Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.09.2017 № 560 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 P990813_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен берiлген
несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар
мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың шеңберiнде республикалық бюджеттен
оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi
ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн;
Елубаев Бауыржан Ысқақұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Нұқышев Азат Ғалымұлы - "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және
тарату агенттiгi" ашық акционерлiк қоғамы
басқармасының төрағасы
(келiсiм бойынша)
Власов Николай Афанасьевич - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
вице-министрi
Сейдуалиев Сәкен Спаханұлы - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты
Халықаралық iстер, қорғаныс және
қауiпсiздiк жөнiндегi комитетiнің
мүшесi (келiсiм бойынша)
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттiк қарыз алу департаментi
директорының мiндетiн атқарушы, хатшы;
"Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрi, төрағаның орынбасары";
көрсетiлген құрамнан Айтжанов Дулат Нұлұлы, Дружинин Анатолий
Михайлович шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.