Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 мамыр N 787

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
      "Сирек, жердiң сирек металдары, өндiрiс үшiн шикiзаттар, қорытпалар,

қоспалар және бұйымдар" деген жолдардағы 2-бағанда:
     "282530000" деген сандардан кейiн "(ванадийдiң бестотығынан басқасы)" 
деген сөздермен толықтырылсын;
     "8108" деген сандардан кейiн "(титан көпiршiгiнен басқасы)" деген 
сөздермен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


    Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Бағарова Ж.А.