Жергiлiкті атқарушы органдардың қарыз алуы бойынша сыйақының (мүдденiң) шектi мөлшерiн және лимитiн анықтау ережесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 6 маусымдағы N 863. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 112 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.02.2016 № 112 қаулысымен.



     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы

бойынша сыйақының (мүдденiң) шекті мөлшерін және лимитін анықтау ережесі

бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

                                    2000 жылғы 6 маусымдағы

                                    N 863 қаулысымен бекiтiлген


      Жергiлiкті атқарушы органдардың қарыз алуы бойынша сыйақының

         (мүдденiң) шектi мөлшерiн және лимитiн анықтау ережесi


                       1. Жалпы ережелер



 
       1. Осы Ереже "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Z990357_ Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының заемдары бойынша сыйақының (мүдденiң) шектi мөлшерiн анықтау мен бақылау тәртiбiн және жергілiктi атқарушы органдарының қарыз алу лимитiн пайдалануын анықтау және есепке алу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары тартатын заемдар бойынша сыйақының (мүдденiң) шектi мөлшерi деп жылдық сыйақының (мүдденiң) проценттерiнде алынған жергiлiктi атқарушы органдардың сыртқы және iшкi заемдарды тартуға және оларға қызмет көрсетуге байланысты жиынтық шығындардың ұйғарынды деңгейi ұғынылады.
      3. Жергiлiктi атқарушы органның қарыз алу лимитi деп тиiсті жылға арналған жергiлiктi бюджетте белгiленетiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қабылданған шарттар мен шектеулерде жергiлiктi атқарушы органның жаңа заемдар тартуының шектi көлемi ұғынылады.
      4. Тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңымен бекiтiлетін жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуының жиынтық лимиті:
      бекiтiлген инвестициялық бағдарламалардың шеңберiнде республикалық бюджеттен жергiлiкті бюджеттердi несиелендiру үшiн көзделетін қаражаттың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервi құрамындағы арнайы резервтен (бұдан әрi - арнайы резерв) төмен тұрған бюджеттердi несиелендiру үшiн қаражаттың көлемiн;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiлген аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдардың заңды және жеке тұлғалардан қарыз алу көлемiнiң шектi ұйғарынды өлшемін қамтиды.
      5. Арнайы резервтiң қаражатын қалыптастыру және пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қаражатын пайдалану ережесiмен белгіленедi.
      Аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшiн жергiліктi атқарушы органдардың қарыз алу қаражатының лимитiн анықтау мен пайдалану тәртiбi осы Ережемен белгiленедi.
 
         2. Жергілiктi атқарушы органдардың қарыз алуы жөнiндегi
                сыйақының (мүдденің) шектi мөлшерiн анықтау
 
      6. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдары бойынша сыйақының (мүдденiң) шектi мөлшерiн анықтауды капиталдың iшкi және сыртқы рыноктарындағы несие ресурстарына сұраныс пен ұсынысты талдау және болжау, ұлттық және шетел валюталары бағамдарының өзгеруi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) жүргiзедi.
      7. Рыноктардағы жағдайларға талдау мен болжауды қамтамасыз ету мақсатында Министрлiк капитал рыноктары мен валюта рыногының негiзгi көрсеткiштерiнiң мониторингiн ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      8. Капитал рыноктарындағы жағдаятты ескере отырып Министрлiк капитал рыноктары, заемдар мен валюталардың түрлерi бойынша сараланған тиiстi жылға және тоқсанға арналған жергiлiкті атқарушы органдардың заемдары бойынша сыйақының (мүдденiң) шектi мөлшерiн белгiлей, сондай-ақ өзгерте алады.
      9. Тиiстi кезеңге анықталған жергіліктi атқарушы органдардың заемдары бойынша сыйақының (мүдденiң) мөлшерлерi Министрлiктiң бұйрығымен ресiмделедi, жергiлiкті атқарушы органдардың назарына жеткiзiледi және Министрлiктiң ресми басылымдарында жарияланады.
 
         3. Аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшiн
            жергілiкті атқарушы органдардың қарыз алу лимитiн анықтау
 
      10. Аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуының шектi ұйғарымды көлемiн анықтауды олар жинақтаған борыштың, қаражаттың түсу ағындарының, сыйақы ставкаларының, жергiлiктi атқарушы органдар заемдарының валюталары бағамының болжамды өзгеруiнiң берiлген үйлесiмдерiн және шектеулерiн ескере отырып, жергiлiктi бюджеттiң кiрiс бөлiгi динамикасына қатысты қолданыстағы заемдарды өтеудiң және қызмет көрсету көлемiнiң және құрылымының өзгеру динамикасын бағалаудың негiзiнде Министрлiк жүргiзедi.
       11. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуының шектi ұйғарымды көлемiн анықтау жөнiнде есептеме жүргiзу үшін Министрлiкте жергiлiктi атқарушы органдардың барлық заемдарының шарттары, заемдарды игерудiң, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң, кестелері мен iс жүзiндегi көрсеткiштерi жөнiндегi ақпаратты қамтитын жергiлiкті атқарушы органдардың заемдары бойынша деректердiң базасы қалыптастырылады және жүргiзiледi.
      12. Жергілікті атқарушы органдар жергiлiктi атқарушы органдардың қолданылып жүрген заемдары бойынша деректердi, ағымдағы жылы жаңа заемдарды игерудiң, оларға қол қоюдың болжамдары, сондай-ақ кейiнгi бес жылдың iшiнде жергiлiктi бюджет кiрiстерiнiң болжанып отырған көлемi бойынша деректердiң базасын қалыптастыру және жүргiзу үшiн барлық қажеттi ақпараттың Министрлiкке берiлуiн қамтамасыз етедi.
      13. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуының шектi ұйғарынды көлемiн есептеу кезiнде төмен тұрған бюджеттердi несиелендiру үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнаулы резервiнен алынған қаражатты республикалық бюджетке қайтару жөнiндегi өткен жылы iс жүзiнде орындамаған жергiлiктi бюджеттiң мiндеттемелерiнiң көлемi ескерiледi.
      14. Аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшiн жергiлiктi атқарушы органның қарыз алу лимитiн анықтаған кезде мынадай шектеулер пайдаланылады:
      тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi атқарушы органның қарыз алу лимитi жергiлiктi бюджеттің осы жылға арналған кiрiстерiнiң 10 пайызынан аспауы тиiс;
      жергiлiкті атқарушы орган борышының лимиті тиiсті қаржы жылына арналған жергілiктi бюджет кiрiстерiнiң 25 пайызынан аспауы тиiс;
      жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемi тиiсті қаржы жылына арналған жергiлiкті бюджет кiрiстерiнiң 10 пайызынан аспауы тиiс.
      15. Аймақтық инвестиялық бағдарламаларды қаржыландыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуының лимитiн анықтауды олар заңнамада белгiленген шектеулердi сақтаған кезде жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуының бағаланатын мүмкiндiгiне есеп айырысу жүргiзу жолымен Министрлiк жүзеге асырады. Есеп айырысулардың нәтижелерi бойынша, сол сияқты жергiлiкті атқарушы орган борышы лимитiнiң ұйғарынды мәнi анықталады және жергiлiктi атқарушы органдарға ұсынылады.
 
          4. Жергілiктi атқарушы органдардың қарыз алуының жиынтық
                      лимитiн бөлу тәртiбi
 
      16. Жергiлiктi атқарушы органдар бойынша қарыз алудың жиынтық лимитiн бөлудi Министрлiктiң ұсыныстарының негізiнде республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Президенті құрған бюджет комиссиясы жүзеге асырады және тиiстi жылға арналған басқа да бюджеттік көрсеткiштермен қатар Қазақстан Республикасының Yкiметі бекiтедi.
      17. Жергiлiкті атқарушы органдар бойынша қарыз алудың жиынтық лимитін бөлу жөнiндегі Министрлiктің ұсыныстары жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын талдаудың, негiзгi iс жүзiндегi және болжамды макроэкономикалық, бюджеттік көрсеткiштер мен мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыштың алдағы онжылдық кезеңіне арналған жай-күйінің және болжамының жыл сайынғы біріктірілген бағасын дайындауды жүзеге асыру

 

мерзімдерінде жергілікті атқарушы органдардың әрқайсысы үшін шектеулердің

негізінде қалыптасады.

     18. Министрлік ұсыныстарды әзірлеген кезде Қазақстан Республикасының

Үкіметі белгілеген тәртіппен келісу үшін жергілікті атқарушы органдар

дайындайтын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшін

заемдарды тарту жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары

ескеріледі.


                             5. Бақылау


     19. Осы Ереженің сақталуын бақылауды Министрлік жүзеге асырады.



     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.