ЕСКЕРТУ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.08.28. N 1316
қаулысын қарау қажет. P001316_
Қазақстан Республикасында биржалық қызметтi одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Оның жарғылық капиталындағы мемлекеттiк үлес 51 пайызды құрайтын, мемлекеттiк, заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен "Қазақстандық тауар-шикiзат биржасы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, Қоғамды орналастыру үшiн оның жарғылық капиталындағы мемлекеттiк үлес төлеу есебiне бiр айлық мерзiмде үй-жай бөлсiн;
2) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оны мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
3) Қоғамды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн, Қоғамның акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелiк ету және пайдалану құқықтарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiне берсiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қолдансын
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Иелiк ету және пайдалану құқықтары салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiктегi ұйымдардағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк қатысу үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегі агенттiгi"
деген бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 229-жолмен
толықтырылсын:
"229 "Қазақстандық тауар-шикiзат биржасы" ЖАҚ".
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.