Қайта өңделген уран өнiмдерiнiң экспорты туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 4 тамыз N 1193

Қолданыстағы
      "Қару-жарақты, әскери техника мен екiұдай мақсаттағы өнімдердi экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына, 1994 жылғы 26 шілдеде бекiтiлген Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Ашық үлгiдегi "ТВЭЛ" акционерлiк қоғамымен 1999 жылғы 1 қарашадағы N 30054230/ОУ-011 келiсiм-шартқа сәйкес "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ) қазақстандық табиғи уранды Ресей кәсiпорындарында конверсиялау әрi байыту жолымен алынған, уран-235 изотопы бойынша 4,95% +/- 0,05%-тен асырылмай байытылған, Ресей аумағындағы уран гексафторидiн (СЭҚ ТН коды-284420290 ) гексафторид түрiнде аз байытылған уранды беруге "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ және "Фьюэл Лоджистик ГмбХ" (Германия) фирмасы арасында 2000 жылғы 19 мамырда жасалған N 2000-05-01 келiсiм-шарттың ережелерiне сәйкес мөлшерде алыс шетелге экспорттауға рұқсат етiлсiн.
      2. "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ-ы кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен аталған тауарларды кедендік аумақтан "тыс қайта" өңдеу кедендiк режимiнен "тауарларды экспорттау" кедендiк режимiне өзгертiп декларациялауды жүргiзсін.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлiгi "Қазатомөнеркәсіп" ҰАҚ" ЖАҚ-на аталған өнiмдердi экспорттауға 
белгiленген тәртiппен лицензиялар берсiн.
     4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда 
министрлiгінің Атом энергетикасы жөніндегi комитетi ядролық материалдардың 
әкетiлуiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар:    
     Қобдалиева Н.М.
     Икебаева А.Ж.