"Тауар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Z980337_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегi комитетi ТМД СЭҚ ТН 853720910 iшіндегi қуаты 1,25 кВт-дан 630 кВт-ға дейiн КТП үлгiсiндегi жиынтықты трансформаторлық кiшi станциялар және УКЗВ, УКЗН, ПТА, ТДК үлгiсiндегi мұнай-газ құбырларының катодтық қорғау станцияларына қатысты немесе тiкелей бәсекелес тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезiнде отандық өндiрушiлерге келтiрiлетiн немесе келтiрiлуi мүмкiн елеулi зиян мөлшерін анықтау үшін анықтауды бастасын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi анықтау рәсiмi аяқталғанға дейiн заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген тауарлар импортын лицензиялауды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп бiр айлық мерзiмде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiне, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Ресей Федерациясы мен Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетiне және Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжiкстан Республикасы
және Өзбекстан Республикасы Орталық Азия Мемлекетаралық Экономикалық
Қоғамдастығының Атқару Комитетiне осы қаулының 1 тармағында көрсетiлген
тауарларға қатысты анықтауды бастау шешiмi туралы хабарласын.
4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Икебаева Ә.Ж.