"Қару-жараққа, әскери техникаға және екi ұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1511 келiсiм-шарт бойынша "Химзавод" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы (Исфара қаласы, Ленинабад облысы) үшiн "Заря" қазыналық химия заводы (Рубежное қаласы, Луганск облысы) беретiн 1-қосымшаға сәйкес мөлшердегi жарылғыш заттардың (тринитротолуол) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Тәжiкстан Республикасына транзитiне рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Халықаралық темiржол жүк қатынасы туралы келiсiмнiң Қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiне (2-қосымша) және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес қауiпсiздiктiң ерекше шараларын қамтамасыз ете отырып, жүктi 2 және 3-қосымшаларға сәйкес тиеу кестесiне орай және қозғалыс бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темiр жол көлiгiмен транзиттiк тасымалдауды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң Кеден
комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен жарылғыш материалдардың
(тринитротолуол) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн
бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгi осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 15 маусымдағы
N 895 қаулысына
1-қосымша
19.11.1999 жылғы N 1511 келісім-шарт бойынша "Заря"
қазыналық химия заводы (Рубежное қаласы), "Химзавод" ашық
үлгідегі акционерлік қоғамына (Исфара қаласы) беретін
тауарлардың
өзіндік ерекшелігі
---------------------------------------------------------------------------
Р/с! Тауардың атауы ! Өлшем ! Саны ! АҚШ ! АҚШ
N ! ! бірлігі ! !доллары. !долларымен
! ! ! !мен бағасы!жалпы құны
---------------------------------------------------------------------------
1. Гранулданған тринитротолуол тонна 1000 705 705000
ГОСТ 25857-83
2. Қабыршықтанған тринитротолуол тонна 2000 725 1450000
---------------------------------------------------------------------------
Келісім-шарттың жалпы сомасы:
2155000
Екі миллион бір жүз елу бес мың АҚШ доллары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 15 маусымдағы
N 895 қаулысына
2-қосымша
19.11.1999 жылғы N 1511 келісім-шарт бойынша "Заря" қазыналық химия
заводы (Рубежное қаласы), "Химзавод" ашық үлгідегі акционерлік қоғамына
(Исфара қаласы) өнімдер жөнелтуінің 2000 жылға арналған
кестесі
---------------------------------------------------------------------------
Р/с! Өнімнің атауы ! Өлшем !Барлығы !Оның ішінде тоқсандар
N ! ! бірлігі ! бір ! бойынша
! ! ! жылға !----------------------
! ! ! ! ІІ ! ІІІ ! IV
---------------------------------------------------------------------------
1. Тринитротолуол тонна 3000 500 1000 1500
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 15 маусымдағы
N 895 қаулысына
3-қосымша
2000 жылы беруге арналған жарылғыш заттардың
(тринитротолуол) қозғалысының
бағыты
Жарылғыш заттардың (тринитротолуол) қозғалу бағыты мына бағыттар
бойынша жүзеге асырылады:
Жөнелту станциясы: Рубежное, Донская т.ж;
Баратын станциясы: Исфара;
Шекарадан өту станциясы: Озинки - Шеңгелдi (Қазақстан).
Алушы: "Химзавод" АҮАҚ компаниясы, Исфара қаласы, Тәжiкстан.
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Орынбекова Д.Қ.