мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары бағдарламаларды әзірлеу кезінде осы Ережені басшылыққа алсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25 мамырдағы N 789 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзiрлеудің ережесi 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында бағдарламаларды әзiрлеуге бiрыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi және бағдарламалардың жобаларын қалыптастыру ұғымдарын, ұйымдық-методологиялық негiздерiн, жалпы қағидаттарын, оларды әзiрлеудiң, келiсудiң және бекiтудiң, сондай-ақ олардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлейдi.
2. Бағдарламаларды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдары және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар стратегиялық және индикативтiк жоспарларға сәйкес өмірдiң экономикалық, әлеуметтiк және басқа да салаларының неғұрлым маңызды проблемаларын шешу үшiн әзiрлейдi.
3. Бағдарламалар:
1) өздерiнiң мәртебесi мен маңызы бойынша: мемлекеттiк, салалық және аймақтық;
2) iске асыру мерзiмдерi бойынша: қысқа мерзiмдi (2 жылға дейiн), орта мерзiмдi (2 жылдан 5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмдi (5 жылдан жоғары);
3) проблемалары бойынша: әлеуметтiк, экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және тағы сол сияқты болып бөлiнедi.
4. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) тұжырымдама - деңгейi және iске асыру мерзiмдерi әртүрлi әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешу мақсаттарына, мiндеттерiне, жолдарына және тетiктерiне көзқарастардың жалпы жүйесi (индикативтiк жоспарлар, мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламалар);
2) индикативтiк жоспар - мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық даму саясатының негiзгi бағыттарын, жоспарланатын кезеңге арналған оларды iске асыру жөнiндегi iс-шараларды, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының мақсатты көрсеткiштерiн (индикаторларын) және мемлекеттiк экономикалық реттегiштердiң тiзбесiн қамтитын құжат.
Индикативтiк жоспарлар орын алып отырған проблемаларды кешендi түрде шешуге және стратегиялық мақсаттарға кезең-кезеңiмен қол жеткiзуге бағытталған, орта мерзiмдi және ағымдағы перспективаға арналған мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясатты айқындайды;
3) бағдарлама - стратегиялық жоспарларға сәйкес елдiң, салалардың, аймақтардың экономикасын дамытудың және жекелеген қызмет салаларының нақты мақсаттарына қол жеткізуге, нақты проблемаларын шешуге бағытталған өзара байланысты ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтiк, қаржылық және техникалық шаралардың жиынтығы;
4) мемлекеттiк бағдарлама - Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен және республиканың бүкiл аумағында немесе басым бөлiгiнде iске асырылатын бағдарлама;
5) салалық (секторлық) бағдарлама - экономиканың жекелеген салаларының, олардың кiшi салаларының және секторларының даму проблемаларымен байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен бағдарлама;
6) аймақтық бағдарлама - аймақтық (аумақтық) маңызы бар проблемаларды шешуге бағытталған, мәслихаттар бекiткен бағдарлама;
7) iс-шаралар жоспары - мерзiмдерiн, орындаушыларын, аяқтау нысандарын белгілеу арқылы бағдарламалық құжаттарды iске асыруға бағытталған нақты iс-қимылдардың жиынтығы. Кейбiр жағдайларда iс-шаралар жоспарына инвестициялардың көлемдерi мен қаржыландыру көздерi енгiзiледi.
5. Қазақстан Республикасында бағдарламалардың мынадай сатылары белгiленедi:
1) мемлекеттiк бағдарлама;
2) салалық бағдарлама;
3) аймақтық бағдарлама.
6. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бағдарламалар әзiрлеу жөнiндегi қызметiне әдiстемелiк басшылықты Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жүзеге асырады.
2. Тұжырымдама әзiрлеудiң негізгі қағидаттары
7. Тұжырымдама еркiн нысанда жазылады және нақты салада немесе қызмет аясында анықталған проблемаларды баламалы шешудiң негiзгi ой-ниетiн және мүмкiн жолдарын бiлдiредi.
8. Жалпы мемлекеттiк маңызы бар және салааралық сипаттағы
проблемаларды шешетiн бағдарламалар әзiрлеу үшiн тұжырымдама әзірлеу мiндеттi шарт болып табылады. 9. Тұжырымдаманы Бағдарламаның жауапты орындаушысы әзiрлейдi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi. Шешiлетiн мiндеттердiң деңгейiне қарай Қазақстан Республикасының Үкiметi тұжырымдаманы Қазақстан Республикасы Президентiнiң мақұлдауына ұсынуы, не Қазақстан Республикасының Yкiметi мақұлдауы мүмкiн. 10. Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасының Yкiметi мақұлдағаннан кейiн қабылданды деп саналады және тиiстi бағдарламаны әзiрлеу кезiнде негiз болады. 3. Мемлекеттік бағдарлама 11. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес мемлекеттiк бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 12. Қазақстан Республикасының Үкiметi, егер ол жалпыұлттық сипаттағы неғұрлым iрi және маңызды мiндеттердi шешуге бағытталған жағдайда, салалық бағдарламаға мемлекеттiк мәртебесiн беру туралы Мемлекет басшысына ұсыныс енгiзе алады. 13. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 4. Салалық (секторлық) бағдарлама 14. Салалық (секторлық) бағдарлама орта мерзiмдi индикативтiк жоспарлардың құрамында әзiрленедi және салалық (секторлық) маңызы бар неғұрлым iрi және маңызды мiндеттердi шешуге бағытталған өзара байланысты шаралардың кешенiн айқындайды. 15. Салалық бағдарламаны орталық атқарушы органдар ұлттық компаниялармен және экономиканың тиiстi секторларында жұмыс iстеп тұрған мемлекеттiк ұйымдармен бiрлесiп әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 5. Аймақтық бағдарлама 16. Аймақтық бағдарлама аймақтық (аумақтық) әлеуметтiк-экономикалық даму міндеттерiн шешуге бағытталған өзара байланысты шаралар кешенiн айқындайды. 17. Аймақтық бағдарламаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi әзiрлейдi. Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабына сәйкес аймақтық бағдарламаларды жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтедi. 6. Мемлекеттiк, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларға қойылатын негізгі талаптар
18. Бағдарламалар неғұрлым iрi және маңызды экономикалық, әлеуметтiк және басқа да мiндеттердi шешуге бағытталған өзара байланысты шаралар кешенiн айқындайды, мақсатты жiтi анықтауға негiзделедi және Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму Стратегиясында белгiленген экономикалық дамудың ұзақ мерзiмдi стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, республикада тиiмдiлiгi жоғары ұлттық экономика жасау үшiн қойылған мақсатқа қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн, күтiлетiн нәтижелердi көрсету арқылы мерзімдері, ресурстары және орындаушылары бойынша келiсiлген iс-шаралардың жүйесiн қамтиды.
19. Бағдарламалар:
1) бағдарламаның нақты мақсаттарын, оларды iске асыру жолдарын жiтi айқындауға;
2) бағдарламалық iс-шаралар мен тапсырмалардың атаулылығына, мерзiмдердi нақты белгiлеуге және оларды iске асырудың дәйектілiгiне, орындаушылар қызметiнiң бағдарламалық мақсаттарға қол жеткiзуге қатаң бағдарлануына;
3) ұқсас бағдарламалармен келiсушiлiкке қол жеткiзуге;
4) қаржы, адам және техникалық ресурстар мен оларды қамтамасыз ету
көздерiнiң теңгерiмдiлiгiне негiзделген негiзгi нышандары болуы тиiс. 20. Мынадай: 1) негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштермен пайыздық қатынаста алынған шығындардың көлемiн күнi бұрын реттейтiн; 2) тиiстi қаржы жылына бюджет қабылданғаннан кейiн оның кiрiстерiнiң азаюына және шығыстарының ұлғаюына әкелетiн бағдарламалардың қабылдануына жол берiлмейдi. 21. Олардың iске асырылуы мемлекеттiк бюджет қаражаттарының есебiнен бiрнеше жыл бойы қаржыландыруды талап ететiн бағдарламалар, қаржыландыру көздерi және мерзiмдерi бойынша қаржыландырудың болжамды көлемдерi туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс. 7. Бағдарламаның құрылымы 22. Бағдарламаның құрылымы мынадай бөлiмдердi қамтиды: 1) паспорт (бағдарламаның негiзгi параметрлерi); 2) кiрiспе; 3) проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау; 4) Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi; 5) Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi; 6) қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландырудың көздерi; 7) Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже; 8) Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары.
23. Паспортта iске асыру мерзiмiн көрсету арқылы осы Бағдарламаның атауы мен қысқаша мазмұнын қамтитын, Бағдарламаның негiзгi параметрлерi сипатталады.
24. Кiрiспеде Бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiздеменi, оны әзiрлеу алдындағы жәйттерiн көрсету қажет.
25. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау мәселенiң сандық және сапалық сипаттамаларын, негiзгi экономикалық көрсеткiштерiн динамикада көрсетуi тиiс.
Бұл ретте, осы проблеманың негiзгi параметрлерiн (күштi және әлсiз жақтарын) баса көрсету, оны шешудiң мүмкiн жолдарын, қаржыландыру көздерiнiң бар-жоғын көрсету қажет.
Салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар үшiн маркетингтiк зерттеулер жүргiзiлуi мүмкiн.
26. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi айқын, нақты, бақыланатын және тексерiлетiн болулары тиiс.
Бағдарламаның басты мақсаты елдiң ұзақ мерзiмдi даму Стратегиясына және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары басшылыққа алынып қалыптастырылады.
Бағдарламаның басты мақсаты кезеңдер бойынша жекелеген бағдарламалық мақсаттар мен мiндеттерге бөлiнедi (басты мақсатты проблемаларды құрылымдау және шағын бағдарламаларды бөлiп көрсету жолымен неғұрлым жекелеген мақсаттарға тәптiштеп бөлу арқылы).
27. Дамудың негiзгi бағыттары мен құралдар тiзбесiмен, сондай-ақ қойылған мақсаттарға қол жеткiзу және алда тұрған мiндеттердi шешу жөнiндегi шаралармен, алдын ала қабылданған iс-әрекеттердiң iске асырылу дәрежесiн сипаттайтын индикативтiк көрсеткiштер бiрге жүредi.
28. Бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары, мемлекеттiк займдар, мемлекеттiк кепiлдiк арқылы тартылатын мемлекеттiк емес займдар, тiкелей шетелдiк және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы ұйымдарының немесе донор елдердiң гранттары болуы мүмкiн.
Бағдарламаға мемлекеттiк бюджеттен мемлекеттiк қолдау жүзеге асырылған жағдайда қаржыландырудың жылдар бойынша нақты көлемдерi көрсетiлуi тиiс.
Салалық және аймақтық бағдарламалар бойынша несиелер және меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдардың өз қаражаты қаржыландыру көздерi ретiнде көзделуi мүмкiн.
29. Бағдарламаны енгiзудегi күтiлiп отырған нәтиже проблеманы
сипаттайтын бiрқатар маңызды көрсеткiштердiң болжамды есептерiнен және Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде қол жеткiзiлуi мүмкiн оң өзгерiстерден көрiнедi. 30. Бағдарламаның қойылған мақсаттарына қол жеткiзу үшiн оны iске асыру жөнiнде iс-шаралар жоспары әзiрленуге тиiс. Іс-шаралар жоспары Бағдарламаның құрамдас бөлiгi болып табылады және, әдетте, онымен бiр мезгiлде бекiтiледi және ресурстары, атқарушылары және жүзеге асыру мерзiмдерi бойынша байланыстырылған ұйымдық, экономикалық және ғылыми-техникалық және басқа да iс-қимылдардың кешенi болып табылады. 8. Бағдарламаларды әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi 31. Бағдарламаны әзiрлеудiң және бекiтудiң келесi кезеңдерi бөлiп көрсетiледi: 1) ұйымдастырылуы; 2) ұсыныстар дайындау және Бағдарламаның жобасын қалыптастыру; 3) Бағдарламаны келiсу және бекiту. 32. Бағдарлама жобасын әзiрлеудiң ұйымдастыру кезеңiне:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi шешiмiмен белгiленетiн, Бағдарламаны әзiрлеуге жауапты орталық немесе жергiлiктi атқарушы органды айқындау.
Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кесiмiмен мүдделi мемлекеттiк органдардың және мемлекеттiк емес ұйымдардың өкiлдерiнен құралған Бағдарламаны әзiрлеу жөнiндегi комиссия (жұмыс тобы) құрылады;
2) орталық немесе жергiлiктi атқарушы орган басшысының, оларды кейiннен тең атқарушы-мемлекеттiк органдарға және ұйымдарға жiбере отырып, Құжаттар бағдарламасын (Бағдарламаны әзiрлеуді үйлестiру жоспарын, Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiн, оның тұжырымдамалық көзқарастарын, Бағдарламаның негiзгi бөлiмдерiнiң құрылымын) әзiрлеу жөнiндегi жауапты орындаушыны бекiтуi кiредi.
33. Ұсыныстар дайындау және Бағдарламаны қалыптастыру кезеңi:
1) Бағдарламаны тең атқарушы-ұйымдардың, жауапты орындаушының сұратуларының негiзiнде әзiрленетiн Бағдарламаға тұжырымдамалық көзқарас және жекелеген бөлімдерi бойынша, оның мақсаттары мен мiндеттерi бойынша, сондай-ақ оны iске асыру жөнiндегi Іс-шаралар жоспарына ұсыныстар тапсыруын;
2) Бағдарламаны тең орындаушы - ұйымдардың ұсыныстарының және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының негiзiнде жауапты орындаушының әзiрлеуiн және оларды жауапты орындаушыға жiберуiн көздейдi.
34. Бағдарламаны келiсу және бекiту кезеңiне:
1) жауапты орындаушының Бағдарламаның жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiне сәйкес барлық мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға келiсуге жiберуi;
2) белгiленген тәртiппен Бағдарлама және оны iс жүзiне асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органның шешiмдерiнiң келiсiлген жобаларын ұсынуы;
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органның Бағдарламаны бекiтуi кiредi.
9. Бағдарламаны iске асырудың және оның iске асырылуын
бақылауды жүзеге асырудың тәртiбi
35. Бағдарламаны iске асырудың және оның iске асырылуын бақылауды жүзеге асырудың мынадай кезеңдерi бөлiп көрсетiледi:
1) Бағдарламаның iске асырылуы;
2) Бағдарламаның iске асырылуын бақылау;
3) Бағдарламаны аяқтау туралы шешiм қабылдау.
36. Бағдарламаның iске асырылуы:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органның бекiтiлген Бағдарлама жөнiндегi шешiмдерiн тиiстi орталық және жергілікті атқарушы органдарға жеткізуден;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органның шешiмдерiнде айқындалған Бағдарламаның жауапты орындаушысына тең орындаушы - орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, өздерiне бекiтiлген Бағдарламаның тармақтарын және iс-шаралар жоспарын iс жүзiне асыру жөнiнде, кемiнде жылына екi рет есептер тапсыруынан;
3) жауапты орындаушының Бағдарламаны және iс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыруынан және Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе жергiлiктi өкiлдi органға кемiнде жылына екi рет есептер беруiнен;
4) қажет болған жағдайларда, Бағдарламаны iске асыруға қатысушы орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ұсыныстары бойынша Бағдарламаға және оны iс жүзiне асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына жылына екi реттен асырмай түзетулер енгiзуден тұрады.
37. Бағдарламаны аяқтау туралы шешiм қабылдау кезеңiне:
жауапты орындаушының тең орындаушылармен бiрлесiп Қазақстан
Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Yкiметiне немесе жергілiктi өкiлдi органға одан әрi ұсына отырып, Бағдарламаны iске асыру нәтижелерi бойынша түпкiлiктi есептi дайындауы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органның Бағдарламаның iске асырылуы жөнiнде есептi қарауы және бағдарламаны аяқтау және оны бақылаудан алу туралы шешiмдер қабылдауы кiредi. Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Бағарова Ж.А.