Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
"Нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 4 қарашадағы N 1654 P991654_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
1) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білiм және спорт министрлiгi" бөлiмiнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi";
реттiк нөмiрлерi 9-35, 9-36, 9-37, 9-38, 9-39, 9-41, 9-42, 9-43, 9-44, 9-45, 9-47, 9-49 9-51, 9-52, 9-53, 9-54, 9-55, 9-56, 9-57, 9-58, 9-59, 9-60, 9-61, 9-62, 9-63, 9-65 - жолдар алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 470-141 - 470-155 - жолдармен толықтырылсын:
"470-141 "П. Чайковский атындағы Алматы қаласы
Алматы музыка колледжi"
қазыналық кәсiпорны
470-142 "А. Селезнев атындағы Алматы қаласы
Алматы хореографиялық
училищесi" қазыналық кәсiпорны
470-143 "О. Таңсықбаев атындағы Алматы қаласы
Алматы безендiру-қолданбалы
өнер колледжi" қазыналық
кәсiпорны
470-144 "Ы. Алтынсарин атындағы Алматы қаласы
қазақ бiлiм академиясы"
қазыналық кәсiпорны
470-145 "Қазақ ұлттық музыка Астана қаласы
академиясы" қазыналық кәсiпорны
470-146 "Ж. Елебеков атындағы Алматы қаласы
республикалық эстрада-цирк
колледжi" қазыналық кәсiпорны
470-147 "Республикалық Алматы қаласы
көркемсурет колледжi" қазыналық
кәсiпорны
470-148 "Республикалық оқушылар Алматы қаласы
сарайы" қазыналық кәсiпорны
470-149 "Дарын" республикалық Алматы қаласы
ғылыми-практикалық орталығы"
қазыналық кәсiпорны
470-150 "Республикалық бiлiм беру Алматы қаласы
жүйесiнiң басшы және ғылыми-
педагог қызметкерлерiнiң
бiлiктiлiгiн арттыру институты"
қазыналық кәсiпорны
470-151 "Республикалық бiлiм Алматы қаласы
берудi ақпараттандыру ғылыми-
әдiстемелiк орталығы" қазыналық
кәсiпорны
470-152 "Қазақ мемлекеттiк спорт Алматы қаласы
және туризм академиясы"
қазыналық кәсiпорны
470-153 "Ақмола қаржы-экономикалық Астана қаласы
колледжi" қазыналық кәсiпорны
470-154 "Семей қаржы-экономикалық
колледжі" қазыналық кәсiпорны Семей қаласы
470-155 "Қазбiлiмжабдық"
өндiрiстiк-коммерциялық
бiрлестiгi (шаруашылық жүргiзу
құқығында) Алматы қаласы";
реттiк нөмiрi 470-106-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"470-106 "Шәкәрiм атындағы
Семей мемлекеттiк университетi"
қазыналық кәсiпорны Семей қаласы";
реттiк нөмiрi 470-114-жолдағы 2-баған "Қазақ" деген сөздiң алдынан "Мұхамеджан Тынышбаев атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 470-115-жолдағы 2-баған "Қазақ" деген сөздiң алдынан "Тұрар Рыскұлов атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 470-123-жолдағы 2-баған "Қазақ" деген сөздiң алдында "Қаныш Сәтпаев атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
3) мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 517 және 517-1 - 517-7, 518 және 519 жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi
517 "Биiк таудағы "Медеу" спорт Алматы қаласы
кешенi" қазыналық кәсiпорны
517-1 "Штаттық ұлттық командалар Алматы қаласы
және спорт резервi дирекциясы"
қазыналық кәсiпорны
517-2 "Республикалық спорттың Алматы қаласы
бұқаралық түрлерiнен жоғары
спорттық шеберлiк мектебi"
қазыналық кәсiпорны
517-3 "Спорттың ойын және қысқы Алматы қаласы
түрлерi бойынша республикалық
жоғары спорттық шеберлiк мектебi"
қазыналық кәсiпорны
517-4 "Республикалық спорттың Алматы қаласы
қолданбалы түрлерi бойынша жоғары
спорттық шеберлiк мектебi"
қазыналық кәсiпорны
517-5 "Су спортының түрлерi Алматы қаласы
бойынша олимпиадалық резервтiң
республикалық мамандандырылған
балалар және жасөспiрiмдер мектебi"
қазыналық кәсiпорны
517-6 "Республикалық спорт Алматы қаласы
колледжi" қазыналық кәсiпорны
517-7 "Бутаковка" оқу-спорттық Алматы қаласы
базасы" қазыналық кәсiпорны "Бутаковка" шатқалы
518 "Спорт & ks" газетiнiң Алматы қаласы
;редакциясы" қазыналық кәсiпорны
519 "Қазинтерспорт" қазыналық Алматы қаласы".
кәсiпорны
2. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдарды басқаруды жетiлдiрудiң жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 13 мамырдағы N 706 P000706_ қаулысына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі