Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездік, психоневрологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық лепрозорийі ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 26 мамыр N 802

Қолданыстағы
      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан

Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы 
етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездік, 
психоневрологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ 
республикалық лепрозорийі ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді 
сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға 
жатады.
     
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Yкiметiнiң
                                          2000 жылғы 26 мамырдағы
                                              N 802 қаулысымен
                                                 бекiтiлген
     
     Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездiк, психоневрологиялық        
        мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық          
          лепрозорийi ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi
              сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесi
     
           1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын                    
    санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездiк, психоневрологиялық         
      мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық
        лепрозорийi ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi              
             сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесi
        


      1. Психоневрологиялық (емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханалары), туберкулездiк мекемелер (қосалқы шаруашылықтар), Қазақ республикалық лепрозорийi (қосалқы шаруашылық) ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен қаражат мынадай тәртiппен:
      жоғарыда көрсетiлген мекемелерде емделудегi науқастар үшiн азық-түлiк тағамдарын, медикаменттердi және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алуға;
      емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханаларының, қосалқы шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
      емдеу-өндiрiстiк шеберханаларында және қосалқы шаруашылықтарда жұмыс iстейтiн науқастарға әлеуметтiк-тұрмыстық көмек көрсетуге;
      психоневрологиялық мекемелердiң жанындағы емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханаларында жұмыс iстейтiн науқастарға сыйақылар төлеуге;
      емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханаларында және қосалқы шаруашылықтарда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеуге;
      емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханаларының және қосалқы шаруашылықтардың өндiрiстiк қызметiне байланысты шығыстарды жабуға пайдаланылады.
      2. Заңнамада белгiленген тәртiппен санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын, өтiнiштер бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсетулердi сатудан, оның iшiнде нормативтiк-техникалық құжаттамалармен қамтамасыз етуден түскен қаражат мынадай тәртiппен:
      санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаларды, оның iшiнде зертханалық зерттеулердi орындауға байланысты шығыстарды жабуға;
      жабдықтарды метрологиялық қамтамасыз етуге байланысты шығыстарға;
      Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының баспа өнiмдерiн өндiруге байланысты шығыстарына;
      кәсiптiк-гигиеналық даярлықты жүргiзуге, оның iшiнде тартылатын сарапшылардың, оқытушылардың еңбегiне ақы төлеуге байланысты шығыстарға;
      санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың үй-жайлар мен басқа да объектiлерге дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргiзу жөнiндегi шығыстарына пайдаланылады.
      3. Сот сараптамасы өндiрiсiне, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi бекiткен бағдарламаларға кiрмейтiн, шарттардың негiзiнде орындалатын ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк зерттеулер жүргiзуге байланысты сот сараптамасы органдары (Сот медицинасының орталығы мен оның аумақтық бөлiмшелерi) ұсынатын қызмет көрсетулердi сатудан түсетiн қаражат мынадай тәртiппен:
      сот сараптамасы органдары ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк зерттеулер жүргiзу арқылы өзiнiң өндiрiсiне байланысты шеккен шығыстарды жабуға;
      сот-медициналық сарапшыларды кәсiптiк даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға;
      сот-медициналық сараптама органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жетiлдiруге пайдаланылады.

               2. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын
      санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездiк психоневрологиялық
     мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен
                  қаражатты пайдаланудың ережесi

      4. Психоневрологиялық мекемелер (емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханалары), туберкулездiк мекемелер мен санаторийлер (қосалқы шаруашылықтар) ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен қаражат мынадай тәртiппен:
      жоғарыда көрсетiлген мекемелерде емделуде жүрген науқастар үшiн азық-түлiк тағамдарын, медикаменттер мен өзге де медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алуға;
      емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханаларының, қосалқы шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
      емдеу-өндiрiстiк шеберханаларында және қосалқы шаруашылықтарда жұмыс iстейтiн науқастарға әлеуметтiк-тұрмыстық көмек көрсетуге;
      психоневрологиялық мекемелердiң жанындағы емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханаларында жұмыс iстейтiн науқастарға сыйақылар төлеуге;
      емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханаларында және қосалқы шаруашылықтарда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеуге;
      емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханаларының және қосалқы шаруашылықтардың өндiрiстiк қызметiне байланысты шығыстарды жабуға пайдаланылады.
      5. Заңнамада белгiленген тәртiппен санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер, өтiнiштер бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсетулердi сатудан, оның iшiнде нормативтiк-техникалық құжаттамалармен қамтамасыз етуден түскен қаражат мынадай тәртiппен:
      санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаларды, оның iшiнде зертханалық зерттеулердi орындауға байланысты шығыстарды жабуға;
      жабдықтарды метрологиялық қамтамасыз етуге байланысты шығыстарға;
      нормативтiк-техникалық құжаттамалармен қамтамасыз етуге байланысты шығыстарға;
      санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың үй-жайлар мен басқа да объектiлерге дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргiзу жөнiндегi шығыстарына;
      кәсiптiк-гигиеналық даярлықты жүргiзуге, оның iшiнде тартылатын сарапшылардың, оқытушылардың еңбегiне ақы төлеуге байланысты шығыстарға пайдаланылады.

           3. Есепке алу мен есеп беру тәртiбi

      6. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтаудың мемлекеттiк мекемелерi көрсететiн ақылы қызмет көрсетулерге арналған бағаларды табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк (уәкiлеттi) органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы; жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердi - табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi аумақтық органдармен келiсiм бойынша аумақтық денсаулық сақтау органдары бекiтедi.
      7. Мемлекеттiк мекемелер тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан алатын қаражат мемлекеттiк мекеменiң "Ақылы қызмет көрсетулерден түскен қаражат" ағымдағы шотына есептеледi, әрi қатаң мақсатты арнаулы сала бойынша жұмсалады және оларды бөлушiлер мемлекеттiк мекемелердiң басшылары

болып табылады.
     8. Тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен қаражатты есепке 
алу мен есеп беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге
асырылады.
     9. Тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен қаражатты жұмсау 
үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген
тәртiппен шығыстардың сметасы жасалады және бекiтiледi.



     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Бағарова Ж.А.