Астана қаласындағы опера және балет театры туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 10 шілде N 1048

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Күләш Байсейiтова атындағы Ұлттық опера және балет театры туралы" 2000 жылғы 5 шiлдедегi N 416 U000416_ Жарлығын iске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 P960281_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Ақ орда" опера және балет театры" қазыналық мемлекеттiк кәсiпорны "Күләш Байсейiтова атындағы Ұлттық опера және балет театры" қазыналық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Театр) деп қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Астана қаласының әкiмiмен бiрлесiп екi апталық мерзiмде Театрды материалдық-техникалық, қаржылық қамтамасыз ету және оның қызметкерлерiне басымдықпен тұрғын үй беру жөнiндегi ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм

министрлiгi белгiленген тәртiппен:
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған кесiмдерiн осы 
қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
     осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.