"Құрамына тау-кен құтқарушылар бөлiмшелерi кiретiн әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмдерiнiң штабы" қазыналық кәсіпорнын беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 шілде N 1061

Қолданыстағы

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, тау-кен және кенге қатысты емес өнеркәсiп ұйымдарында, сондай-ақ, пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және пайдалану объектiлерiнде профилактикалық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды жетiлдiру, авариялық-құтқару қызметтерiнде бiрыңғай басшылық қағидатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Құрамына тау-кен құтқарушылар бөлiмшелерi кiретiн әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмдерiнiң штабы" қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң қарамағына берiлсiн.
      2. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы органы болып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi белгiленсiн.
      3. Төтенше және авариялық жағдайларда тау-кен құтқару және өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, тау-кен ұйымдарында және кенге қатысты емес өнеркәсiпте, пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және пайдалану объектiлерiнде өрттен, су басуы мен кен қалдықтарының құлауынан, газ жарылыстары мен шаң-тозаңнан қорғау Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң "Кен" әскерилендiрiлген авариялық-құтқару қызметi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта аталуын;
      2) Кәсiпорын жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында

 

тiркелуiн;

     3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз

етсiн.

     5. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы"

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 

P960790_

қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат)

мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк

кәсiпорындардың тiзбесiндегi:

     1) реттiк нөмiрi 26-жол алынып тасталсын;

     2) мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 109-9-жолмен толықтырылсын.

     "109-9. "Кен" әскерилендiрiлген

     авариялық-құтқару қызметi"

     республикалық мемлекеттiк

     қазыналық кәсiпорны                               Лениногорск қаласы".

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі




    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.