Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына енгізілген жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асырудың ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 5 маусым N 848

Қолданыстағы
      Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын іске асыру кезінде үкіметтік және Үкімет тартқан, соның ішінде үкіметтік кепілдіктермен тартылған қаржылық қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына

енгізілген жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асырудың ережесі 
бекітілсін.
     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының 
Экономика министрлігіне жүктелсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
     
                                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                       2000 жылғы 5 маусымдағы
                                       N 848 қаулысымен бекітілген
     
           Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына
         енгізілген жобаларды іске асыру мониторингін
                      жүзеге асырудың 
                          Ережесі
     
                  1-тарау. Жалпы ережелер
     


      1. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына енгiзiлген жобаларды iске асыру мониторингiн жүзеге асырудың осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын (бұдан әрi - МИБ) iске асыруға қатысатын органдардың МИБ-ке енгiзiлген жобаларды iске асыру мониторингiн жүзеге асыру кезiнде өзара iс-қимылдарының тәртiбiн, МИБ-тiң iске асырылу барысы туралы ақпарат берудiң мазмұнын, нысанын және мерзiмдерiн белгiлейдi.
      2. МИБ-ке енгiзiлген жобаларды iске асыру мониторингiн жүзеге асырудың мақсаты шешiмдер қабылдау үшiн сенiмдi ақпараттың негiзiнде МИБ құрамына енгiзiлген (бұдан әрi - МИБ-ке енгiзiлген жобалар) инвестициялық жобаларды және институциональдық даму жобаларын iске асыру кезiнде үкiметтiк және Yкiмет тартқан, соның iшiнде үкiметтiк кепiлдiктермен тартылған қаржылық қаражатты пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
      3. Ереже МИБ-ке енгiзiлген жобаларды әзiрлеудi және iске асыруды жүзеге асыратын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк емес заемдардың есебiнен iске асырылатын жобалар бойынша заемшылардың (бұдан әрi - атқарушы агенттiктер) қолдануы үшiн мiндеттi.

            2-тарау. МИБ-ке енгiзiлген жобаларды iске асыру
                         туралы ақпарат берудiң және
                            пайдаланудың тәртiбi

      4. МИБ-тi iске асыру мониторингi атқарушы агенттiктердiң МИБ-ке енгiзiлген жобаларды әзiрлеудiң және iске асырудың барысы мен нәтижелерi туралы ақпарат жинауды, өңдеу мен ресiмдеудi және оны Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне (бұдан әрi - Экономика министрлiгi) ереженiң 3-тарауында көрсетiлген көлемде және мерзiмде берудi көздейдi.
      5. Экономика министрлiгi берiлген ақпаратты талдайды және тоқсан сайын жиынтық есеп жасайды. Жылдық есеп МИБ-тiң өткен кезеңде орындалуын талдауға қатысты МИБ-тің талдамалық бөлiмiнiң тарауын әзiрлеу кезiнде пайдаланылады.
      6. Мониторингтiң нәтижелерi бойынша Экономика министрлiгi кезектi жылға МИБ-ке енгiзiлген жобаларды қаржыландырудың көлемдерiне қатысты МИБ-тi қалыптастыру жөнiндегi комиссия үшiн ұсыныстар әзiрлейдi. Негiзделген жағдайларда Экономика министрлiгi ағымдағы жылдағы қаржыландыру көлемдерiн өзгерту туралы ұсыныстар әзiрлейдi. Мониторингтiң нәтижелерi, сондай-ақ МИБ-тiң құрамына мәлiмделетiн жаңа жобаларды талдау кезiнде пайдаланылады.

          3-тарау. Есептiлiктiң нысандары, ақпараттың мазмұны,
                      оны берудiң кезеңдерi мен мерзiмдерi

      7. МИБ-тi iске асыру мониторингiн жүзеге асыру атқарушы агенттіктердiң Экономика министрлiгiне мынадай құжаттарды тұрақты берiп тұруын көздейдi:
      МИБ-тiң құрамына енгiзiлген жобаны әзiрлеудiң және iске асырудың жоспар-кестесi (бұдан әрi - Жоспар-кесте);
      МИБ-тiң құрамына енгiзiлген жоба бойынша жұмыстардың заттай түрдегi орындалуы туралы есеп (бұдан әрi - Жұмыстардың орындалуы туралы есеп);
      жұмыстардың орындалуы туралы есепке түсiндiрме жазба;
      жұмыстардың орындалуы туралы есепке қосымшалар.
      8. Жоспар-кесте әрбiр жоба бойынша есептiк көрсеткiштердi анықтайтын құжат болып табылады. Жоспар-кесте әрбiр құрамдас бөлiк үшiн бүкiл жоба бойынша, оның құрамдас бөлiктерi бойынша және әрбiр iс-шаралар (жұмыстардың түрлерi) бойынша орындаудың және қаржыландырудың белгiленген тәртiппен бекiтiлген жоспарлы көлемдерiн қамтиды. Бұл ретте жоспарланатын жылға орындау және қаржыландыру көлемдерi бекiтiлген республикалық бюджеттiң тиiстi бюджеттiк бағдарламасымен келiсiледi және тоқсан бойынша бөлiнедi, ал жоспарланғаннан кейiнгi бiрiншi жылға арналған көлемдер осы жылға республикалық бюджет жобасының бюджеттiк бағдарламасын дәйектеу үшiн негiздеме болып табылады. Жоспар-кестеде, сондай-ақ жоспарланған жыл басталғанға дейiнгi кезеңге арналған нақты көлемдер, жоспарланатыннан кейiнгi екiншi жылға және келесi жылдарға арналған болжалды көлемдер көрсетiледi.
      9. Жоспар-кестенің нысаны 1-қосымшада берiлген. МИБ-ке енгiзiлген жобаның құрамдас бөлiктерi бойынша шараларды (жұмыстардың түрлерiн) орындаудың және қаржыландырудың жоспарлы көлемдерi, алымы тиiстi өлшем бiрлiктерiндегi заттай көрсеткiш болып табылатын, ал бөлiмiнде МИБ-ке сәйкес атқарушы агенттiк көрсеткен, валютамен қаржыландыру сомасы бөлшек түрiнде кестеге енгiзiледi. Заттай көрсеткiш ретiнде нақты шамалар (ұзындық, көлем, салмақ, сан және т.с.с.), әзiрленген құжаттар (жобалау-сметалық, тендерлiк құжаттама, есеп, қорытынды және т.с.с.) немесе жүзеге асырылған iс-қимылдар (консультация, семинар, iссапар, сатып алу, қадағалау, құжатты бекiту және т.с.с.) түсiндiрiледi.
      10. Iске асырыла бастауы жоспарланғаннан кейiнгi бiрiншi немесе екiншi жылдарға жоспарланған жобалар үшiн Жоспар-кесте қаржыландыру басталғанға дейiн жүзеге асырылатын, жобаны дайындау жөнiндегi iс-шаралардан (техникалық-экономикалық негiздеменi, заем немесе грант туралы келiсiмдi және басқа да құжаттарды әзiрлеу мен қарау және т.с.с.) тұрады. Мұндай iс-шаралардың iске асырылу кезеңi заттай көрсеткiштi және қаржыландыру сомасын көрсетпей-ақ кестенің тиiстi торларын қарайтумен көрсетiледi.
      11. Жұмыстардың орындалуы туралы есептiң нысаны 2-қосымшада берiлген. Жұмыстардың орындалуы туралы есеп есептi тоқсанда МИБ-ке енгiзiлген жоба бойынша қаржылық қаражатын игерудiң және жұмыстардың заттай түрдегi орындалуының жоспарлы және нақты көлемдерi туралы ақпараттан тұрады. Бұл ретте Жұмыстардың орындалуы туралы есептiң жоспарлы көрсеткiштерi Жоспар-кестенің көрсеткiштерiне сәйкес келедi.
      12. МИБ-ке енгiзiлген жоба бойынша жұмыстардың орындалуы туралы есепке түсiндiрме жазба еркiн нысанда жасалады. Түсiндiрме жазба мынадай мәлiметтерден тұрады:
      жоба туралы жалпы деректерден: салалық сектор, жобаның атауы, оның орналасқан жерi мен жобалық қуаты (күтiлiп отырған нәтижелер), атқарушы агенттiк, iске асыру кезеңi, сметалық (жалпы) құны, қаржыландыру көздерi (донорлар);
      несиелiк келiсiм жасау туралы мәлiмет, грант беру, мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы және жобаның iске асырыла бастауы туралы өзге мәлiметтер, жобаны соған сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландыру жүзеге асырылатын бюджеттiк бағдарламаға сiлтеме;
      қаржыландырудың және бөлiнген қаражатты игерудiң барысы туралы, жобаны iске асыру кезiнде туындаған проблемалар және оларды шешудің жолдары туралы, iске асыруға жоспарланған қаражатты үнемдеу немесе артық жұмсау себептерi туралы ақпарат;
      атқарушы агенттiктiң iс-әрекетiн қоса алғанда, жобаны iске асыруға қатысатын органдардың iс-қимылдарын сипаттап жазу;
      жабдықтар мен материалдар жеткiзудi және төленген салықтарды қоса алғанда, iске асыру кезеңiнде қазақстандық кәсiпорындар орындайтын жұмыс орындарын құру және жұмыс көлемдерi туралы мәлiмет;
      импортқа шығарылатын тауарлар (жабдықтар) мен қызмет көрсетулер, төленген салықтар мен кеден төлемдерi туралы мәлiмет;
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасы қосылған құн салығын, басқа да салықтарды төлеуден және кедендiк төлемдер салынуынан босатуды көздейтiн, Қазақстан Республикасына техникалық жәрдем көрсету шеңберiнде әкелiнетiн тауарларға қатысты мәлiмет;
      аяқталған жобалар (кезеңдер, құрамдас бөлiктер) үшiн - қойылған мақсаттарға және жоспарланған нәтижелерге (жобалық қуаттарға) жету туралы, iске асырудың нақты мерзiмдерi мен қаржыландыру көлемдерiнiң жоспардағыға сәйкестiгi туралы мәлiмет, болашақ ағымдағы шығындар және оларды қаржыландыру көздерi туралы нақтыланған мәлiмет.
      13. МИБ-ке енгiзілген жоба бойынша жұмыстарды орындау туралы есепке қосымшалар есептi тоқсанда қаржылық қаражатты игерудiң және заттай түрдегi жұмыстарды орындаудың жоспарлы және нақты көлемдерi туралы мәлiметтердi растайтын құжаттардың көшiрмелерiнен тұрады. Қосымшаларға мыналар:
      жобаны iске асырудың басталуы туралы куәлендiретiн құжаттардың көшiрмелерi;
      мердiгердi, жеткiзушiнi немесе консультантты таңдауға арналған тендерлердің барысы және нәтижелерi туралы хаттамалардың көшiрмелерi және Қазақстан Республикасы заңнамасының және тиiстi донордың сатып алу рәсiмiне талаптарының сақталуы туралы өзге де мәлiметтер, мердiгерлiк ұйым (жеткiзушi, консультант), субмердiгерлер (тартылған мамандар, жергiлiктi қызметшiлер) туралы мәлiметтер;
      жоба жөнiндегi шешiмдердi көрсететiн құжаттардың көшiрмелерi;
      жұмыстардың аяқталуы туралы куәлендiретiн құрылыс объектiлерiн қабылдау-өткiзу кесiмдерiнiң және өзге де құжаттардың көшiрмелерi енедi.
      14. Атқарушы агенттiктер Экономика министрлiгiне мынадай мерзiмдерде:
      Жоспар-кесте - жыл сайын 25 қаңтардан кешiктiрiлмей (қажет болған жағдайда жобаның ағымдағы жылда iске асырылу нәтижелерi бойынша нақтыланған Жоспар-кестесi келесi жылға арналған бюджеттiк бағдарламаның жобасын Бюджеттiк комиссияға жiберудiң алдында қайта енгiзiледi);
      жұмыстардың орындалуы туралы есеп, Жұмыстардың орындалуы туралы есепке түсiндiрме жазба және қосымшалар - есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын есеп бередi.
      15. Атқарушы агенттiк толық емес немесе кереғар ақпарат берген жағдайда Экономика министрлiгi атқарушы агенттiктен оны берудiң мерзiмiн тағайындай отырып, қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

            4-тарау. Ақпарат беру бойынша жұмысты ұйымдастыру
                      және оның дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк

      16. Атқарушы агенттiк жобаны iске асырудың жауапты құрылымдық бөлiмшесiн, тобын немесе жоба бойынша ақпарат әзiрлеуге өкiлеттi өзге органын тағайындайды. Атқарушы агенттiктің басшысы ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы үшiн жауапты тұлға болып табылады.
      17. Экономика министрлiгi тексерушi адамдарды жобаның iске асырылу орнына жiбере отырып, ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын тексеруге құқылы. Бұл ретте атқарушы агенттiк және оның уәкiлеттi органы тексерушi адамдарға жәрдем көрсетуге және олардың жоба жөнiндегi техникалық, бухгалтерлiк және өзге де құжаттамаға қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Тексерiс аяқталысымен Экономика министрлiгi есеп әзiрлейдi, оның көшiрмесi атқарушы агенттiкке жiберiледi.
      18. Атқарушы агенттiк уақытылы және толық ақпарат беруден жалтарған жағдайда Экономика министрлiгi ереженiң 2-тарауында көрсетiлген тәртiппен, Ереженiң талаптарына сәйкес жобаны қаржыландыруды тоқтату және МИБ-тен алып тастау туралы мәселе қоюға құқылы.
                                                              1-қосымша



                   Жоспарлаудың жыл сайынғы нысаны ЖК N

   Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына енгізілген жобаны
          әзірлеудің және іске асырудың жоспар кестесі
                  __________________________
                       (жобаның атауы)
     
     Атқарушы агенттік: ________________          
                                (атауы)         Жоспарланатын жыл: 200 __
     
 _______________________________________________________________________
N  !  Жобаның құрамдас! Заттай    !   Қаржыландырудың, оның ішінде
р/с! бөлігінің атауы    көрсеткіш.! 
   !                    тің өлшем !
   !                    бірлігі   !
 __!__________________!           !_____________________________________
     Шаралар (жұмыс                      !жылдар бойынша орындалу көлемі 
      түрлері)                           !______________________________
                                    жоба !  Жосп. жыл  ! Жылға небәрі
                                  бойынша! басталғанға !
                                  барлығы! дейін (факт)!
 _______________________________________________________________________
  1          2                3      4          5            6
 _______________________________________________________________________
        Барлық қаржыландыру
 _______________________________________________________________________
таблицаның жалғасы

     
 ___________________________________________________________________       
     Жоспарланатын жылға (жоспар)
 ___________________________________________________________________
 Оның ішінде тоқсан бойынша        !  болжам
 __________________________________!________________________________
    І   ! ІІ   !  ІІІ   !   ІҮ     ! Жосп. кейін! Жосп.   !Кейінгі
                                   ! 1-і жылға  !кейін    !жылдарға  
                                   !            !2-і жылға!
 __________________________________! ___________!_________!_________
    7   !   8  !    9   !   10     !    11      !   12    !  13
 ___________________________________________________________________

Ескертпе: 1. Қалыптылығы: алымында - заттай көрсеткіш, бөлімінде - ___ мың 
(МИБ сәйкес, теңге және АҚШ доллары).
2. Жоспар-кесте атқарушы агенттік басшысының қолымен жыл сайын 25 
қаңтардан кешіктірілмей Экономика министрлігіне беріледі.


                                                            2-қосымша



                   Есептеменің тоқсандық нысаны ОЖЕ N

     Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына енгізілген
                жоба бойынша заттай түріндегі жұмыстардың
                       орындалуы туралы есеп
     
                      _______________________
                           (жобаның атауы)
     
     Атқарушы агенттік: ____________ 
                              (атауы)         Есепті кезең: __тоқс. 200__ж.
 ________________________________________________________________________
N! Жобаның құрамдас! Заттай   ! Заттай   ! Заттай алғандағы жұмыстардың
 ! бөлігінің атауы ! алғандағы! көрсеткіш!        орындалу көлемі 
 !                 ! жұмыс    ! түріндегі!________________________________
 !                 ! түрлері  ! өлшем    ! жыл басынан ! оның ішінде есепті
 !                 !          ! бірлігі  !             !тоқсанда           
                                          _______________________________  
                   !          !          !жоспар! факт ! жоспар ! факт     
 !_________________!__________!__________!______!______!________!_________
1!       2         !     3    !    4     !   5  !   6  !   7    !   8  
 !________________________________________________________________________
                                                        Барлық қаржыландыру
 _________________________________________________________________________
                 
таблицаның жалғасы       
  __________________________________________
  Есепті тоқсандағы игеру 
  көлемі, ___________ мың (теңге немесе
  АҚШ долларымен)
  __________________________________________
        жоспар     !      факт
  _________________!________________________
          9               10 
  __________________________________________

Ескертпе: Валюта атауы МИБ-на сәйкес көрсетіледі. 
     
     
     Оқығандар: 
     Орынбекова Д.Қ. 
     Қасымбеков Б.А.