Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 және 1999 жылғы 5 шілдедегі N 930 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 18 шілде N 1084

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 P990626_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 215-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:
     6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "6. Қазынашылықтың заңды мекен-жайы:
     473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 33/Абай даңғылы, 52.";
     2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік 
және жекешелендіру комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі N 930  

P990930_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 32-33, 295-құжат):
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы 
министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы 
ережеде:
     7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "7. Комитеттің заңды мекен-жайы:
     473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 33/ Абай даңғылы, 52.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     

  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.