1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерiн заттай мүлiкпен қамтамасыз ету нормалары;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң және Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiн азық-түлiкпен қамтамасыз ету нормалары;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің әскери техникасы мен қару-жарағын пайдалану, жөндеу және консервациялау кезiнде жанармайлардың, майлардың, жағармайлардың және арнайы сұйықтардың жұмсалу нормалары;
4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмдерiн және мекемелерiн мал дәрiгерлiк мүлкiмен жабдықтау нормалары бекiтiлсiн.
2. "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджеттiң жобасын әзiрлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 16 наурыздағы N 219 P980219_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсін:
18-тармақтың 1) тармақшасындағы екiншi, үшiншi және бесiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен
әскери құралымдарының әскери қызметшiлерiн заттай мүлiкпен қамтамасыз ету нормалары; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің әскери қызметшілерін азық-түлікпен қамтамасыз ету нормалары; Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімдерін және мекемелерін мал дәрігерлік мүлкімен жабдықтау нормалары". 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.