1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензиялар беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар (лицензиялар) тізбесінде:
реттік нөмірі 12-жолдағы 2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Ақпаратты қорғау жөніндегі мемлекеттік-техникалық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі
агенттігі бір айлық мерзімде Мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін әзірлесін және Үкіметтің бекітуіне енгізсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.