Қазақстан Республикасы мемлекеттiк демографиялық саясатының тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 тамыздағы N 1272 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 293 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.30 № 293 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк демографиялық саясатының тұжырымдамасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп 2001 жылдың 1 шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк демографиялық саясатының тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi Бағдарлама мен Iс-шаралардың жоспарын әзiрлесiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары

                                    Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                      2000 жылғы 17 тамыздағы N 1272
                                          қаулысымен мақұлданған

                        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
                 МЕМЛЕКЕТТIК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ
                          ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

      Мемлекеттiк демографиялық саясаттың тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) елдiң демографиялық дамуының негiзгi қағидаттарын, басымдықтарын және мiндеттерiн білдiредi. Аталған Тұжырымдамада демографиялық даму ретiнде халық санының өсуiн ынталандыруға бағытталған, ағымдағы және перспективадағы қажеттiлiктерге жауап беретiн саяси, әкiмшiлiк, экономикалық және әлеуметтiк-психологиялық шаралардың кешенi ұғылады.
      Демографиялық даму экономиканың өсуiне, елдiң қорғаныс қабiлетi мен мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тiкелей әсер етедi.
      Демографиялық саясат Қазақстанның мемлекеттiк саясатының құрамдас бөлiгi болып табылады. Ел Президентiнiң "Қазақстан-2030" жолдауында күшті демографиялық саясат елдiң ұлттық қауiпсiздiгiнiң жетекшi басымдықтары қатарына шығарылды.
      Барлық деңгейдегi мемлекеттiк органдар мемлекеттiк демографиялық саясаттың субъектiлерi болып табылады. Мемлекеттік құрылымдардың демографиялық саясатты іске асыру жөнiндегi әрiптестерi халықаралық, үкiметтiк емес қоғамдық және басқа да ұйымдар болуға тиiс.
      Тұжырымдама адамның негiзге алынатын құқықтарын сақтаудың негiзiнде жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, мемлекеттiк демографиялық саясаттың негiзiн айқындайды.
      Тұжырымдама әлеуметтiк-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен елдiң

 

тұрақты экономикалық дамуға көшуiнiң қазiргi заманғы кезеңiне және ұзақ

мерзiмдiк перспективасына есептелген.

     Елдiң қазiргi кездегi әлеуметтiк-экономикалық жағдайы белгiлi бiр

дәрежеде таяу болашақта демографиялық дамуды реттеу жүйесiнiң шектеушiсi

болып табылады.

     Мемлекеттiк демографиялық саясат халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей

қағидаттары мен нормаларына және Қазақстан Республикасының халықаралық

шарттарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан

Республикасының Заңдарына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге

негiзделген.

     Тұжырымдама демографиялық дамуды реттеудiң дүниежүзiлiк тәжiрибесiн

ескередi.


                 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗIРГI

                            ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ



 
       Қазақстандағы демографиялық ахуал соңғы жылдары республика үшiн туудың едәуiр төмендеуiне, өлiмнiң көбеюiне (1996 жылдан бастап оның азаю тенденциясы байқалды) және халықтың көшi-қондық кетуiнiң артуына орай қолайсыз ретiнде бағаланып отыр.
      Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң алдын ала деректерi бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2000 жылдың 1 қаңтарында 14896,1 мың адамды құрады. Республикада 16426,5 мың адам тұрған 1993 жылдың басымен салыстырғанда, халықтың саны 1530,4 мың адамға немесе 9,3 пайызға кемiдi.
      1999 жылы туудың ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы ең төменгi коэффициентi байқалды, туу 1000 адамға 14,0-ден келдi, бұл республикада туудың ең биiк шыңы белгiленген 1987 жылғы деңгейдiң 54,5 пайызын құрайтын болды.
      1999 жылы халықтың табиғи өсуiнiң коэффициентi төмендедi және 1000 адамға 4,3 болып ең төменгi шегiне жеттi.
      1999 жылы, өлiмнiң азаюына қарамастан, оның деңгейi жоғары күйiнде қалды. Өлiм коэффициентi 1990 жылғы деңгейден 22,8 пайызға жоғары, 1000 адамға 9,7 болды.
      Халық өмiрiнiң орташа ұзақтығы қысқарып барады. Оның деңгейi 1998 жылы 64,4 жасты, ал ер адамдарда небары 59 жасты құрады.
      Шығыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан облыстарында халықтың табиғи азаюы басталды. Мұндай тенденцияның сақталуы жағдайында таяудағы болашақта ел бойынша тұтас алғанда халықтың құлдырап азаюы күтiлуде.
      Республикада тұратын қазақтардың саны 1999 жылғы халық санағының деректерi бойынша 7985,0 мың адамды немесе республика халқының жалпы санының 53,4 пайызын құрайды. Республикадағы орыстар - 4479,6 мың адам немесе 30,0 пайыз.
      Мұның алдындағы (1989 жыл) санақпен салыстырғанда қазақтардың, ұйғырлардың, дүңгендердiң, өзбектердiң саны өстi. Немiстердiң саны күрт, жалпы алғанда 3 есеге азайды. Орыстардың, украиндардың, татарлардың және басқа ұлттардың саны да азайды.
      Халықтың этникалық құрылымындағы өзгерiстерге репатрианттардың (оралмандардың) қоныс аударуы және басқа ұлттардың өздерiнiң тарихи отанына көшiп кетуi себеп болды.
      Тұтас алғанда халық санының төмендеуi табиғи өсiмнiң төмендеуiнен және халық көшi-қонының терiс сальдосынан болып отыр.
 
                   2. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҚСАТЫ,
                        МIНДЕТТЕРI ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАРЫ
 
      Демографиялық саясаттың мақсаты - демографиялық процестердегi жағымсыз тенденцияларды жою, құлдырап азаюды болдырмау, ел дамуының ұзақ мерзiмдi стратегиясына сәйкес халықтың сандық және сапалық өсуiн қамтамасыз ету.
      Демографиялық саясатты iске асыру кезiнде мемлекеттiк өкiмет органдарының алдында мынадай мiндеттер тұр:
      өсiп-өнудi қоса алғанда, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;
      өлiмдi азайту және соның көрiнiсi ретiнде өмiрдiң ұзақтығын ұлғайту;
      тууды тұрақтандыру және оны болашақта ұрпақтарды толық алмастыруды және халықты ұдайы көбейтудiң кеңейтiлген режимiн қамтамасыз ететiн деңгейге дейiн арттыру;
      отбасының тыныс-тiршiлiгi жағдайын жақсарту, отбасы-неке қатынастарын нығайту;
      көшi-қон процестерiн реттеу;
      қоғам және жеке адам деңгейiнде халықтың денсаулығы үшiн жауапкершiлiктi арттыру;
      экологиялық зiлзаланың жағымсыз зардаптарын жеңу.
      Мемлекеттiк демографиялық саясат мына қағидаттарға негiзделедi:
      Нәсiлiне, ұлтына, дініне қарамастан елдiң барлық азаматтарының теңдiгi;
      өсiп-өнудi және отбасын жоспарлауды еркiн таңдау;
      аса маңызды әлеуметтiк функция ретiнде аналықты, БҰҰ-ның "Баланың құқықтары туралы" және "Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктердiң барлық нысандарын жою туралы" Халықаралық Конвенцияларына сәйкес басымдық иелерi ретiнде балалардың мүдделерін сақтау кезінде өз балаларын тәрбиелеуде ата-ананың тең міндеттерін тану;
      тууға, өлiмге, өмiрдiң ұзақтығы мен демографиялық және көшi-қондық процесстердегi жаңа тенденцияларды ескере отырып, көшi-қонға ықпал етудiң түрлi шараларын қамтитын кешендi көзқарас;
      демографиялық саясатты iске асыруда бiрыңғай негiзiн қалайтын нормалардың негiзiнде орталық және аймақтық органдардың тиiмдi өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн аймақтық ерекшелiктердi есепке алу;
      халықтың экологиялық қауiпсiздiгi, биологиялық әралуандықты сақтау және табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру.
 
                3. МЕМЛЕКЕТТIК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ IСКЕ
                 АСЫРУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ
 
      Демографиялық ахуалдың қазiргi қолайсыз жағдайына және оның даму перспективаларына талдау жасау, бiрiншiден, демографиялық дамудағы басымдықтарды, екiншiден, негiзгi бағыттарды, өтпелi кезеңде оларды шешудiң тетiктерiн айқындауға және ұзақ мерзiмдiк перспективаға - әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылық және елдiң тұрақты дамуы кезеңiне арналған iс-қимылдардың стратегиясын әзiрлеуге мүмкiндiк бередi.
      Бiрiншi кезеңде халық санының азаю қарқынын бәсеңдету жөнiнде шара қолдану және оны тұрақтандыруға қол жеткiзу қажет.
      Бұл:
      туудың құлдырауын бәсеңдету және оны тұрақтандырудың;
      өлiмдi азайтудың және өмiрдiң орташа ұзақтығын ұлғайту;
      көшiп кетудi азайтудың және репатрианттардың (оралмандардың) қайтып оралуына қолайлы жағдай жасаудың есебiнен шешiлетiн болады.
      Екiншi кезеңде:
      тууды материалдық және моральдық ынталандырудың;
      көшi-қонның оң сальдосына қол жеткiзудiң есебiнен сан жағынан да, сапа жағынан да халықтың жалпы өсiмi қамтамасыз етiлуi тиiс.
      Мемлекеттiк демографиялық саясаттың халықтың дамуын реттеудегi негiзгi бағыттары қазiргі заманғы ахуалды және әлеуметтiк-экономикалық дамудың алғы шарттарын қатаң есепке алуға негiзделген неғұрлым өзектi проблемалық бағыттар бойынша бағдарламалық-мақсатты iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру болып табылады.
      Мемлекеттік демографиялық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары:
      экономика мен әлеуметтiк саланың барлық секторларының тепе-теңестiрiлген дамуын қамтамасыз етудiң есебiнен халықтың тұрмыс деңгейiн көтеру, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуды;
      санның ұлғаю серпiнiмен салыстырғанда елдiң озыңқы экономикалық өсуi негiзiнде адамдардың тыныс-тiршiлiгi жағдайын едәуiр жақсартуды қамтамасыз ету;
      салауатты өмiр салтын насихаттаудың, адамның тыныс-тiршiлiгiнiң барлық элементтерi профилактикасының, еңбек пен демалыстың, спорт ғимараттары мен спорт кешендерiн пайдаланудың қол жетiмдiлiгi жөнiнде шаралар қабылдаудың негiзiнде елiмiз халқының денсаулық деңгейiн көтеру;
      халыққа медициналық қызмет көрсетудi жақсарту және оның санитариялық-гигиеналық сауаттылығын көтеру жөнiнде шаралар қабылдау, мемлекеттiк экологиялық бағдарламаларды, бiрiншi кезекте экологиялық қолайсыз аймақтарда iске асыру;
      халықтың, бiрiншi кезекте, еңбекке қабiлеттi жастағы адамдардың, еңбек жағдайының нашарлауына, нашақорлық пен алкоголизмнiң таралуына байланысты жазатайым жағдайлардан, өндiрiсте улану мен жарақаттанудан өлiмiн азайту;
      туберкулезбен, диабетпен және басқа да әлеуметтiк маңызы бар аурулармен және айналасындағылар үшiн қауiп төндiретiн аурулармен науқастануды азайту;
      өмiрдiң орташа ұзақтығын ұлғайту, денсаулық сақтаудың дамуы деңгейiн арттыру есебiнен әйелдермен салыстырғанда еркектер өмiрiнiң ұзақтығы арасындағы айырмашылықты қысқарту, зейнеткерлерге арналған әлеуметтiк көмек және емдеу-сауықтыру мекемелерi желiлерiн кеңейту. Жасы келген азаматтар үшiн күндiзгi стационарларды дамыту;
      туудың құлдырауын бәсеңдету және оны тұрақтандыру, бала туылған кездегi, көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар үшiн материалдық жәрдемнiң тiзбесi мен көлемiн ұлғайту жолымен тууды материалдық ынталандыру жүйесiн құру;
      өсiп-өну үшiн денсаулықты сақтау жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру, өсiп-өну қам-қарекетi, ана болудың қауiпсiздiгi, адамгершiлiк-жыныстық және мәдени-этникалық тәрбие, отбасылық өмiрге даярлау мәселелерi бойынша ақпарат жүйе құру, халықтың контрацепцияның қазiргi заманғы құралдары мен әдiстерiне деген қажеттiгiн қамтамасыз ету, оқу орындарының бағдарламасына валеология оқу пәнiн енгiзу;
      ана мен баланың денсаулығын қорғауды денсаулық сақтау саласындағы басымдықты бағыт деп тану. Бұл бағыттың негiзгi мақсатты тапсырмасы: сәбилер өлiмiнiң коэффициентiн төмендету және құрылымын дамыған елдерге жақындату жағына өзгерту;
      туу кезінде ана өлімін, жүктілік пен туғаннан кейінгі кезеңдегі асқынуды қысқарту;
      адамның иммундық тапшылық вирусымен және СПИД-пен, және жыныстық жолмен жұғатын аурулармен зақымдануының алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      әйел бедеулiгiнiң алдын алу және оны емдеу, аборттың алдын алу және аборттың зардаптарын жою;
      отбасы-неке қатынастарын нығайту жөніндегi заңнаманы жетiлдiру және насихаттау отбасы мәртебесiн көтеру;
      еркектiң отбасы-неке қатынастарын нығайтудағы рөлi мен жауапкершілігiн арттыру, жалғыз бастыларды таныстырудың түрлi клубтары желiлерiн дамыту;
      эмиграцияны реттеу және ескертулiк шараларды жүзеге асыру жолымен көшi-қондық азаюды бәсеңдету. Иммиграцияны реттеу республиканың нақты мүмкiндiктерiн ескере отырып, этникалық қазақтардың елге оралуы жөнiндегi жыл сайынғы экономикалық негiзделген квотаны белгiлеу;
      өз отанына оралған отандастарымызды қабылдау және жайластыру үшiн қолайлы жағдай жасау, олардың әлеуметтiк ортаға тезiрек кiрiгуi үшiн жағдайды қамтамасыз ету шет елдердегi қазақ диаспорасының қабiлеттi және дарынды балаларын, жасөспiрiмдерi мен жастарын Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларымен бiрдей оқу орындарына қабылдау. Шет елдердегi қазақ диаспорасымен сындарлы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту;
      этникалық қазақтар шығатын елдермен азаматтықтан шығудың оңайлатылған тәртiбi туралы мемлекетаралық келiсiмдерге қол қою;
      иммиграциялық бақылауды енгiзу және жүзеге асыру жолымен иммиграциялық процестiң бақылануын қамтамасыз ету;
      әр азаматтың өз денсаулығы үшiн жауапкершiлiгiн арттыру халықтың өзiн салауатты өмiр салтын қалыптастыру процесiне тарту;
      мемлекеттiк мектеп жасына дейiнгi балалар ұйымдарын қалпына келтiру және олардың тұрақты жұмыс iстеуi жөнiнде шара қабылдау мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлер мен демалыс үйлерiнде оқушыларды сауықтыруды қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында психологиялық қызметтердi құру, мектептерде, интернаттарда және мектеп жасына дейiнгi ұйымдарда психолог және әлеуметтiк педагог қызметiн енгiзу;
      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      арнаулы түзету мекемелерiнiң, балалар үйлерiнiң, сәбилер үйлерiнiң және мектеп-интернаттардың материалдық-техникалық базасын нығайту балалық шақты әлеуметтiк қорғаудың ғылыми-әдiстемелiк базасын құру, кәмелетке толмағандардың әлеуметтiк-құқықтық кепiлдiктерiн кеңейту, қорғаншылыққа мұқтаж балалардың мүлiктiк және басқа мүдделерiн қорғау;
      кәмелетке толмағандардың қылмыс, құқық бұзушылық жасауының және қадағалаусыздығының алдын алу жөнiнде кешендi бағдарлама әзiрлеу. Түзеу мекемелерiндегi өндiрiстiң мүдделерiн, сотталғандарды бостандыққа шыққаннан кейiн еңбекке орналастырудың мүмкiндігiн ескере отырып, оларды оқыту жүйесін құру.
 
                  4. МЕМЛЕКЕТТIК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ
                    IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДIСТЕРI
 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк демографиялық саясаты теңдестiрiлген идеологиялық және негiзделген қаржы-экономикалық саясаттың есебiнен жүзеге асырылады. Демографиялық саясаттың негiзгi әдiстерi ретiнде ықпал етудiң экономикалық, әкiмшiлiк-құқықтық және әлеуметтiк-психологиялық шаралары пайдаланылады.
      Демографиялық саясатты iске асырудың басты нысаны бағдарламалық мақсатты әдiс - мемлекеттiк демографиялық бағдарламаны, демографиялық проблемаларды шешуге бағытталған өзге де республикалық мақсатты бағдарламаларды, аумақтық органдардың аймақтық бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру болып табылады.
      Демографиялық дамудың стратегияларын iске асыру:
      бар нормативтiк құқықтық кесiмдердi, әлеуметтiк-экономикалық және ұйымдастырушылық-әкiмшiлiк қадамдар мен iс-шараларды олардың демографиялық өсу жөнiндегi жаңа мiндеттерге сәйкестiгi бөлiгiнде тексерудi және жаңаларын жасауды;
      демографиялық даму жөнiндегi саясатты, стратегияларды және бағдарламаларды әзiрлеу үшiн қажеттi мемлекеттiк ресурстар бөлудi, сондай-ақ халықаралық ұйымдар, донорлар және мамандардың тарапынан көмектердi тартуды және пайдалануды;
      демография жөнiндегi тұжырымдамалық, ал кейiн стратегиялық

 

нұсқауларды жалпыұлттық және салалық жоспарлауға және олардың

мониторингiне мiндеттi түрде енгiзудi;

     деректерді жинау және талдау үшін ұлттық әлеуетті тығыз үйлестiрудi

жүзеге асыруды және нығайтуды, демографиялық дамуды кешендi зерделеу,

болжау және жоспарлау үшiн стратегиялық зерттеулер жүргiзудi және

деректердiң базасын әзiрлеудi;

     демографиялық даму процестерiн реттеу нұсқауларын насихаттауда және

iске асыруда мемлекеттiк органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын

қолдауды көздейдi.



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.