы мемлекеттiк компаниялармен келiсiлген салалық оң қорытындысының болуы;
      - жобаның қазiргi заман талаптарына сай екендiгiн және соған сәйкес iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекелiк өнiм шығаруын растайтын ведомстводан тыс техникалық және технологиялық сараптаманың болуы болып табылады.
      Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде Қазақстан Республикасының меншiгiне жататын және кәсiпорындар қаражатының кемiнде 51 пайызы қазақстандық заңды және жеке тұлғалардың меншiгi болып табылатын инвестициялық жобалар несиелендiрiледi.
      Екiншi деңгейдегi банктер осы бағдарламаның шеңберiнде, оның басымдылықтарына сәйкес келетiн инвестициялық жобаларды өз бетiмен несиелендiруге ұсына алады. Бұл ретте олар Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне қызмет көрсетушi банктiң Қарыз алушының қаржы жағдайы және ссудалық қарызы жоқтығы туралы мәлiметтерiн, екiншi деңгейдегi уәкiлеттi банктiң Несие комитетiнiң жобаны несиелендiру туралы оң шешiмiн, екiншi деңгейдегi уәкiлеттi банктiң несиелендiруге басқармасының сараптау қорытындысын ұсынуы тиiс.
      Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi өзiнің қорытындысында:
      - жобаның Бағдарламаның басымдылықтарына, оның импорт алмастыру немесе экспортқа бағдарланған бағытына сәйкестiгiн;
      - рыноктың сыйымдылығы және өндiрiске ұсынылып отырған өнiмге iшкi және сыртқы рыноктарда сұраныстың сенiмдi негiздемелерiнiң болуын;
      - өндiрiс көлемiнiң өсуiн, сондай-ақ жаңа құрылған немесе қалпына келтiрiлген жұмыс орындары санын;
      - жобаның Қазақстан немесе оның аймақтары үшiн әлеуметтiк маңызын;
      - жобаның бюджеттiк тиiмдiлiгiн растайды.
      Жобаның қазiргi заман талаптарына сай екендiгiн дәлелдейтiн ведомстводан тыс техникалық және технологиялық сараптама мен iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекелес өнiм шығаруды "Машинажасау" МҰТО-РМКК саланың жетекшi мамандарын тәуелсiз сарапшы ретiнде тартып жүзеге асырады.
      Жоғарыдағы барлық талаптарға жауап беретін инвестициялық жобалар бойынша Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi белгiленген тәртiппен Экономика министрлiгiмен келiсiм бойынша отандық тауар өндiрушiлердi қолдауға және импортты алмастыру өндiрiсiн дамытуға бөлiнген қаражаттың есебiнен несиелендiру үшiн бекітуге жобалардың тiзбесiн әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзедi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде несиелендiрiлетiн инвестициялық жобалар бойынша "Эксимбанк Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамы екiншi деңгейдегi банктермен несиелiк келiсiмдер жасайды, жобалардың iске асырылуына бақылауды жүзеге асырады және тоқсан сайын тиiстi ақпаратты Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсынып отырады.

      5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

      Бағдарлама 2000-2003 жылдарға есептелген. Республикадағы қазіргi экономикалық жағдайды және машина жасау кәсiпорындарының бастапқы ахуалын ескере отырып, осы жылдары дамыған iшкi және салааралық байланыстары бар меншiктi машина жасау кешенi қалыптасады деп есептеуге болмайды.
      Осы бағдарламаны әзiрлеу тәжiрибесi саланың бiрқатар кәсiпорындары бағасы мен сапасы бойынша өз өнiмдерiнiң бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуге әзiр емес, өздерiнiң өткізу рыноктарын сақтап қалу үшiн олар бұрынғыдай тек тыйым салулар мен импортқа шектеулер қоюға ғана сенедi.
      Сөйтiп, бұл кезеңде өз өнiмдерiнiң бәсекелестiк қабiлетiн және оның iшкi және сыртқы рыноктарда сенiмдi әрi тұрақты сатылуын шын мәнiнде қамтамасыз ете алатын жекелеген кәсiпорындар мен өндiрiстерге бағытталған нүктелiк қолдау жасауды неғұрлым шындыққа жанасымды деп есептеуге болады.
      2000 жылы "Қазақстантрактор" ААҚ-да жаңа Т-95.4 шынжыр табанды және "Минск трактор зауыты" ААҚ-мы мен "Қазақстантрактор" ААҚ-мы бiрлескен кәсiпорында доңғалақты тракторлар шығаруды ұйымдастыру үшiн қолдау шараларын жүзеге асыру есебiнен республика үшiн екi жаңа өндiрiс құрылатын болады.
      2000-2001 жылдары республиканың басқа машина жасау кәсіпорындарында осы тракторлар үшiн жинақтаушы бөлшектер шығаруға тарту жөнiнде жұмыстар жүргiзiлмек. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникасының басқа түрлерiн де игеру жөнiндегi жұмыстар жалғастырылады.
      1999-2000 жылдары жасалған келiсiмдердiң негiзiнде темiр жол көлiгi, энергетикалық және тау-кен металлургиялық кешендер, мұнай-газ өнеркәсiптерi үшiн машиналар, жабдықтар мен қосалқы бөлшектер шығару жаңғыртылады және жаңа өндiрiстер құрылатын болады.
      2000-2001 жылдары басқа да импорт алмастыру өндiрiстерi жөнiнде ұсыныстар әзiрленуi тиiс. Олар Бағдарламаның алдыңғы бөлiгiнде айтылған тәртiпке сәйкес салалық, техникалық және банктiк сараптаудан өтуi тиiс.
      2002-2003 жылдары осы Бағдарламада әзiрленген және қабылданған жобаның негiзгi бөлiгiн iске асыру басталады.
      Осы Бағдарламамен белгiленген iс-қимылдарды үйлестiруде машина жасау кәсiпорындары үшiн Машина жасау кәсiпорындарының қауымдастығы, ауыл шаруашылығы машина жасау кәсiпорындары үшiн - "Орталықагромаш" қауымдастығы, электрондық және электротехникалық салалар үшiн "Индустриалдық парк" ААҚ-мы құрылды.

      6. Бағдарламаның тиiмдiлiгi

      2000-2003 жылдарға арналған машина жасау кешенiн дамыту бағдарламасын iске асырудан күтiлетiн негiзгi нәтижелер мыналар болып табылады:
      - өнеркәсiптiк өндiрiстiң құлдырауын еңсеру, тұрақтандыру әлеуетiн жинақтау және көтеру, сыртқы және iшкi кооперацияларды оңтайландыру және ТМД елдерiмен, басқа да мемлекеттермен экономикалық байланыстарды жолға қою, дүниежүзілiк экономикаға кiрiгу;
      - машина жасау кешенi басқару құрылымын жетiлдiру, жекешелендiру, демонополизациялау, өндiрiс саласындағы шағын кәсiпкерлiкті дамыту;
      - рынокқа және сатып алушының сұранымына қатысты жағдайын айқындап машина жасау кешенi кәсiпорындарын қайта құрылымдау;
      - озық технологиялар, шығарылатын өнiмнiң сапасын және бәсекелестiк қабiлетiн көтеру негiзiнде машина жасау кешенiн технологиялық қайта құру;
      - экспорттың құрылымын сапалық өзгерту, тауар импортының көлемiн жоғары технологияларды енгiзу есебiнен көлемiн қысқарту, iшкi рынокты қорғау және машина жасауға инвестицияны арттыру;
      - дамушы машина жасау кәсiпорындарында жаңа жұмыс орнын құру жолымен әлеуметтiк жағдайды жақсарту;
      - дүниежүзiлiк рынок коньюктурасынан, демпингтік бағалар мен қазiргi барларынан әлдеқайда жоғары бағалар бойынша машина жасау өнiмдерiнiң импортынан Қазақстан Республикасының экономикалық тәуелсiздiгiн нығайту;
      - өндiрiстiң бұдан әрi өсуiнiң ғылыми қамтамасыз етiлуiн инвестициялау.

      2003 жылға мынадай негiзгi көрсеткiштер болжанып отыр.

      - өндiрiс көлемі 1995 жылғы деңгейге дейiнгi қалпына келедi және 40 млрд. теңгеден астамды құрайды;
      - жұмыс iстеушiлер саны 2 есеге көбейедi және 1998 жылғы 101 мың адамға қарағанда 202 мың адамды құрайды;
      - ай сайынғы орташа жалақы 1998 жылғы деңгейден (11201 теңге) 1,5 есеге көтерiледi және 16800 теңгенi құрайды;
      - өндiрiстiң рентабелдiлiгi 20 % құрайды, мұның өзi 2003 жылдан бастап "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заңда көзделген салықтарды кешiктiрмей төлеуге, машина жасау кәсiпорындарының бюджет бойынша бұрынғы қарыздарын кезең-кезеңiмен өтеуге кiрiсуге мүмкiндiк бередi.
      Машина жасау кешенi республиканың және басқа елдер экономикасының iшкi саласы сияқты, сабақтас саларында да дамыған кооперациялық байланыстары неғұрлым еңбектi және ғылымды қажетсiнетiн саласы болып табылады. Машина жасау кәсiпорындарында жұмыс iстейтiн бiр адамға сабақтас салалардың кәсiпорындарында 5-6 жұмыс iстеушiден келедi. Сондықтан, Бағдарламаны iске асырудың мультипликативтiк әсерi машина жасау саласында күтiлген нәтижелерден 2-3 есе асады.
      2000-2003 жылдары саланың ғылыми-техникалық және ақпараттық инфрақұрылымын белгiлi дәрежеде қалпына келтiру көзделуде, бұл ғылыми-техникалық және зерттеушiлiк құрылымдар - "Машина жасау" МҰТО-ғы мен Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң МО ҒЗО-ың, "Астана-Технопарк" ААҚ-ын, ғылыми-зерттеушiлiк, жобалау ұйымдары мен тәжiрибе-констукторлық бюроларды, Ұлттық аграрлық зерттеулер академиялық орталығының инженерлiк институттарын, ЖОО-ң ғылыми бөлiмшелерiн, сондай-ақ шетелдiк және отандық оқу және консалтингтiк фирмаларын мынадай мақсаттарға:
      - машина жасау, құрылыс, металл өңдеу, жөндеу және сервистiк қызмет көрсету кәсiпорындарының өнiмдерiне (техника, жабдықтар, қосалқы бөлшектер, халық тұтынатын тауарлар және т.б.); рыноктың қажеттерiн айқындау;
      - мәлiметтердiң компьютерлiк дерек қорында болуы тиiс ақпаратты

жинау, 
өңдеу және сату жөнiндегi орталық құру;
     - кейiн мемлекетаралық жүйеге шығып рынокта қолда бар ақпаратты сату 
үшiн республикалық компьютерлiк жүйе құру;
     - Қазақстан Республикасының машина жасау кешенi үшiн жетекшi 
ғылыми-техникалық, инженерлiк және басқару кадрларын даярлау және қайта 
даярлауда өнiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi.
               
     
     7. Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін дамытудың
    2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі 
                      іс-шараларының жоспары
 _______________________________________________________________________
 N !            Іс-шаралар            ! Аяқтау  ! Орындалуына   !орындау
р/с!                                  ! нысаны  ! жауаптылар    !мерзімі
 _______________________________________________________________________ 
  1                 2                     3             4           5      
 _______________________________________________________________________
    1. Қолайлы экономикалық орта құру  
 _______________________________________________________________________
1.  Кәсіпорындар арасындағы төлем      Үкіметке   Энергетика,    2000 жылғы
    жасамау дағдарысын шешудің,        ұсыныс     индустрия және  қыркүйек
    соның ішінде борыштық міндет.                 сауда мин-гі,
    темелер, бағалы қағаздар                      Қаржы министр.
    рыногын қалыптастыру есебінен                 лігі
    шаралар мен тетігін жасау
 _______________________________________________________________________
2.  Республикалық бюджет есебінен      Несиелерді  Қаржы министр.  2000 жыл
    берілген несиелерді, сондай-ақ     қайтару     лігі, Әділет     бойы
    Қазақстан Республикасының          және қайта  министрлігі,
    мемлекеттік кепілдігі бар мем.     құрылымдау  Энергетика,
    лекеттік емес сыртқы заемдар       жөніндегі   индустрия
    шеңберінде республикалық бюд.      ведомство.  және сауда
    жеттен бөлінетін қаражатты         аралық      министрлігі
    қайтару және қайта құрылымдау      комиссия.
    жөніндегі ведомствоаралық          ның хатта. 
    комиссияда алдын ала қарап,        малық 
    машина жасау кәсіпорындарының      шешімдері
    несиелер бойынша борыштарын
    қайта құрылымдауды жүргізу
 _______________________________________________________________________
3.  Машина жасауда қолданылатын        Өндірістік  Энергетика,   2000-2003
    жинақтаушы, тораптық және          кооперация  индустрия     жылдар
    қосымша материалдардың жет.        туралы      және сауда   
    кізілімі жөніндегі өндірістік      мемлекет.   министрлігі,
    кооперация құру туралы             аралық      Қаржы
    мемлекетаралық келісім жасау       келісім     министрлігі,
                                                   Әділет 
                                                   министрлігі
 _______________________________________________________________________
   2. Мемлекеттік қорғаныс және жұмылдыру қажеттіктерін, сондай-ақ ұлттық
   компаниялардың мұқтаждарын қамтамасыз ету және отандық өнімдерді
   кемсітушілік фактілерінің алдын алу
 _______________________________________________________________________
1.  Тендер өткізу жөніндегі коми.     Үкіметке    Қазақстан      2000
    ссияға салалық министрліктер.     ұсыныс      Республикасы.  жылғы    
    дің өкілдерін енгізу арқылы                   ның Мемлекет.  қыркүйек
    республикалық бюджеттен қаржы.                тік сатып    
    ландырылатын мемлекеттік                      алулар
    сатып алулар бойынша тендер                   жөніндегі
    жүргізуге бақылау жүйесін                     агенттігі
    жетілдіру  
 _______________________________________________________________________
    3. Машина жасау өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін
    өндірісті сертификаттау мен сапаны бақылауды дамыту
 _______________________________________________________________________
1.  Қазақстан Республикасында         Үкіметтің   Энергетика,    2000
    стандарттау және сертификаттау    қаулысы     индустрия      жылғы
    мәселелерін дамыту жөніндегі                  және сауда     желтоқсан
    "Сапа" бағдарламасын әзірлеу                  министрлігі
 _______________________________________________________________________
2.  Машина жасау өндірісінің стан.    Үкіметке    Сондай         Тоқсан
    дарттары мен өнім сапасын         есеп                       сайын
    бақылауды халықаралық талап.
    тарға сәйкестендіруді қамта.
    масыз ету
 _______________________________________________________________________
    4. Кәсіпкерлерге машина жасау өндірістерінің жұмыс істеп тұрғандарын
    қалпына келтіруге және жаңасын құруға техникалық көмек көрсету
 _______________________________________________________________________
1.  Ішкі және сыртқы рыноктардың     Үкіметке    Энергетика,     2000
    конъюнктурасын зерттеу мар.      ұсыныс      индустрия      жылғы
    кетингтік орталығын құру және                және сауда      қараша
    кәсіпорындарға осы рыноктарға                министрлігі    
    олардың тауарларын жылжытуға
    қызмет көрсетудің тетігін 
    әзірлеу
 _______________________________________________________________________
2.  Франчайзингтік қызмет көрсету    Үкіметке    Энергетика,    2000 жыл
    рыногын, оның мәністері мен      ұсыныс      индустрия      бойына
    сыйымдылығын, сондай-ақ қол.                 және сауда     
    дану тетіктерін зерделеу                     министрлігі,
                                                 Экономика мин-і,
                                                 "Экономикалық
                                                 зерттеулер
                                                 институты"
                                                 РМК-ы
 _______________________________________________________________________
3.  Жоғары технологиялық өнімдер     Семинарлар  Энергетика,    2000 жыл
    өндіру ісінде кәсіпорындарға     өткізу      индустрия      бойына
    франчайзингті дамыту жөнінде                 және сауда
    ұсынымдар, франчайзингтік                    министрлігі,
    оқу-консультация орталығын                   Кәсіпкерлер.
    құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу,              дің одақтары              
    Қазақстан рыногында жұмыс                    мен қауымдас.
    істеуге  мүдделілік танытатын                тықтары         
    жетекші франчайзингтік                       (келісім
    компанияларды тарта отырып,                   бойынша)
    франчайзинг бойынша аймақтық 
    семинарлар өткізу
 _______________________________________________________________________
4.  "Астана-Технопарк" (Астана       Шектемелі   Энергетика,    2000     
    қаласы) көрме орталығының        шарт        индустрия      жылғы 
    базасында тұрақты жұмыс                      және сауда     қазан
    істейтін ауыл шаруашылығы                    министрлігі,
    техникасының көрмесін құру                   Астана қала.
                                                 сының әкімші.
                                                 дігі, "Астана-
                                                 Технопарк"  
                                                 (келісім
                                                 бойынша)
 _______________________________________________________________________
    5. Жаңадан құрылатын және дамушы өндірістерді техникалық және 
    технологиялық жабдықтау
 _______________________________________________________________________ 
1.  Лизинг беруші лизингке беру      Жабдықтар   Энергетика,    2001     
    үшін сатып алатын машина         тізбесі     индустрия      жылғы 
    жасау жабдықтары тізбесін,                   және сауда     қаңтар
    оның ішінде республика                       министрлігі,
    кәсіпорындарында бар және                    "Машина жасау.
    пайдаланылмайтынын да                        ды болжау    
    анықтау                                      жөніндегі     
                                                 ғылыми-зерттеу
                                                 орталығы" 
                                                 РМҚК-ы  
 _______________________________________________________________________
    6. Бағдарламаны ғылыми-техникалық қамтамасыз ету
 _______________________________________________________________________
1.  "Машина жасауды дамытудың және   Үкіметтің   Энергетика,    2000     
    тиімділігі жоғары машиналар мен  қаулысы     индустрия      жылғы 
    жабдықтарды жасап шығарудың                  және сауда     желтоқсан
    ғылыми-техникалық проблемалары"              министрлігі,
    2001-2005 жылдарға арналған                  Ауыл шаруашы. 
    республикалық мақсатты ғылыми-               лығы министр.   
    техникалық бағдарламасы                      лігі, Көлік     
    әзірленсін
<*>
                                және коммуни. 
                                                 кациялар    
                                                 министрлігі
 _______________________________________________________________________
    7. Инвестицияларды және қосымша қаржылық қаражаттар тарту үшін жағдай
       жасау
 _______________________________________________________________________
1.  Экономикалық нақты секторы      Үкіметке     Қаржы          2000
    жобаларына инвестициялар мен     ұсыныс      министрлігі,   жылғы
    несиелерді сақтандырудың                     Энергетика,    желтоқсан
    бірінші кезекте қаржылық                     индустрия     
    лизингті пайдаланып                          және сауда    
    франчайзинг принциптерінде                   министрлігі,
    жабдықтар мен технологиялар                  Инвестициялар  
    беруді ұйымдастыру сызбасын                  жөніндегі   .   
    әзірлеу.                                     агенттік        
 _______________________________________________________________________
    8. Импорт алмастырушы және экспортқа бағдарланған дайындығы жоғары   
    дәрежедегі өнім өндіру жөніндегі жобаларды басымдықпен несиелендіру
    бағытында екінші деңгейдегі банктермен жұмысты жетілдіру және олардың
    мүдделігін арттыру
 _______________________________________________________________________
1.  Екінші деңгейдегі банктерге      Екінші      Қазақстан      2000
    отандық тауар өндірушілерді      деңгейдегі  Республикасы.  жылғы
    қолдау шаралары шеңберіндегі     банктерге   ның Энергети.  қыркүйек 
    машина жасау жобаларын несие.    ұсыныс      ка, индустрия   
    лендіру кезінде провизияларын                және сауда     
    қалыптастыру нормативтерін                   министрлігі
    төмендетуді ұсыну                                           
 _______________________________________________________________________
2.  Өнеркәсіп пен екінші деңгей.     Үкіметке    Энергетика,    2000     
    дегі банктердің несиелен.        ұсыныс      индустрия      жылғы 
    діретін кәсіпорындардың жо.                  және сауда     қазан
    басы мен басқаруға үлесті                    министрлігі,
    қатысуы үшін экономикалық                    Экономика     
    орындылық және пайдалы                       министрлігі,
    интеграциясы дәрежесін                       Қаржы           
    айқындау                                     министрлігі   
 _______________________________________________________________________
    9. Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін дамыту стратегиясын  
       әзірлеу
 _______________________________________________________________________
1.  Қазақстан Республикасының        Үкіметтің   Энергетика,    2003     
    машина жасау кешенін 2030        қаулысы     индустрия      жылғы 
    жылға дейінгі дамытудың                      және сауда     шілде
    стратегиясын әзірлеу                         министрлігі,
                                                 Экономика                 
                                                 министрлігі, 
                                                 Ауыл шаруашылығы
                                                 министрлігі,
                                                 Көлік және
                                                 коммуника.
                                                 циялар    
                                                 министрлігі,
                                                 Қаржы
                                                 министрлігі,
                                                 Мемлекеттік
                                                 кіріс министр.
                                                 лігі, Әділет
                                                 министрлігі
 _______________________________________________________________________
     
     
     Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.