"Қаныш Сәтпаев атындағы Ертiс-Қарағанды каналы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын көшiру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 мамыр N 780

Қолданыстағы

      "Қаныш Сәтпаев атындағы Ертiс-Қарағанды каналы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қаржы-экономикалық сауықтыру және оны басқаруды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қаныш Сәтпаев атындағы Ертiс-Қарағанды каналы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын көшiру орны болып Астана қаласы белгiленсiн.
      2. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiндегi Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi бөлiмi мынадай мазмұндағы 125-1-жолмен толықтырылсын:

 

"125-1 "Қаныш Сәтпаев атындағы

Ертiс-Қарағанды каналы"

республикалық мемлекеттiк

кәсiпорны                                                 Астана қаласы";

реттiк нөмiрi 126-жол алынып тасталсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



    Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Бағарова Ж.А.