Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1956 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 тамыздағы N 1194 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 691 Қаулысымен

Күшін жойған

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.05.12 N 691 Қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының спортшыларын 2000 жылғы Сидней қаласындағы (Австралия) ХХVII Олимпиадалық ойындарға қатысуға даярлау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1956 P991956_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 57, 554-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сидней (Австралия) қаласындағы ХХVІІ Олимпиадалық ойындарға дайындық жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамында: "Биманбетов - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт Бақытбек Тәжiбайұлы жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай жаңа редакцияда жазылсын: "Тұрлыханов - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт Дәулет Болатұлы жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары"; "Тұрлыханов - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Дәулет Болатұлы депутаты (келiсiм бойынша)" деген жол мынадай жаңа редакцияда жазылсын: "Биманбетов - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт Бақытбек Тәжiбайұлы жөнiндегi агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары"; көрсетiлген құрамнан Владимир Сергеевич Сорокин шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі