Отандық тауар өндірушілерді қолдау және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағына қатысушы мемлекеттерден тысқары жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылатын тауарларға арналған кеден баждарының ставкалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетін қазақстандық тарап қабылдаған сауда қызметін реттеу жөніндегі іс-шаралар туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы жарияланғаннан кейін отыз күннен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 5 маусымдағы
N 841 қаулысына қосымша
Ескерту. Қосымша толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.14. N 1713
қаулысымен
.
Ескерту. Қосымша толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.20. N 372
қаулысымен
.
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.09. N 13
қаулысымен
.
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.02.12. N 170
қаулысымен
.
Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына
қатысушы мемлекеттерден тысқары жерлерге әкетілетін
тауарларға арналған кедендiк баждардың ставкалары
____________________________________________________________________
ЕурАзЭқ | | Баж ставкасы
СЭҚ TH | Тауардың атауы* | (кедендiк
бойынша | | құннан %-бен
тауардың | | не евромен)
коды | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3
____________________________________________________________________
4101 Iрi қара малдың немесе жылқы 10, бiрақ 1000 кг
тұқымдасына жататын жануарлардың үшiн 90 евродан
өңделмеген терiлерi, түк басқан кем емес
немесе түк баспаған, қосарланған
немесе қосарланбаған
4102 Қойлардың өңделмеген терiлерi 10, бiрақ 1000 кг
немесе қозылардың жүн басқан үшiн 70 евродан
немесе жүн баспаған терiлерi, кем емес
қосарланған немесе қосарланбаған,
осы топқа 1в ескертуiмен
алынып тасталғандардан басқа
4103 Өзге де өңделмеген терiлер, түк 10, бiрақ 1000 кг
басқан немесе түк баспаған, үшiн 60 евродан
қосарланған немесе қосарланбаған, кем емес
осы топқа 1в немесе 1а ескертуiмен
алынып тасталғандардан басқа
5101- Кардамен немесе тарақпен тарауға 10, бiрақ 1000 кг
5104 00 000 0 ұшырамаған жүн, жануарлардың үшiн 50 евродан
қылдары, олардың қалдықтары; кем емес
түтiлген шикiзат
7204** Қара металдардың қалдықтары мен 15 бiрақ 1 тонна
сынықтары; қара металдардың үшiн 20 евродан
қайта балқытуға арналған құймалары кем емес
(шихталық құймалар)
7302 Темiр жол немесе трамвай жолдары 20, бiрақ 1 тонна
үшiн пайдаланылатын қара металдан үшiн 20 евродан
жасалған бұйымдар: рельстер, кем емес
қарсы рельстер және тiстi
рельстер, ауыспалы рельстер,
тұйық қиылыс айқаспалары, ауыспалы
штангалары және өзге де көлденең
қосылыстар, шпалдар, түйiспе
жапсырмалары мен төсемдерi,
сыналар, тiрек тақталары, iлгектi
рельс бұрандамалары, төсемдер мен
созғыштар, тұғырлар, көлденең
жақтаулар мен рельстердi қосуға
немесе бекiтуге арналған өзге де
бөлшектер
7404 00 Мыс қалдықтары мен сынықтары 30, бiрақ 1 тонна
үшін
330 евродан кем
емес
7601, Өңделмеген қайталама алюминий 15, бiрақ 1 тонна
7603 - 7616 және қайталама алюминийден 100 евродан кем
жасалған бұйымдар емес
8607 Темiр жол локомотивтерiнiң немесе 20, бiрақ 1 тонна
трамвайдың моторлы вагондарының үшiн 15 евродан
немесе жылжымалы құрамның кем емес
бөлшектерi
____________________________________________________________________
* Тауарлар номенклатурасы тауарлардың кодымен де, атауымен де айқындалады.
** Көрсетілген тауарларға әкетілетін кедендік баждардың ставкалары Еуропалық Одаққа мүше елдерге қатысты қолданылмайды.