Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 13 мамыр N 703

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі 
агенттігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755  

P991755_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 51, 505-құжат) мынадай өзгеріс 
енгізілсін:
     2-тармақтағы "Төрағаның екі орынбасары" деген сөздер "Төрағаның үш 
орынбасары, соның ішінде бір бірінші" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар: 
     Қасымбеков Б.А.
     Орынбекова Д.Қ.