Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1701 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 6 мамыр N 679

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан зейнетақылар мен

жәрдемақылар тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту 
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы 
N 1701  

P971701_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., 
N 52, 481-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан 
зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы 
ережеде:
     17-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
     18-тармақта:
     "аудандық коэффициенттер" деген сөздің алдынан "бұрын" деген сөзбен 
толықтырылсын;
     екінші және үшінші абзацтар алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.