Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзірлеу, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 2 маусым N 830

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы" 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 463 P990463_ және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі 463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 21 ақпандағы N 268 P000268_ қаулыларын іске асыру мақсатында, сондай-ақ, бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын уақытылы және сапалы әзірлеу, жүргізу және материалдарын өңдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Санақтың ұйымдық-методологиялық ережелерінің, оның материалдарын өңдеу құралдары мен бағдарламалық-технологиялық процесінің сапасын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі 2000 жылғы қыркүйек-қазанда Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов атындағы ауданында байқау Санағын жүргізсін. Оның қорытындыларын өңдеу мен талдауды 2001 жылдың 1 сәуіріне дейін аяқтасын, негізгі Санақтың бағдарламасы мен құралдарына түзетулер енгізсін.
      2. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері мынадай шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін:
      ауылдық жерлерде - 2002 жылдың 1 шілдесіне дейін елді-мекендердің, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа (фермер) қожалықтарының, ұжымдық бағбандық кооперативтер мен бау-бақшалардың, жері, малы мен құсы бар өзге де қосалқы шаруашылықтардың тізімдерін нақтыласын; <*>
      қалалық елді-мекендерде - 2002 жылдың 1 шілдесіне дейін мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінен және жұмыссыздардан іріктеліп алынған тіркеушілер үй шаруашылықтарының, ұжымдық бағбандық кооперативтер мен жері, малы мен құсы бар өзге де қосалқы шаруашылықтардың тізімдерін жасауды қамтамасыз етсін; <*>
      бұл іс-шараларды өткізу кезеңінде мемлекеттік статистика органдарын аудандар мен қалалардың әкімдері бекіткен кестелер бойынша үй-жайларымен, жабдықталған байланыс құралдарымен, жиһазбен және қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етсін;
      Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігімен келісілген кезеңге санақ қызметкерлері үшін қалалық және қала маңындағы бағыттарда, таксиден өзге, жолаушылар көліктерінің барлық түрлерінде жол жүру билеттерін беру туралы мәселені шешсін;
      байқауды және негізгі Санақты өткізу үшін санақшы кадрларды мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің ішінен, сондай-ақ жұмыссыздардың ішінен іріктеуді және толықтыруды жүзеге асырсын.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.27. N 1464
               қаулысымен. P001464_
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік статистика органдарына, барлық деңгейдегі әкімдерге санақ кадрларын жұмыссыздардың ішінен іріктеуге және жинақтауға жәрдем көрсетсін.
      4. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі 2002 жылғы 1 шілдесіне дейін қалалық және ауылдық жерлердегі жерді пайдаланушыларды орналастыру сызбасын нақтыласын және мемлекеттік статистика органдарына беретін болсын. Байқау Санағының аудан бойынша ұқсас материалдарын 2000 жылдың 1 тамызына әзірлесін. <*>
      Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.27. N 1464
               қаулысымен. P001464_
      5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
      Санаққа байланысты жүктер мен теңдеме жүкті уақытылы қабылдауды және жеткізуді;
      Санақ жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын қызметкерлерге жол жүру билеттерінің бірінші кезекте сатылуын;
      мемлекеттік статистика органдарын "Санақ" паролі бойынша қалааралық телефон байланысымен қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігі Аграрлық зерттеулердің ұлттық академиялық орталығы және оның институттары 2001 жылғы 1 маусымға дейін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша жеміс-жидектердің, жүзімдік көшеттердің түрлері мен сорттарын және ауыл шаруашылығы техникаларын айқындау үшін анықтамалардың электрондық нұсқасын әзірлесін.
      7. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен бірлесіп, бастапқы ақпараттың құпиялылығына айрықша назар аудара отырып, Санақтың мақсаттары мен міндеттерін ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияласын.
      8. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі 2003 жылдың қаңтарынан бастап, әкімшілік аудандар тұрғысында Санақ қорытындыларының өңделуін және жариялануын қамтамасыз етсін. <*>
      Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.27. N 1464
               қаулысымен. P001464_
      9. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне Санаққа байланысты республикалық бюджетте тиісті жылдың шығыстарына көзделетін еңбекке ақы төлеу қоры мен қаржы шегінде жылдар бойынша зерделенген Бірыңғай тарифтік кесте бойынша ақы төлеу арқылы 2000-2004 жылдар кезеңіне уақытша қызметкерлерді жұмысқа тартуға рұқсат берілсін. <*>
      Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.27. N 1464

              қаулысымен. 

P001464_

 
     10. Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы 
санағына байланысты іс-шараларды қаржыландыру республикалық бюджетте 
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің тиісті жылға ауыл 
шаруашылығы санағын жүргізуге арналған шығыстары құрамында көзделген 
қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылсын.
     11. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының 
Статистика жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
     12. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Бағарова Ж.А.