1. "Шетелдiк жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелерi жөнiндегi тәртiптердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 862 P990862_ қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПYКЖ-ы, 1999 жылғы N 29, 280-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия берудiң тәртiптерiнде:
20 және 21-тармақтардың бiрiншi абзацтарында: "жұмыс күшiн тартуға" деген сөздерден кейін "және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығару қызметiне" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек және кәсiптiк қызметін жүзеге асыруының тәртiптерiнде:
2-тармағы "шетелдiктер" деген сөзден кейiн "(Қазақстан
Республикасының аумағындағы заңды тұлғаның құрылтайшыларын қоса алғанда)" деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында олар берiлген лауазымдар шеңберiнде қолданылады"; 9-тармақтың 1) тармақшасы "немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдердiң шеңберiнде сарапшы болып табылатын болса" деген сөздермен толықтырылсын; 2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.