Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 шілде N 1070. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесіндегі:
      реттік нөмірі 8, 16, 17-жолдар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 15-жол "командалар" деген сөзден кейін "және спорттық резерв" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі