Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң "Еңбек" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнының кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 10 шілде N 1046

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Еңбек" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің қарамағынан Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарамағына берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң "Еңбек" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мемлекеттiк басқарма органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттiк меншiк құқығының субъект функцияларын жүзеге асырушы органы болып Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесiнiң комитетi анықталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай

өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
     1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  

P960790_

  
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк 
кәсiпорындардың тiзбесiнде:
     "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi" бөлiмiнде:
     реттiк нөмiрi 461-жол алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы бөлiмшемен және реттiк нөмiрi 461-13-жолмен 
толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару 
жүйесiнiң комитетi
     461-13 Қазақстан Республикасының Iшкi
     iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi
     комитетiнiң "Еңбек" республикалық мемлекеттiк
     кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)             Астана қаласы";


      2) "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Еңбек"

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 шiлдедегі N 1058  

P991058_

  қаулысына:
     2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген 
сөздер "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару 
жүйесінің комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.