"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 15 мамыр N 718

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери-техникалық мамандардың қажетті санын даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептері оларды қосу жолымен "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі" (бұдан әрі - Кәсіпорын) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығындағы субъектінің функцияларын жүзеге асырушы органы болып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) айқындалсын.
      3. Азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша

 

даярлау (қайта даярлау) Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып

айқындалсын.

     4. Уәкілетті орган бір ай мерзімде:

     1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында

мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     5. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 

P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген, республикалық мемлекеттік

кәсіпорындар тізбесінің "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі"

бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-9 жолмен толықтырылсын:

     "21-9. Қазақстан Республикасы

     Қорғаныс министрлігінің

     әскери-техникалық мектебі"

     республикалық мемлекеттік

     қазыналық кәсіпорны                            Астана қаласы".

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                            2000 жылғы 15 мамырдағы

                                                N 718 қаулысына

                                                     қосымша


             Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қайта

               ұйымдастырылған әскери-техникалық мектептерінің

                                     Тізбесі


     1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақтау

әскери-техникалық мектебі, Ақтау қаласы;

     2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақтөбе

әскери-техникалық мектебі, Ақтөбе қаласы;

     3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Алматы

әскери-техникалық мектебі, Алматы қаласы;

     4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Атырау

әскери-техникалық мектебі, Атырау қаласы;

     5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қарағанды

әскери-техникалық мектебі, Қарағанды қаласы;

     6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қызылорда

әскери-техникалық мектебі, Қызылорда қаласы;

     7. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Павлодар

әскери-техникалық мектебі, Павлодар қаласы;

     8. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Петропавл

әскери-техникалық мектебі, Петропавл қаласы;

     9. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Семей

әскери-техникалық мектебі, Семей қаласы;

     10. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тараз

әскери-техникалық мектебі, Тараз қаласы;

     11. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Түркістан

әскери-техникалық мектебі, Түркістан қаласы;

     12. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орал

әскери-техникалық мектебі, Орал қаласы;

     13. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Өскемен

әскери-техникалық мектебі, Өскемен қаласы;

     14. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шымкент

әскери-техникалық мектебі, Шымкент қаласы;

     15. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Щучинск

әскери-техникалық мектебі, Щучинск қаласы.




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.