Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындардың кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 мамыр N 794

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Инжгеодезия" Алматы инженерлiк-геодезиялық iздестiру қазыналық кәсiпорыны, "Ғылыми-өндiрiстiк картографиялық және геоақпараттық жүйелер кәсiпорыны" қазыналық кәсiпорыны (Картақпарат ҒӨҚ)", "Талғаргеодезия" Талғар картографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорыны, "Талдықорғангеодезия" Талдықорған топографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорыны, оларды Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң "Қазгеокарт" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      "Қазгеокарт" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынының негiзгi мiндеттерi - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын делимитациялау және демаркациялау мақсатында кешендi далалық зерттеу Қазақстан Республикасының аумағында топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындау, сондай-ақ Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiн айқындау үшiн картографиялық-геодезиялық жұмыстардың өндiрiсi болып белгiленсiн.
      2. "Жамбылгеодезия" Жамбыл картографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорыны және "Шымкентгеодезия" Оңтүстiк Қазақстан топографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорыны, оларды Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң "Оңтүстiкгеодезия" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынына қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      3. Мына республикалық мемлелеттiк қазыналық кәсiпорындар:
      "Көкшетаугеодезия" Көкшетау картографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорыны - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң "Солтүстiкгеодезия" қазыналық кәсiпорыны;
      "Ақтөбегеодезия" Ақтөбе картографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорыны - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң "Батысгеодезия" қазыналық кәсiпорыны;
      "Ақмолатопогеодезия" Ақмола топографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорыны - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң "Астанатопография" қазыналық кәсіпорыны;
      "Семейгеодезия" Семей картографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорыны - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң "Шығысгеодезия" қазыналық кәсiпорыны;
      "Қазгеодезияның орталық картографиялық-геодезиялық қоры" (ОКГҚ) қазыналық кәсiпорыны - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң "Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры" қазыналық кәсiпорыны;
      "Қарағандымаркшейдер" Қарағанды топографиялық-маркшейдерлiк қазыналық кәсiпорыны - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң "Орталықмаркшейдер" қазыналық кәсiпорыны болып қайта аталсын.
      4. 2 және 3-баптарда көрсетiлген қайта ұйымдастырылған және атаулары өзгертiлген республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындардың негiзгi мiндеттерi - топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау болып белгiленсiн.
      5. 1, 2 және 3-тармақтарда көрсетiлген республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттiк меншiк субъектiсiнiң құқығы функцияларын жүзеге асыратын органы болып - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi белгiленсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) қайта ұйымдастырылған және атауы өзгертiлген республикалық мемлекеттiк қазыналық кэсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
      2) қайта ұйымдастырылған және атауы өзгертiлген республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн және қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      7. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

 

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк

кәсiпорындардың тiзбесiндегi "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

министрлiгінің Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi" бөлiмi мынадай

редакцияда жазылсын:

     "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегi

агенттiгi";

     реттiк нөмiрлерi 113, 119, 121 және 122-жолдар алынып тасталсын;

     реттiк нөмiрлерi 110, 111, 112, 114, 115, 116, 117, 118 және

120-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

     "110 "Қазгеокарт" республикалық

     мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны                      Алматы қаласы

     111 "Оңтүстiкгеодезия" республикалық

     мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны                      Тараз қаласы

     112 "Картография" республикалық

     мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны                      Алматы қаласы

     114 "Астанатопография" республикалық

     мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны                      Астана қаласы

     115 "Ұлттық картографиялық-геодезиялық

     қоры" республикалық мемлекеттiк

     қазыналық кәсiпорыны                                  Алматы қаласы

     116 "Батысгеодезия" республикалық

     мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны                      Ақтөбе қаласы

     117 "Орталықмаркшейдер" республикалық

     мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны                      Қарағанды қаласы

     118 "Солтүстiкгеодезия" республикалық

     мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны                      Көкшетау қаласы

     120 "Шығысгеодезия" республикалық

     мемлекеттiк қазыналық кәсіпорыны                      Семей қаласы".

     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



    Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Бағарова Ж.А.