"ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 26 маусым N 953

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мыналар:
      "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) 2000 жылғы 21 сәуірдегі Акцияларды беру шартын (электр энергетикасы), 2000 жылғы 12 мамырдағы Акцияларды беру шартын (газбен жабдықтау), "Трактебель С.А.", "Бельжэлектрик Файнэнс Б.В.", "Қазақ Энерго Инвест Б.В.", "Пауэрконтрактинг" С.А." компанияларымен Қоғамның жасасқан 2000 жылғы 12 мамырдағы Акцияларды беру шартына (газбен жабдықтау) 2000 жылғы 17 маусымдағы N 1 Өзгерістер мен толықтырулар туралы келісімді орындау жөніндегі жасаған жұмысы туралы ақпараты;
      Қоғамның заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғам сатып алатын Қазақстан Республикасының газ-көлiк және электр энергетикасы салаларындағы "Трактебель С.А." компаниясының 100 миллион АҚШ доллары мөлшерiндегi активтерiн төлеудi қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепілдiгiмен мемлекеттiк емес заемды тарту туралы ұсынысы.
      Қоғамның "Алматы Пауэр Консолидэйтед" жабық акционерлік қоғамының акцияларына бақылауды сақтау шартымен, жоғарыда көрсетілген қажетті қаржы ресурстарының бір бөлігін тартуды қамтамасыз ету ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен "Пауерфин Холдинг Б.В." ("Powerfin Holdings В.V.") компаниясының мүлкін пайдалану туралы ұсынысы назарға алынсын.

 

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.11. N 1236         

              қаулысымен. 


P001236_



     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.29. N 1475         

              қаулысымен. 


P001475_



     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



Оқығандар:


     Багарова Ж.А.

     Орынбекова Д.Қ.