Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 мамыр N 806

Қолданыстағы

     "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 
Қазақстан Республикасының  

Z970111_

  Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан 
Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
     1. Қоса берiлiп отырған Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды 
өтеудiң ережесi бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға 
жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                        Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                              2000 жылғы 27 мамырдағы
                                                  N 806 қаулысымен
                                                     бекiтiлген
     
                  Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды
                               өтеудiң ережесi
     


      Осы ереже, меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар заңды және жеке тұлғаларға, олардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуi бойынша жұмсаған шығындарын бағдарлама әкiмшiлерiнiң өтеуiнiң негiзгi шарттары мен ережелерiн белгiлейдi.
      Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсеткенi үшiн шығындарды өтеу, мемлекеттiк бюджетте көзделген қаражат есебiнен, заңнамада белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады.

      1. Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың шығындарын жан басына шаққандағы норматив бойынша өтеу

      1. Жан басына шаққандағы норматив-медициналық қызметтердiң нақты көлемiн қамтамасыз ету үшiн жыл сайын бiр адамға есептелiп, қайта қаралатын шығындардың белгiленген нормасы. Жан басына шаққандағы норматив бiр тұрғынға анықталады.
      Жан басына шаққандағы норматив бойынша бастапқы

медициналық-санитарлық көмек көрсететiн (бұдан әрi - БМСК) жеке және заңды 
тұлғаларға мынадай шығындар:
     қызметкерлердiң жалақысы;
     жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтiк салық, автокөлiк құралдарын 
мiндеттi сақтандырудың жарналары);
     Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы 
уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен, Өмiрлiк маңызды 
дәрi-дәрмектердiң тiзiмiне сәйкес медикаменттердi және өзге де медициналық 
мақсаттағы құралдарды сатып алу;
     медициналық құралдар сатып алу;
     коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтерiне, жылу үшiн, электр 
энергиясы, ғимаратты күту жөнiндегi қызметтер көлiк қызметтерi үшiн ақы 
төлеу;
     ағымдағы шаруашылық мақсаттары үшiн заттар мен материалдар, жұмсақ 
мүкәммал сатып алу;
     жабдықтар мен мүкәммалды, ғимаратты ұстау және ағымдық жөндеу;
     негiзгi жабдықтарды сатып алу;
     ғимараттарды, құрылыстарды және негiзгi жабдықтарды күрделi жөндеу 
өтеледi.
     2. БМСК-тiң қаржыландыру көлемi тұрғындардың санын қызмет 
көрсетiлетiн аумақтың жан басына шаққандағы нормативiне және жыныстық 
жасын түзету коэффициентiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша 
есептелiнедi:
     К қарж. = С тұрғ.* Ж норма.* Ж коэфф., мұнда:
     К қарж. - БМСК ұйымын қаржыландыру көлемi,
     С тұрғ. - бекiтiлген тұрғындардың саны,
     Ж норма. - жан басына шаққандағы норматив,
     Ж коэфф. - жасы-жынысы бойынша түзету коэффициентi.


      Жасы-жынысы бойынша түзету коэффициентi - бұл, тұрғындардың жасы-жынысы бойынша әр түрлi санатына медициналық көмектi тұтыну деңгейiндегi айырмашылықтарды ескеретiн коэффициент.
      Жасы-жынысы бойынша түзету коэффициенттерiн қолдануды және есептеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы анықтайды.

      2. Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың шығындарын амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша өтеу

      3. Амбулаториялық-емханалық тарификатор мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсетiлетiн қызметтерге арналған тарифтер тiзбесi.
      Амбулаториялық-емханалық тарификатордың негiзгi экономикалық көрсеткiшi нақты қызмет құнының қызметтердiң барлық түрiнiң орташа құнына қатынасын көрсететiн қызметтердiң шығын көлемiнiң коэффициентi болып табылады.
      Мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн жеке және

заңды тұлғаларға амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша мынадай 
шығындар:
     қызметкерлердiң жалақысы;
     жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтiк салық, автокөлiк құралдарын 
мiндеттi сақтандырудың жарналары);
     Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы 
уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен, Өмiрлiк маңызды 
дәрi-дәрмектердiң тiзiмiне сәйкес медикаменттердi және медициналық 
мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алу;
     медициналық құралдар сатып алу;
     коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтерiне, жылу үшiн, электр 
энергиясы, ғимаратты күту жөнiндегi қызметтер, көлiк қызметтерi үшiн ақы 
төлеу;
     ағымдағы шаруашылық мақсаттары үшiн заттар мен материалдарды, жұмсақ 
мүкәммал сатып алу;
     жабдықтар мен мүкәммалды, ғимаратты ұстау және ағымдағы жөндеу;
     негiзгi жабдықтарды сатып алу;
     ғимараттарды, құрылыстарды және негiзгi жабдықтарды күрделi жөндеу 
өтеледi.


      4. Қызмет көрсетулердiң шығын көлемi коэффициенттерiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы белгiлейдi.
      5. Мамандандырылған амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшiн қаржыландыру көлемi қызметтердiң шығын көлемi коэффициентiн амбулаториялық-емханалық тарификатордың базалық тарифiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша анықталады:
      К қарж. = К ш. * Б т., мұнда:
      К қарж. - мамандандырылған амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшiн қаржыландыру көлемi,
      К ш - қызмет көрсетулердiң шығын көлемi коэффициентi,
      Бт - амбулаториялық-емханалық тарификатордың базалық тарифi.
      6. Бюджеттiк жылға арналған бағдарламаның әкiмшiсi амбулаториялық-емханалық ұйымдарда көрсетiлген қызметтер үшiн базалық тарифтi арнайы мамандандырылған емханалық көмекке көзделген бюджет қаражатын жоспарланған қызметтер санына бөлу жолымен, қызметтер шығыны коэффициентiн ескере отырып немесе формула бойынша анықтайды:
      Бт = К қаражат /(Жс * К ш.ор.), мұнда:
      К қаражат - арнайы мамандандырылған емханалық көмекке көзделген бюджет қаражаты,
      Жс - амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы қызметтердiң жоспарланған саны,
      Кш.ор - барлық жоспарланған қызмет көрсетулер бойынша шығын көлемiнiң орташа коэффициентi.
      Барлық жоспарланған қызмет көрсетулер бойынша шығын көлемiнiң орташа коэффициентi Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органының әдiстемелерiне сәйкес анықталады.

      3. Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар стационарлық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың шығындарын клиникалық-шығындық топтар бойынша өтеу

      7. Клиникалық-шығындық топтар (бұдан әрi - КШТ) - аурулардың, оларды емдеуге жұмсалған шығындар бойынша ұқсас, клиникалық бiртектi топтары.
      КШТ-тың негiзгi экономикалық өлшемi аурудың осы тобының шығындарының барлық топтар бойынша орташа шығындарға қатынасын көрсететiн, шығын көлемiнiң коэффициентi болып табылады.
      Аурулардың топтары бойынша шығын көлемiнiң коэффициентiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы белгiлейдi.
      Стационарлық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғаларға

клиникалық-шығындық топтар бойынша мынадай шығындар:
     қызметкерлердiң жалақысы;
     жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтiк салық, автокөлiк құралдарын 
мiндеттi сақтандырудың жарналары);
     Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы 
уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен, Өмiрлiк маңызды 
дәрi-дәрмектердiң тiзiмiне сәйкес медикаменттердi және медициналық 
мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алу; 
     азық-түлiк тағамдарын сатып алу;
     медициналық құралдар сатып алу;
     коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтерiне, жылу үшiн, электр 
энергиясы, ғимаратты күту жөнiндегi қызметтер, көлiк қызметтерi үшiн ақы 
төлеу;
     ағымдағы шаруашылық мақсаттары үшiн заттар мен материалдар, жұмсақ 
мүкәммал сатып алу;
     жабдықтар мен мүкәммалды, ғимараттарды ұстау және ағымдағы жөндеу;
     негiзгi жабдықтарды сатып алу;
     ғимараттарды, құрылыстарды және негiзгi жабдықтарды күрделi жөндеу 
өтеледi.


      8. Клиникалық-шығындық топтар бойынша емделiп шыққан жағдайды қаржыландыру көлемi шығын көлемi коэффициентiн стационарлық көмектi қаржыландырудың базалық ставкасына және стационар деңгейi коэффициентiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша анықталады:
      К қарж. = К шығ. * Б стац. * К дең., мұнда:
      Қ қарж.- клиникалық-шығындық топтар бойынша емделiп шыққан жағдайды қаржыландырудың көлемi,
      К шығ.- шығын көлемі коэффициентi,
      Б стац. - стационарлық көмектi қаржыландырудың базалық ставкасы,
      К дең. - стационар деңгейiнiң коэффициентi.
      Бюджеттiк жылға арналған бағдарламаның әкiмшiсi стационарлық көмектi қаржыландырудың базалық ставкасын стационарлық көмекке көзделген бюджеттiң қаражатын емделiп шыққан жағдайдың жоспарланған санына шығын көлемi коэффициентiн ескере отырып бөлу жолымен немесе формула бойынша анықтайды:
      Б стац. = К қарж./ (Жс * Кш.ор.), мұнда:
      Қ қаражат - стационарлық көмекке көзделген бюджет қаражаты,
      Ж с - емделiп шыққан жағдайдың жылдық жоспарланған саны,
      К ш.ор. - жоспарланған жағдайлардың шығындары көлемiнiң орташа коэффициентi.
      Жоспарланған жағдайлардың шығындары көлемiнiң орташа коэффициентi Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органының әдiстемелерiне сәйкес анықталады.

                    4. Есеп берудi ұсынудың тәртiбi

      9. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек, арнайы мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек көрсететiн ұйымдар шығындарды өтеу үшiн бағдарламаның әкiмшiсiне ай сайын белгiленген мерзiмде 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес есеп-тiзiлiмдерiн бередi.
      10. Есеп-тiзiлiмдердi төлеу үшiн 4-қосымшаға сәйкес жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) қабылдау кесiмi жасалады.
      11. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын медициналық ұйымдар бюджеттiк қаражатты пайдаланғаны туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша бағдарламалар әкiмшiлерiне есеп бередi.
                                              Медициналық көмекке жұмсалған

шығындарды өтеудің ережесіне 1-қосымша


                      Ведомстволық статистикалық есеп беру

"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 
 

Z970098_

  Заңына сәйкес ұсынылады                            N 1-нысан ОДА
                                                           Ай сайын
Кімге ұсынылады _____________________________________
                        атауы
___________________________________________
        алушының мекен-жайы
Министрлік ___________________________________________  Денсаулық сақтау
___________________________________________             ұйымдары есепті
Кәсіпорын, мекеме, ұйым ______________________________  мерзімнен кейінгі
           ___________________________________________  айдың 5-інен   
Мекен-жайы ___________________________________________  кешіктірмей
                                                        бағдарлама
Меншік нысаны ________________________________________  әкімшісіне
                                                        ұсынады
Негізгі қызмет түрі __________________________________
                       Бастапқы медициналық-санитарлық
                         көмек көрсететін ұйымдардың
                                есеп-тізілімі     
     
Есепті кезең
---------------------------------------------------------------------------
NN!Ұйымның атауы ! Жан басына шаққандағы !Бекітілген тұрғындардың!Төлеуге
  !              !    норматив (теңге)   !          саны         !ұсынылды
---------------------------------------------------------------------------
 1!      2       !           3           !             4         !    5   
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
    Барлығы
---------------------------------------------------------------------------
М.О.                              Бас дәрігер (директор)
                                  Бас бухгалтер 
                                  200  ж. "___"_________


                                              Медициналық көмекке жұмсалған

шығындарды өтеудің ережесіне 2-қосымша


                      Ведомстволық статистикалық есеп беру

"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының  

Z970098_

 
Заңына сәйкес ұсынылады                                    N 1-нысан КДҚ
                                                           Ай сайын
Кімге ұсынылады _____________________________________
                        атауы
___________________________________________
        алушының мекен-жайы
Министрлік ___________________________________________  Денсаулық сақтау
___________________________________________             ұйымдары есепті
Кәсіпорын, мекеме, ұйым ______________________________  мерзімнен кейінгі
           ___________________________________________  айдың 5-інен   
Мекен-жайы ___________________________________________  кешіктірмей
                                                        бағдарлама
Меншік нысаны ________________________________________  әкімшісіне
                                                        ұсынады
Негізгі қызмет түрі __________________________________
                    Консультативтік-диагностикалық қызмет
                           көрсететін ұйымдардың
                               есеп-тізілімі     
     
Есепті кезең
Базалық тариф
---------------------------------------------------------------------------
N!Тарификатор   ! Қызмет саны !Шығын көлемі !Орындалған базалық !Төлеуге
 !бойынша кодтау!             !коэффициенті !салмақ коэффициент.!ұсынылды
 !              !             !             !тері               !
---------------------------------------------------------------------------
  коды|кіші коды
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
Барлығы
---------------------------------------------------------------------------
М.О.                              Бас дәрігер (директор)
                                  Бас бухгалтер 
                                  200  ж. "___"_________


                                              Медициналық көмекке жұмсалған

шығындарды өтеудің ережесіне 3-қосымша


                      Ведомстволық статистикалық есеп беру

"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының  

Z970098_

 
Заңына сәйкес ұсынылады                                    N 1-нысан СК 
                                                           Ай сайын
Кімге ұсынылады _____________________________________
                        атауы
___________________________________________
        алушының мекен-жайы
Министрлік ___________________________________________  Денсаулық сақтау
___________________________________________             ұйымдары есепті
Кәсіпорын, мекеме, ұйым ______________________________  мерзімнен кейінгі
           ___________________________________________  айдың 5-інен   
Мекен-жайы ___________________________________________  кешіктірмей
                                                        бағдарлама
Меншік нысаны ________________________________________  әкімшісіне
                                                        ұсынады
Негізгі қызмет түрі __________________________________
                       Стационарлық көмек көрсететін  
                          ұйымдардың есеп-тізілімі     
     
Есепті кезең
Базалық ставка
---------------------------------------------------------------------------
NN!Бөлімшенің аты!Емделгендердің саны !N КШТ ! Таразылық !Базалық! Төлеуге
  !              !(емделіп шыққаны +  !      !коэффициент!ставка.!ұсынылды
  !              !   қайтыс болғаны)  !      !           !  лар  !
  !              !   барлық аурулар   !      !           ! саны  !
---------------------------------------------------------------------------
1 !      2       !         3          !  4   !    5      !   6   !    7
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
    Барлығы
---------------------------------------------------------------------------
М.О.                              Бас дәрігер (директор)
                                  Бас бухгалтер 
                                  200  ж. "___"_________
     


                                              Медициналық көмекке жұмсалған

шығындарды өтеудің ережесіне 4-қосымша


                              Жұмысты (қызметті)

                                  қабылдау
                                   актісі
     
Медициналық ұйымның атауы __________________________
Есепті кезең ______________________________
---------------------------------------------------------------------------
    Жұмыстың (қызметтің) атауы     ! Төлеуге ұсынылды,    !    Төлеуге
                                   !     мың теңге        !  қабылданды,  
                                   !                      !   мың теңге
---------------------------------------------------------------------------
Бастапқы медициналық-санитарлық                                        
көмек
---------------------------------------------------------------------------
Консультативтік-диагностикалық  
қызмет
---------------------------------------------------------------------------
Стационарлық көмек
---------------------------------------------------------------------------
Ескерту ________________________________________________________
________________________________________________________________
_________________________________________
     
Бағдарлама әкімшісі                        Медициналық ұйым
     
Лауазымы ______________                          Лауазымы ______________
Аты-жөні ______________                          Аты-жөні ______________
қолы _____________                               қолы _____________
       М.О.                                       М.О.
     
     
    Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Бағарова Ж.А.