1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия берудің ережесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия беру жөніндегі комиссия құрылсын.
3. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен 2000 жыл үшін Мемлекеттік стипендиялар
төлеуге үстіміздегі жылғы желтоқсанда 8 700 000 (сегіз миллион жеті жүз мың) теңге бөлінсін, ал одан әрі - жыл сайын республикалық бюджетте "Мемлекеттік сыйлықтар" бағдарламасы бойынша көзделсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы N 812 қаулысымен бекітілген Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия берудің Ережесі
1. Осы Ереже Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия (бұдан әрі - Мемлекеттік стипендия) берудің тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік стипендия көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлерін материалдық қолдау мақсатында тағайындалады және Қазақстанның әдебиеті мен өнерін жасауға, сақтауға және дамытуға зор үлес қосқан, сондай-ақ жоғары шығармашылық әлеуеті бар адамдарға беріледі.
3. Қазақстанның:
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен:
Қазақстан Республикасының халық жазушысы, халық әртісі, халық суретшісі, еңбек сіңірген қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары болып табылатын;
жаңа шығармалар жасауға және Қазақстан мәдениетіне үлес қосуға жоғары шығармашылық әлеуеті бар азаматтары Мемлекеттік стипендияға үміткер бола алады.
4. Лауазымды адамдардың, баспалардың, редакциялардың, шығармашылық және басқа да қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық құрылымдардың ақы төленетін басшыларының, сондай-ақ сайланбалы органдар өкілдерінің кандидатураларын қарауға қабылданбайды.
5. Үміткерлердің кандидатураларын шығармашылық Одақтар, мәдениет және өнер ұйымдары мен мекемелері ұсынады.
6. Мемлекеттік стипендияны Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
7. Мемлекеттік стипендия алуға ұсынылатын құжаттардың тізбесін Комиссия белгілейді.
8. Комиссияның Мемлекеттік стипендия беруге кандидатураны бекіту
туралы шешімі Комиссияның отырысында қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Егер оған Комиссия мүшелерінің үштен екісінен астамы қатысып отырса, отырыстың құқықтық күші бар деп саналады. 9. Үкімет қажеттілігіне қарай Мемлекеттік стипендиаттардың жеке құрамын өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізе алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы N 812 қаулысына қосымша Көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендиялар беру жөніндегі комиссияның Құрамы Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мұхтар Абрарұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, төраға <*> Тілеухан - Қазақстан Республикасының Бекболат Қанайұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы <*> Жоламан - Қазақстан Республикасы Премьер- Рүстем Қабидоллаұлы Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік- мәдени даму бөлімінің меңгерушісі <*> Әбдіқов Төлен - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық саяси бөлімі меңгерушісінің орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) Асқаров - Қазақстан Республикасының Әлібек Асылбайұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мемлекеттік баспа бағдарламаларын қалыптастыру департаментінің директоры, хатшы Оразалин - Қазақстан Жазушылар одағы Нұрлан Мырқасымұлы басқармасының бірінші хатшысы (келісім бойынша) Мергенов - Қазақстан Суретшілер одағы Еркін Тілекұлы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Еркімбеков - Қазақстан Композиторлар Серік Жексембекұлы одағы басқармасының бірінші хатшысы (келісім бойынша) Андриасян - М.Лермонтов атындағы Рубен Суренович мемлекеттік академиялық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Клушкин - Құрманғазы атындағы Алматы Юрий Степанович мемлекеттік консерваториясының кафедра меңгерушісі Серкебаев - Қазақстан музыка Ермек Бекмұхамедұлы қайраткерлері одағы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Мәмбетов - Астана қаласындағы Қ.Қуанышев Әзербайжан Мәдиұлы атындағы Қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Райбаев Зәуір - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас балетмейстрі ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.30. N 1376 қаулысымен. P011376_ Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Бағарова Ж.А.