Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 мамыр N 753

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мұражайының және "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығының қызметiн ұйымдастырушылық және қаржылық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң штат саны лимиттерiнде:

     6 "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм 
министрлiгi" деген бөлiмде:
     1) мынадай мазмұндағы: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк 
мұражайы 350" деген жолмен толықтырылсын;
     2) "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы 40" деген жол алынып 
тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Багарова Ж.А.