Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын
ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N 796
қаулысына мынадай
өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
4-ші бағандағы реттік нөмірі 23-жолдағы "Президент Іс Басқармасының
резерві" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі"
деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-жолмен толықтырылсын:
"30. Әкімшілік ғимарат 1232,3 Қазақстан Республикасының
М. Әуезов көшесі, 59-үй Сыртқы істер министрлігі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.