1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының
құрамына кіретін жобалардың тиімділігін бағалаудың ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына кіретін жобалардың тиімділігін бағалауға уәкілетті орган болып айқындалсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы N 968 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына кіретін жобалардың тиімділігін бағалаудың ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасының құрамына кiретiн Жобалардың тиiмдiлiгiн бағалаудың осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасының (бұдан әрi - МИБ) құрамына кiретiн жобалардың тиімдiлiгiн бағалаудың объектiлерi мен элементтерiн бағалауды, ақпарат көздерін, нәтижелерiн жүзеге асырудың және пайдаланудың әдiстерi мен тәртiбiн айқындайды.
2. МИБ құрамына кіретiн жобалардың тиiмдiлігiн бағалаудың мақсаты олар бойынша нақтыланған бастапқы деректердi қоса алғанда, iске асырылатын жобалардың сапасын жақсарту үшін, МИБ-ке мәлiмделетiн жаңа жобаларды талдау үшiн және МИБ басымдықтарын түзету үшiн, iске асырылатын және аяқталған жобаларды бағалау нәтижелерiн пайдалану жолымен МИБ-тi жетілдiру болып табылады. Бағалаудың нәтижелерi, сондай-ақ салалық және аймақтық стратегиялардың мақсаттарына түзету енгiзу үшiн де пайдаланылуы мүмкiн.
3. Ереже МИБ құрамына кiретiн жобалардың тиімдiлiгiн бағалауға уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкілеттi орган), сондай-ақ МИБ құрамына кiретiн жобалардың iске асырылуын және бұдан кейiнгi пайдаланылуын жүзеге асырушы, мемлекеттiк басқарудың орталық және жергілiктi органдарының және мемлекет кепілдігіндегi мемлекеттiк емес заемдар есебiнен іске асырылатын немесе iске асырылған жобалар жөнiндегi заемшылардың (бұдан әрi - атқарушы агенттiктер) қолдануы үшiн міндетті.
4. Жобаның тиімділігін бағалау қажеттiлiгi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1389 P981389_ қаулысымен бекітілген, МИБ-тi әзiрлеудiң және iске асырудың ережесiнде МИБ мiндеттерiнiң бiрi ретiнде айқындалған, МИБ жобаларының орындалуын бақылау жөнiнде жүйелi жұмысты ұйымдастыру талаптарынан туындады.
2-тарау. Бағалау объектiлерi және элементтерi
5. МИБ құрамына кіретiн және iске асыру аяқталғаннан кейiнгi (аяқталған жобалар) iске асыру кезеңiндегi (iске асырылып жатқан жобалар) және жұмыс iстеу кезеңiндегi жобалар осы Ережемен айқындалған, тиiмдiлікті бағалау объектiлерi болып табылады.
Ереже дайындық кезеңiндегi жобалардың тиiмдiлiгiн бағалауға қолданылмайды. Мұндай бағалау уәкiлеттi орган бекiткен, МИБ құрамына мәлiмделетін Жобалардың экономикалық сараптамасын жүргiзу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
6. Iске асырылатын жобаларды және олардың құрамдас бөлiктерiн бағалаудың элементтерi нәтижелерi болып табылады; аяқталған жобаларды және олардың құрамдас бөлiктерiн бағалаудың элементтерi салдары мен ықпалы болып табылады.
7. Нәтижелер - жобаны немесе оның құрамдас бөлiктерін iске асыру барысында және iске асырудың аяқталуы сәтiнде қол жеткiзiлген, тiкелей материалдық немесе материалдық емес салдарлары. Нәтижелер жоспар-кестеде көрсетiлген, жоспарланған көрсеткiштермен салыстырылуы мүмкiн.
8. Салдары - бұл аяқталған жобаның немесе оның құрамдас бөлiктерiнiң нәтижелерiнен қоршаған ортада туындаған өзгерiстер. Салдары жобаның жоспарлау кезеңiнде жасалған және техникалық-экономикалық негiздемеде тұжырымдалған мақсаттарымен салыстырылуы мүмкiн.
9. Ықпалы - бұл аяқталған жобаның әлеуметтiк-экономикалық жағдайға әсерi. Iске асыру аяқталғаннан кейiн жұмыс iстеу кезеңiндегi жобаның немесе жобалар тобының салаға немесе аймаққа ықпалы шеңберiнде жобаның жоспарлануы және iске асырылуы жүзеге асырылған салалық немесе аймақтық стратегиялардың мақсаттарымен салыстырылуы мүмкiн.
10. Тиiмдiлiк - бұл тиiсiнше iшкi (жобаға қатысты) және сыртқы факторлардың үлесiн бөлумен (талдаумен) нәтижелерiн, салдарларын және ықпалын жобаның жоспарланған көрсеткiштерiмен, мақсаттарымен және стратегиялардың мақсаттарымен салыстыру.
3-тарау. Тиiмдiлiктi бағалауға арналған ақпарат көздерi
11. Мыналар тиiмдiлiктi бағалауға арналған ақпарат көздерi болып табылады:
iске асырылатын жобалар бойынша - орындаушы агенттiктiң МИБ-тiң құрамына енгiзiлген жоба жөнiнде орындалған жұмыс туралы есебi;
аяқталған жобалар бойынша - орындаушы агенттiктiң аяқталған жобаның жұмыс iстеу барысы туралы есебі.
12. Орындаушы агенттiктiң МИБ-тiң құрамына енгiзiлген жоба
жөнiнде орындалған жұмыс туралы жоспар-кесте және есеп беруiнiң нысаны, мазмұны және мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 маусымдағы N 848 P000848_ қаулысымен бекітілген, МИБ-тi iске асыру мониторингiн жүзеге асыру ережесiнде айқындалған. 13. Орындаушы агенттiктiң аяқталған жобаның жұмыс істеу барысы туралы есебi қол жеткен нәтижелер, салдарлары мен ықпалы туралы мәлiметтердi қоса алғанда, уәкiлеттi органның сұратуы бойынша берiледі және маркетинг, техникалық, әлеуметтiк, экологиялық, қаржы институциональдық және экономикалық бөлiмдер бойынша жоспарланған нақты деректердi салыстырудан тұрады. 4-тарау. Тиiмдiлiктi бағалау әдiстемесi 14. Нәтижелердi бағалау кезiнде: 1) жобаның дайындау кезеңiнде жоспарланған және түзетілген жоспар-кестеде көрсетілген мынадай нақтылы өлшемдердің сәйкестiк дәрежесi белгiленедi: заттай алғандағы жұмыстар көлемi; iске асыру кезеңдерi; қаржы шығындары; жобалық қуаты;
2) қол жеткiзілген көрсеткiштердiң стандарттар талаптарына және жоспарлау кезеңiнде тұжырымдалған өзге де талаптарға сәйкестiк дәрежесi белгiленедi;
3) жоспарлау кезеңiнде қабылданған алғышарттардың (бастапқы деректердiң), сондай-ақ күтiлiп отырған ағымдағы шығындардың және оларды қаржыландыру көздерiнiң расталу дәрежесi белгiленедi;
4) iске асыру барысында туындаған кедергілер мен оларды жою шаралары талданады және iске асыруға қатысушы тараптардың iс-қимылдары бағаланады;
5) нәтижелер алуда iшкi (жобаға қатысты) және сыртқы факторлар үлесiнiң ара қатынасы белгiленедi;
6) жоспарланған көрсеткiштерге қол жеткiзудiң тиiмдiлiгi туралы қорытынды жасалады.
15. Салдарын бағалау кезiнде:
1) жобаның қойылған мақсаттарына қол жеткізу деңгейі белгiленедi;
2) мақсаттарға қол жеткiзуде iшкi (жобаға қатысты) және сыртқы факторлар үлесінiң ара қатынасы белгiленедi;
3) ағымдағы шығындар туралы нақты мәлiметтер және жоспарлау кезеңiнде жасалған алғышарттарды растау деңгейiне талдау жасалады;
4) Жобаның жоспарланған мақсаттарына қол жеткiзудiң тиiмділiгi туралы қорытынды жасалады.
16. Әсерiн бағалау кезінде:
1) салалық және аймақтық стратегиялардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткізуде жобаның басқа жобалар қатарында үлесiнiң ара қатынасы белгiленедi:
2) саладағы немесе аймақтағы мемлекеттiк инвестициялардың басымдықтарына түзету енгiзу жөнiнде ұсынымдар әзiрленедi;
3) жоспарлау кезеңiнде жасалған (бастапқы деректер) ағымдағы шығындар туралы нақты мәлiметтер және алғы шарттардың растау дәрежесi талданады;
4) салалық және аймақтық стратегиялардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткiзуде жоба үлесiнiң тиiмдiлiгi туралы қорытынды жасалады.
17. Бағалаудың барлық түрiн орындау кезiнде жаңа (келешек) және жұмыс iстеп тұрған жобаларды дайындау және iске асыруды және тұтастай МИБ-пен жұмысты жақсарту жөнiнде ұсынымдар тұжырымдалады.
5-тарау. Тиiмдiлiктi бағалауды жүзеге асырудың және оның
нәтижелерiн пайдаланудың тәртiбi
18. Уәкiлеттi орган дербес немесе жобаны iске асыруға қатыспайтын тәуелсiз сарапшыларды және мемлекеттiк басқару органдарын тарта отырып, тиiмдiлiктi бағалауды жүзеге асырады.
19. Iске асырылатын жобалардың тиiмдiлiгiн бағалаудың нәтижелерi туралы есеп жыл сайын жасалады және жаңа жобаларды талдау кезiнде пайдаланылатын, оларды iске асырудың жоспар-кестесiне қажеттi өзгерiстер енгiзу жолымен бағаланатын жобалардың сапасын жақсарту үшiн және алғышарттарды (бастапқы деректердi) түзету үшiн пайдаланылады. Iске асырылатын жобалардың тиiмдiлігiн бағалау нәтижелерi туралы есеп, сондай-ақ МИБ-тiң өткен кезеңдегi орындалуын талдауға қатысты. МИБ-тi талдау бөлiгінің бөлiмiн дайындау кезiнде пайдаланылады.
20. Аяқталған жобалардың тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы
есеп әрбір жобаға қатысты оның ерекшеліктерін ескеріп орындаушы агенттікпен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген, жұмыс істеудің белгілі бір кезеңі өткеннен кейін жасалады. Аяқталған жобалардың тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы есеп МИБ басымдықтарын түзету үшін пайдаланылады және сондай-ақ, салалық және аймақтық стратегиялардың мақсаттарына түзету енгізу үшін пайдаланылуы мүмкін. Оқығандар: Бағарова Ж.А. Орынбекова Д.Қ.