Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 10 шілде N 1047

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасында орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 P980812_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж.; N 29, 258-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметiне педагогикалық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн";
      2) 3-тармақтағы:
      1) тармақшасындағы "Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлiгiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшасындағы "кәсiптiк-техникалық оқу орындарын" деген сөздер "бастауыш кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарын" деген сөздермен, "жұмыспен қамту қызметтерi" деген сөздер "жергiлiктi бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк жалпы бiлiм беру

мектептерiнiң жанындағы жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қоры туралы 
үлгi ережеде:
     6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
     "6. Жалпы оқыту қорының қаражаты бiлiм беру ұйымдарында жоспарланады 
және олардың ағымдағы бюджеттік шоттары және шығыстардың бюджеттік 
жіктемесінің бағдарламалары, кіші бағдарламалары мен ерекшеліктері бойынша 
ақылы қызмет көрсетуден, демеушілік қайырымдылық көмектерден алынатын 
қаражат шоттарында ескеріледі".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.