Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң "Республикалық клиникалық аурухана" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 мамыр N 736

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқындағы "Республикалық клиникалық аурухана" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы азаматтардың науқастарының алдын алу, диагностика және емдеу жөнiндегi медициналық және дәрiгерлiк қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
      3. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж, N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесi, "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-67-жолмен толықтырылсын:

 

"9-67 "Республикалық клиникалық аурухана"

      республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

      (шаруашылық жүргiзу құқындағы) Астана қаласы".

     6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасымен келiсiм бойынша бiр

ай мерзiмде Кәсiпорынның арнаулы бөлiмдерiнде және емханасында

азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсетудiң тәртiбiн

әзiрлесiн және бекiтсiн.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Багарова Ж.А.