Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 5 маусым N 838

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының

 

штат саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29

қазандағы N 1108 қаулысына:

     1-тармақтағы "13" деген сан "23" деген санмен ауыстырылсын;

     2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999

жылғы 24 желтоқсандағы N 1970 


P991970_


  қаулысына:

     1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Бағарова Ж.А.