Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметінiң қаулысы 2000 жылғы 23 тамыздағы N 1295

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Республикалық мемлекеттiк

кәсiпорындардың тiзбесiнде:
     "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар 
жөнiндегi агенттiгi" бөлiмi мен реттiк нөмiрi 413-жол алынып тасталсын;
     "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" бөлiмi мынадай 
мазмұндағы реттiк нөмiрi 106-3-жолмен толықтырылсын:
     "106-3. "Қазпатент" патенттер мен тауарлық
             белгiлер жөнiндегi республикалық
             мемлекеттiк кәсiпорын (шаруашылық
             жүргiзу құқығында)                  Алматы қаласы".
     2)
<*>

     ЕСКЕРТУ. Қаулы күшiн жойды - ҚР Үкіметінің 2001.03.29. N 411
              қаулысымен.  

P010411_

 


      3) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 P990223_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет

министрлiгi туралы ережеде:
     11-тармақ мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын:
     "өнеркәсiптiк меншiк құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;";
     12-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
     "9) өнеркәсiптiк меншiк құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласында:
     өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, тауарлар мен қызметтердi даралау 
құралдарын, лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру және 
қорғау құжаттарын беру өнеркәсiптiк меншiк құқықтары объектiлерiне 
Мемлекеттiк тiзiлiмдердiң жүргiзiлуiн қамтамасыз ету;
     өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi туралы ақпараттың жариялануын 
қамтамасыз ету.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасы
     Прмеьер-Министрінің
     бірінші орынбасары
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.