Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 5 мамыр N 674

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Z970111_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң ережесi бекiтiлсiн.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне осы қаулыда көзделген науқастардың түрлерiн, дәрiлердiң тiзбесiн толықтыру және дәрi-дәрмектi және тұрғындардың жекелеген санаттарына арнаулы тағамды босату нормаларын ұлғайту құқығы берiлсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.18. N 1555
               қаулысымен. P001555_
      3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мынадай кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын:
      1) СССР Министрлер Советі мен ВЦСПС-тің "Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның зардаптарын жою жөнiндегi жұмыстарға қатысқан адамдарға медициналық қызмет көрсетудi және әлеуметтiк қамсыздандыруды жақсарту шаралары туралы" 1990 жылғы 31 наурыздағы N 325 қаулысын жүзеге асыру туралы Қазақ ССР Министрлер Советi мен Қазақ Республикалық Кәсiптiк Одақтар Советiнiң 1990 жылғы 17 мамырдағы N 197 қаулысы (Қаз.КСР-iнiң ҚЖ, 1990 ж., N 4, 82-құжат).
      2) "Дәрi-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың барлық түрлерiнiң бөлшек сауда бағаларын ырықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 қарашадағы N 939 P920939_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 44, 645-құжат).
      3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 527

 

P960527_

  қаулысымен бекiтiлген "Азаматтардың жекелеген санаттарына 
жеңiлдiктер беру мен министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, орталық, 
жергiлiктi атқарушы органдарға және басқа да заңды тұлғаларға оларға 
байланысты шығындарды өтеудiң тәртiбiнiң" 8-бөлiмi (Қазақстан 
Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 18, 155-құжат).
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
                                       Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                            2000 жылғы 5 мамырдағы
                                               N 674 қаулысымен
                                                 бекiтiлген
     
                     Тұрғындардың жекелеген санаттарын
                науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен
                және балаларға арналған және шипалы тағамдық
                  арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң
                                   ЕРЕЖЕСI
     


      1. Осы ереже амбулаториялық емдеу кезiнде дәрiгерлердiң рецептерi бойынша дәрi-дәрмек, балаларға арналған және шипалы арнаулы тағамы тегiн босатылатын тұрғындардың жекелеген санаттарының 1-қосымшада санамаланған науқастары түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес, тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен (бұдан әрi - дәрi-дәрмек және арнаулы тағам) қамтамасыз етудiң тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Денсаулық сақтаудың аумақтық органдары аумақтық қаржы органдарымен бiрлесе отырып "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 163-1 Z970163_ Заңына және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1268 P981268_ қаулысымен бекiтiлген Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң тәртiбi туралы нұсқаулыққа сәйкес, тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша тегiн дәрi-дәрмекпен және арнаулы тағаммен қамтамасыз ету үшiн, меншiк нысанына қарамастан, дәрi-дәрмектi және балаларға арналған және шипалы тағам өндiрумен және сатумен шұғылданатын жеке және заңды тұлғаларды (бұдан әрi - жабдықтаушы) таңдауды жүзеге асырады.
      3. Амбулаториялық емделуде жүрген тұрғындардың жекелеген санаттарына дәрi-дәрмек пен арнаулы тағамды тегiн босату амбулаториялық-емханалық ұйымдар, оның iшiнде, меншiк нысанына қарамастан, отбасылық дәрiгерлiк амбулаториялар (бұдан әрi - медициналық ұйымдар) дәрiгерлерiнiң және жеке медициналық тәжiрибемен айналысатын адамдардың рецепттерi бойынша, денсаулық сақтаудың аумақтық органдарымен шарттық қатынаста тұрған жабдықтаушылар жүзеге асырады.
      4. Жабдықтаушылар арнаулы тiркеу журналында 3-қосымшаға сәйкес тұрғындардың жекелеген санаттарына дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды беру рецепттерiнiң есебiн жүргiзедi. Дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды босатумен байланысты шығыстар жабдықтаушыға мемлекеттiк сатып алулар туралы шартпен белгiленген баға бойынша өтеледi.
      5. Берiлген рецепттерде көрсетiлген дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағам болмаған жағдайда, жабдықтаушы дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамның шартта көзделген құнынан аспайтын алмастыру (ұқсас) ұсынуға мiндеттi.
      6. Рецепт бланкалары Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкiлетті орталық атқарушы органның бұйрығымен бекiтiлген нысан бойынша, рецепттер бланкiлерiн есепке алудың арнаулы кiтабында (бұдан әрi - есеп кiтабы) тiркеледi. Есепке алу кiтабын медициналық ұйымның жауапты адамы жүргiзедi. Берiлген рецепт бланкiлерiн есепке алу кiтабының беттерi нөмiрленуi, баулануы, қағаз пломбамен бекiтiлуi, мөрмен расталуы және медициналық ұйымның бiрiншi басшысының немесе жеке медициналық тәжiрибемен шұғылданатын адамның қолы қойылуы тиiс.
      7. Тұрғындардың жекелеген санаттарына дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды босатуға берiлетiн рецепт, Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттi орталық атқарушы органның бұйрығымен бекiтiлген нысандағы бланкiде, бiр данада жазылады.
      Онда босатудың 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлген нормасы бойынша дәрi-дәрмектiң немесе арнаулы тағамның бiр атауын ғана жазуға рұқсат етiледi.
      Науқастың жағдайына қарай дәрiгер дәрi-дәрмектiң бiр немесе бiрнеше түрiн жазады.
      Рецепт бланкiсінде денсаулық сақтаудың аумақтық органдарымен өткiзiлген конкурстың қорытындылары бойынша дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды жеткiзу және босату шартын жасасқан жабдықтаушының мекен жайы қосымша көрсетiледi.
      8. Дәрiгер жазылған рецептiні амбулаториялық науқастың медициналық картасына және жазылған рецепттердi тiркеу журналына тiркеуi тиiс. Берiлген рецепттiң түбiртегi медициналық ұйымда немесе жеке медициналық тәжiрибемен шұғылданатын адамда қалады.
      Жазылған рецепттердi тiркеу журналын журналды жүргiзуге жауапты адам жүргiзедi, оның беттерi нөмiрленуi, баулануы, қағаз пломбамен бекiтiлуi, мөрмен расталуы және медициналық ұйымның бiрiншi басшысының немесе жеке медициналық тәжiрибемен шұғылданатын адамның қолы қойылуы тиiс.
      9. Рецепттердiң қолданылу мерзiмi, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орталық атқарушы органымен бекiтiлген дәрi-дәрмектер мен медициналық бағыттағы бұйымдарды сату ережелерiмен белгiленедi. Жабдықтаушыда рецептте көрсетiлген дәрi-дәрмек (ұқсас) немесе арнаулы тағам болмағанда, рецепттiң қолданылу мерзiмi бiткен соң, науқас бұрын жазылған рецепттi қайтарады және қажет болған жағдайда емдеушi дәрiгердiң тағайындауы бойынша, осы дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамға жаңа рецепт алады.
      Жазылған рецепттердi есепке алу журналының тиiстi бағанында, науқастың рецепттi қайтарғандығы туралы, қайтарылу себебi көрсетiлiп, белгi соғылады. Қайтарылған рецепттер тігiледi және берiлген рецепттердiң есебi үшiн жауапты адамда сақталады.
      10. Дәрiгер дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды тегiн босатуға жазып берген рецепттiң негiздiлiгi мен дұрыстығына жауапты болады.
      11. Денсаулық сақтаудың аумақтық органдары дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамға рецепттер берудiң белгiленген тәртiбiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
      12. Жабдықтаушылармен шартта көрсетiлген мерзiмде, дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды босатуға қабылданған рецепттердiң жиынтық тiзiлiмi осы ереженiң 4-қосымшасына сәйкес 2 данада жасалады, олардың бiреуi жабдықтаушыда қалады да, екiншiсi денсаулық сақтаудың аумақтық органдарына ұсынылады.
      13. Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде алынған бюджеттiк қаражаттарды пайдалану туралы есептi денсаулық сақтаудың аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiлген нысан бойынша аумақтық қаржы органдарына ұсынады. Көрсетiлген есепке тегiн босатылған дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағам бойынша рецепттердiң жиынтық тiзiлiмi берiледi.
                                         Тұрғындардың жекелеген

санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң ережесiне 1-қосымша


                   Амбулаториялық емделу кезiнде дәрi-дәрмек,

                    балалардың арнаулы және шипалы тағамы
                    дәрiгерлердiң рецепттерi бойынша тегiн
                      босатылатын тұрғындардың жекелеген
                       санаттарының науқас түрлерiнiң
                                 ТIЗБЕСI
     
     1. Науқас түрлерi
     онкологиялық және гематологиялық аурулар (темiр тапшылығы анемиясынан 
басқасы);
     психикалық аурулар,
     қояншық;
     туберкулез;
     қант диабетi, қантсыз диабет;
     мерез;
     СПИД, ВИЧ жұқтырған адамдар;
     бруцеллездiң ауыр түрi;
     жүйелi (қатты) қызыл жегi;
     жүйелi, созылмалы, ауыр терi аурулары;
     қолқа демiкпесi;
     Бехтерев ауруы;
     Адиссон ауруы;
     гипофизарлы нанизм;
     ерте жыныстық жетiлу;
     фенилкетонурия;
     муковисцидоз;
     балалардың церебралды параличi;
     Паркинсон ауруы,
     миастения;
     миопатия;
     Маридің мишық атаксиясы;
     жедел ұстамалы порфирия;
     миокард инфарктi (алғашқы 6 ай).
     2. Балалардың арнаулы азықтарымен және шипалы тағамымен қамтамасыз 
етiлетiн тұрғындардың жекеленген санаттары:
     1) ерте жасанды немесе аралас тамақтандырудағы бiр жасқа дейiнгi 
сәбилер;
     2) медициналық көрсеткiштер бойынша шипалы тағамды қажет ететiн үш 
жасқа дейiнгi сәбилер.


                                        Тұрғындардың жекелеген

санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң ережесiне 2-қосымша


          Бір адамға босатылатын дәрі-дәрмектердің жылдық нормасы
---------------------------------------------------------------------------
Науқас түрлері. ! Дәрілер тізбесі     !Босатудың тәу.  !Босатудың жылдық   
нің тізбесі     !                     !ліктік нормасы  !   нормасы
---------------------------------------------------------------------------
Қатерлі           Морфин 1%               2,0 мл           30 мл
ісіктер           Промедол 2%             2,0 мл           30 мл
                  Торгезик                0,6 мг           12 мг
                  Нольвадекс 
                  (тамоксифен)             20 мг          600 мг
Қан аурулары      Лейкеран                  5 мг         1800 мг
                  Миелосан                 10 мг         7200 мг
                  Циклофосфан             200 мг        72000 мг
                  Адрибластин              10 мг          180 мг
Психикалық        Аминазин                2 табл.        6000 мг
аурулар                                   (50 мг)
                  Галоперидол-деконат     1 амп.        10 ампул
                                          (1 мг)
                  Тизерцин                4 табл.        6000 мг
                                          (25 мг)
                  Трифтазин               3 табл.         900 мг
                                          (5 мг)
                  Галоперидол             3 табл.         900 мг
                                          (5 мг)
                  Циклодол                3 табл.         360 мг
                                          (2 мг)
                  Амитриптилин            4 табл.        6000 мг
                                          (25 мг)       12000 мг
Қояншық           Дифенин                 3 табл.      135000 мг
                                         (117 мг)
                  Финлепсин               3 табл.      216000 мг
                                         (200 мг)   
                  Седуксен                1 амп.          600 мг
                                          (10 мг)
                  Фенобарбитал            3 табл.      108000 мг
                                         (100 мг)
                  Бензонал                3 табл.      108000 мг
                                         (100 мг)
Туберкулез        Изониазид               0,3 г            54 г           
                  Рифампицин              0,6 г           108 г
                  Пиразинамид             2,0 г           360 г
                  Этамбутол               1,6 г           288 г
                  Стрептомицин            1,0 г            60 г
Қант диабеті      Инсулин                  40 бірл.     14400 бірл.
                  Манинил және             10 мг         3600 мг           
                  басқа да таблет.
                  тендірілген қантты   
                  төмендететін
                  дәрі-дәрмек
Қантсыз диабет   Адиуретин-СД              8 мг           48 мг
Мерез             Пенициллин              3,2 млн.бірл.   89 млн. бірл.
СПИД, ВИЧ         Криксивин                2,4 г          864 г
жұқтырған         Азидотимозин             0,6 г          216 г
адамдар           Ламивудин                0,9 г          324 г
Бруцеллездің      Доксациклин              0,4 г            8 г
ауыр түрі         Рифампицин               0,9 г           18 г
Жүйелі            Преднизолон               60 мг       10800 мг
(асқынған)        Азотиоприн               180 мг       64800 мг
қызыл жегі        (циклофосфан)     
Жүйелі            DDS немесе авлосульфон    1 г          360 г
созылмалы,        Преднизолон               50 мг       18000 мг
ауыр тері
аурулары          
Қолқа             Полькортолон              20 мг        7200 мг
демікпесі         немесе преднизолон
                  Беротек                   6 доза      2160 доза
                  Сальбутамол               8 доза        5 қорап
Бехтерев
ауруы             Преднизолон              60 мг        21600 мг          
Аддисон ауруы     Преднизолон              10 мг         3600 мг
Гипофизарлық      Адама                    5,0 бірл.     1800 бірл.
нанизм            соматотропины
                  (хуматроп, нордитропин)
Жыныстың          Бромкриптин
ерте дамуы        (парлодел)               1,25 мг        456 мг
Фенилкетонурия    Лофенак                   138 г          50 кг
                  Фенил-фри                 100 г          36 кг
Муковисцидоз      Креон                   4 капсула    200 капсула        
Балалардың        Церебролизин              5 мл           50 мл
церебралық        Баклофин                 0,01 г          3,6 г
параличі
     
Паркинсон         Мидантан (наком)         500 мг      180000 мг
ауруы
     
Миастения         Прозерин                   6 мл          60 мл
Миопатия          Пирацетам                5,0 мл          50 мл
Маридің     
мишық             Бензонал                 800 мг        8000 мг
атаксиясы
Асқынған          Фосфаден (аденил)       10,0 мл       100,0 мл
ауыспалы       
порфирия
Миокард           Моносан                   40 мг        7200 мг          
инфаркты          Капотен                   25 мг        4500 мг
(алғашқы 6 ай)
---------------------------------------------------------------------------
     
              Бір нәрестеге босатылатын балалар тағамының      
                            жылдық нормасы
---------------------------------------------------------------------------
 N !    Балалар       !Балалар азығының және!Құрғақ қос.!1 нәрестеге  
   !  контингенті     !шипалы тағамның      !паның тәу. !берілетін құрғақ
   !                  !тізбесі              !ліктік     !қоспаның жылдық
   !                  !                     !нормасы    !нормасы (кг)
   !                  !                     !(грамм)    !
---------------------------------------------------------------------------
 1   0-6 айлық          Емшек сүтін            100 г       10,0
                        ауыстырушы
 2   6-12 айлық         Емшек сүтін             60 г        7,0
                        ауыстырушы
 3   0-12 айлық         Шипалы қоспалар:
                        1) төмен лактозды;     100 г       18,0       
                        2) соялық негізде      100 г       18,0
     
 4   12-36 айлық        Шипалы қоспалар:
                        1) төмен лактозды;     100 г       18,0
                        2) соялық негізде      100 г       18,0
---------------------------------------------------------------------------


                                           Тұрғындардың жекелеген

санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң ережесiне 3-қосымша


                 Дәрі-дәрмекті және балалардың арнаулы және

              шипалы тағамын тегін босату бойынша рецептерді 
                              тіркеу журналы            
---------------------------------------------------------------------------
 Айы, !Рецеп. !Дәрінің  ! Науқас    !Рецепті жаз.!Науқас.  !    қолдары
 күні !тің N  !  құны   !   түрі    !ған медици. !тың тегі,!---------------
      !       !         !           !налық ұйым. !аты-жөні !Алған !Босатқан
      !       !         !           !ның атауы   !мен ме.  !адам. !адамның
      !       !         !           !            !кен-жайы !ның   !
---------------------------------------------------------------------------
   1  !   2   !    3    !     4     !     5      !    6    !   7  !   8
---------------------------------------------------------------------------


                                          Тұрғындардың жекелеген

санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң ережесiне 4-қосымша


               Тегін босатылған дәрі-дәрмек және балалардың

             арнаулы және шипалы тағамы бойынша рецептердің 
                             жиынтық тізілімі                       
                        (жабдықтаушы бойынша_____)    
     
---------------------------------------------------------------------------
 Қай мерзімге    !Рецептердің  !Босатылған дәрі- !Рецепті жазған медицина
 ___ден___дейін  !    NN       !дәрмектердің     !    ұйымының атауы      
                 !             !жалпы құны       !        
---------------------------------------------------------------------------
       1         !      2      !         3       !          4
---------------------------------------------------------------------------
     
     
  М.О. Құрастырушы:
       Басқарушы:                                 2000 ж. "___"__________  
 
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.