Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 шілде N 1006

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы мен мәтініне өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.04. N 1804  қаулысымен
     Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің қару мен әскери техниканы пайдалануын реттеу мақсатында Қазақстан  Республикасының Үкіметі қаулы етеді:<*> 
     1. Қоса беріліп отырған Қару мен әскери техниканы пайдалануға  құқылы субъектілердің тізбесі бекітілсін. 
     2. Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілер  арасында қару мен әскери техниканы беру Қазақстан Республикасы  Үкіметінің шешімімен ғана жүзеге асырылады деп белгіленсін. 
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Үкіметінің             
2000 жылғы 3 шілдедегі        
N 1006 қаулысына           
қосымша               

              Қару мен әскери техниканы пайдалануға
                    құқылы субъектілердің
                          тізбесі       

     1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері
     2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
     3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
     4. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
     5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитеті
     6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi
     7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы
     8. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) 
     9. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi 
     10.  Қазақстан Республикасының прокуратура органдары
     11. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 
      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.04. N  1804 , 2001.11.22. N  1503 , 2001.12.28. N  1755 , 2002.10.22. N  1138 ,
 2004.01.29. N  100 , 2004.09.29. N  996 , 2006.01.13.  N 38 , 2006.04.28. N  340  қаулыларымен.