Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 5 маусым N 852

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 P990223_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-тармақ алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде:
      11-тармақ мынадай мазмұндағы он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      "шетел ұйымдары алдында берешек мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия шеңберінде шетелдік кредиторлардың талаптарына құқықтық сараптама жүргізу;
      халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдардан, донор елдерінен қаржылық және техникалық көмекті тартуға және пайдалануға байланысты құқықтық мәселелерді белгіленген тәртіппен келісу";
      12-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының үкіметтік заемдары мен мемлекеттік

кепілдіктері бойынша заңгерлік бағалау (Legal орiniоn);";
     12-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
     "8) шетелдік ұйымдар алдындағы берешек мәселелері бойынша 
Ведомствоаралық комиссия шеңберінде қазақстандық заңды тұлғалардың 
шетелдік кредиторлар алдындағы берешектерінің сипатын анықтау;
     құқықтық құрамдастарды пайдаланудың басымдықтарын анықтауда 
халықаралық донорлық көмекті үйлестіру.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

     
     
Оқығандар:
     
     Бағарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.