Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 220 және 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 шілде N 1007

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай 
өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
     1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау 
жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 
12 ақпандағы N 220  

P000220_

  қаулысына:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарындағы:
     реттік нөмірлері 30 және 31-жолдар алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 35-1 және 35-2-жолдармен 
толықтырылсын:
     "35-1 "Халықтың көші-   Көші-қон    маусым шілде тамыз
           қоны туралы"      агенттігі,
           Қазақстан         Еңбекмині
           Республикасының   СІМ, ІІМ
           Заңына өзгеріс-  

Z970204_

 
           тер мен толық-
           тырулар енгізу
           туралы
     35-2  Босқындар         Көші-қон    маусым шілде тамыз
           туралы            агенттігі,
                             Еңбекмині,
                             СІМ, ІІМ, ҰҚК
                             (келісім бойынша)";
     


      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 P000367_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 13-14, 140-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі 
іс-шаралары жоспарындағы:
     4.5 Демография және көші-қон бөлімінің 4.5.2 Халықтың сыртқы 
көші-қонын реттеу кіші бөлімінің реттік нөмірлері 4.5.2.1 және 4.5.2.2 
жолдарындағы 4-бағандағы "Мамыр" деген сөз "Шілде" деген сөзбен 
ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
     
     
Оқығандар:
     
     Бағарова Ж.А
     Орынбекова Д.Қ.