Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 4 тамыз N 1188

Қолданыстағы
      "Республикалық телекоммуникациялық трафиктiң биллингi орталығы (ТТБ - Орталық)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1787 P991787_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы"

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  

P960790_

  
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) қаулысына 
мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
     Көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттiк 
кәсiпорындардың тізбесiнде "Қазақстан Республикасының Көлiк және 
коммуникациялар министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 
58-жолмен толықтырылсын:
     "58 "Республикалық телекоммуникациялық
     трафиктiң биллингi орталығы (ТТБ - Орталық)"
     республикалық мемлекеттік кәсiпорны
     (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)                     Астана қаласы".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

     Оқығандар:    
     Қобдалиева Н.М.
     Икебаева А.Ж.