"Салынып жатқан электрмен су шығаратын сорғыштар зауытының дирекциясы" мемлекеттік кәсіпорнын коммуналдық меншікке беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 шілде N 1080

Қолданыстағы
      "Салынып жатқан электрмен су шығаратын сорғыштар зауытының дирекциясы" мемлекеттік кәсiпорнын басқарудың тиiмділігiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Салынып жатқан электрмен су шығаратын сорғыштар зауытының дирекциясы" мемлекеттiк кәсiпорны республикалық бюджет алдындағы берешектерiмен несиенi өтеу мерзiмiн 2005 жылдан 2015 жылға дейiн ұзарту шартымен Алматы облысы әкiмiнiң коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Алматы облысының әкiмi "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ-мен бiрлесiп төлемдердi алғашқы 3,5 жылға кейiнге қалдыруымен берiлген несиелердiң 200I жылдан 20I5 жылға дейiнгi 15 жылға арналған қайта құрылымдауын жүргiзсiн және тиiстi келiсiмдердi жасассын.
      3. "Қазагрожөнмаш-холдинг" ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және агросервис жөнiндегi мемлекеттiк холдинг компаниясын қайта құру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 наурыздағы N 253 P950253_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 9, 101-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымшадағы:
      "Қазагрожөнмаш" акционерлiк компаниясы акциялардың мемлекеттiк

пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқын табыс ететiн акционерлiк 
қоғамдардың (АҚ) тiзбесiндегi "Салынып жатқан электрмен су шығаратын 
насостар заводы (Талдықорған қаласы)*)" деген жол алынып тасталсын.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы 
министрлігіне жүктелсiн.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.