1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегi комитетi қосымшаға сәйкес тауарларға қатысты анықтауды бастасын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi анықтау рәсiмi аяқталғанға дейiн, заңнамада белгiленген тәртiппен, осы қаулыға қосымшада көрсетiлген тауарлардың импортын лицензиялауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлардың импортына алты ай мерзiмге уақытша қорғаныштық шаралар енгiзiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi тауарлардың импорты кезiнде осы қаулыға қосымшада көрсетiлген мөлшерде уақытша қорғаныштық баж алсын.
5. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiне анықтаудың басталатындығы және Қазақстан Республикасының уақытша қорғаныштық шаралар қолданатындығы туралы хабарласын. 6. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 тамыздағы N 1291 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, оларға қатысты анықтау басталатын және уақытша қорғаныштық баждар енгізілетін тауарлардың тізбесі ------------------------------------------------------------------ Тауардың атауы ТМД СЭҚ ТН Уақытша бойынша қорғаныштық тауардың коды баждың ставкасы (кедендік құнынан %-бен) ------------------------------------------------------------------ 1 2 3 ------------------------------------------------------------------ Түсқағаз және бет жағы 481420000 25 түйiршiктi, батыра басылған, боялған, өрнектелген немесе өзге тәсiлмен полимерлiк материалдың қабатымен безендiрiлген қағаздан тұратын осындай қабырғалық жабынғы Түсқағаз және бет жағы 481430000 25 параллельдi иiрiлумен немесе матаға байланыстырылған немесе байланыстырылмаған тоқылған материалмен жабылған осындай қабырғалық жабынғы Түсқағаз және мөлдiр 481490100 25 қорғанышты полимерлiк материалмен қапталған түйiршектi, батыра басылған, боялған, өрнектелген немесе өзге де тәсiлмен безендiрiлген осындай қабырғалық жабынғы Алюминий катанкiлерiнен 761410000 15 басқа электрлiк 761490000 айырымсыз кесiндiсiнiң мөлшерi 16-дан 500 мм2 дейiнгi сым* Өткiзгiшiнiң кесiндiсi 1,5- 854459100-ден 20 тен 240 мм2 дейiнгi 854459800-ден қуаттық кабель Өткiзгiшiнiң кесiндiсi 854459100-ден 20 1-ден 10 мм2 дейiнгi 854459800-ден бақылау кабелi Өткiзгiшiнiң кесiндiсi 854459100-ден 20 1-ден 120 мм2 дейiнгi 854459800-ден орнату сымы *Тауарлардың номенклатурасы кодпен де тауардың атауымен де айқындалады. Техникалық параметрлері мен белгіленген жағдайларда жұмысқа арналуы тиісті жазбамен куәландырылуы керек. Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.