1. "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 337 P000337_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 11-12, 124-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, 2000 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектердi өтеудiң ережесiнде:
6-тармақта:
үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң осы мемлекеттiк мекеменiң бюджеттік шоты ашылған жердегi аумақтық органына (бұдан әрi - қазынашылықтың аумақтық органы) бес данада кредиторлық берешекті салыстыру кесiмдерiнiң түпнұсқаларын және мемлекеттік мекеменiң басшысы растаған, бастапқы бухгалтерлiк есеп құжаттарының көшiрмелерiн ұсынады.";
мынадай мазмұндағы екіншi абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік мекеменiң осы Ережеге сәйкес бастапқы бухгалтерлiк есебiнiң құжаттары:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 548 P980548_ бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдарға арналған бухгалтерлiк құжаттаманың нысандары альбомының нысандары:
408-нысандағы (6 мемориалдық ордер) әртүрлi ұйымдармен есеп айырысу жөнiндегi жинақтаушы ведомость;
292-а нысандағы кәртiшке немесе 292-нысанды Есеп айырысулар кiтабы;
2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментінiң 1998 жылғы 23 шiлдедегi N 335 бұйрығымен бекiтiлген нысан бойынша 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есеп айырысуларды түгендеу кесімі болып табылады";
7-тармақтағы бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты орындаушысы салыстыру кесімдерінің деректерін жылдық бухгалтерлік баланс пен бастапқы бухгалтерлік есептің деректерімен салыстырады және N 1 нысан бойынша төрт данада, қазынашылықтың аумақтық органы мен мемлекеттік мекеменің басшылары қол қоятын және тиісті мөрлермен бекітілетін, 2000 жылғы 1 қаңтарға кредиторлық берешектің бар екендігі туралы анықтама жасайды. Бұл ретте бір
тікелей берушіге бір анықтама беріледі."; "Кредиторлық берешектің бар екендігі туралы анықтамаларды тіркеу журналы" N 2-нысанда 3-бағандағы "(тоғыз мәндi код)" деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.