Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлігінiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 11 тамыз N 1235. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң Алкогольдi өнiмдердi өндiру мен олардың айналымын мемлекеттік бақылау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдердi өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi болып қайта аталсын. 
      2. <*> 
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.09.
N 214   қаулысымен .
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi бiр айлық мерзiмде бұрын қабылданған кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн, сондай-ақ көрсетiлген қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі