Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі N 1021 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы N 327 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 ақпандағы кеңейтілген мәжілісінде айтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
2000 жылғы 6 шілдедегі N 1021     
қаулысымен бекітілген        

  Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының
Тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.10.11
N 1313, 2003.09.26 N 979, 2004.08.03 N 829, 2007.05.22 N 409,
2008.05.26 N 502, 2008.09.11 N 847, 2009.09.14. N 1369, 2009.10.12 N 1560 Қаулыларымен.


Атауы

Мекен-жайы

1

"Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Алматы қаласы

2

алынып тасталды

Алматы қаласы

3

"Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


4

"Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Алматы қаласы

5

"Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Алматы қаласы

6

"Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Алматы қаласы

7

"Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Өскемен қаласы

8

"Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ақтөбе қаласы

9

алынып тасталды


10

"Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Талдықорған қаласы

11

"Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Атырау қаласы

12

"М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Тараз қаласы

13

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қарағанды қаласы

14

алынып тасталды


15

"Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қызылорда қаласы

16

алынып тасталды


17

"С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Павлодар қаласы

18

"Солтүстік Қазақстан университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Петропавл қаласы

19

"Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Семей қаласы

20

алынып тасталды


21

"Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Орал қаласы

22

"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Шымкент қаласы

23

"А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қостанай қаласы

24

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Астана қаласы

25

"Қазақ ұлттық өнер университеті" мемлекеттік мекемесі

Астана қаласы

26

"Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Алматы қаласы

27

"Ақмола мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Астана қаласы

28

"Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ақтөбе қаласы

29

алынып тасталды


30

"Семей мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Семей қаласы

31

алынып тасталды


32

"С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Алматы қаласы

32-1.

"Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ақтау қаласы

32-2.

"Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны

Алматы қаласы

33

алынып тасталды


34

"Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Теміртау қаласы