Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасының қызметін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Үкіметтің мына шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1)
2) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінің Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитеті"
бөлімінің атауындағы "Тұрғын үй және құрылыс саясаты" деген сөздер
"Құрылыс істері" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 48-жолдың 3-бағанындағы "Ақмола қаласы" деген сөздер
"Астана қаласы" деген сөздермен ауыстырылсын.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталды - ҚР Үкіметінің
2002.08.19. N 918 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 24 сәуірдегі
N 632 қаулысына
қосымша
"Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы"
республикалық мемлекеттік кәсіпорнының таратылатын еншілес
мемлекеттік кәсіпорындарының
Тізбесі
1. Ақмола "Жобалардың мемлекеттік сараптамасы" еншілес мемлекеттік
кәсіпорыны.
2. Алматы қалалық "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс
сараптамасы" еншілес мемлекеттік кәсіпорыны (Мемсараптама).
3. "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы"
республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Алматыоблсараптама" Алматы
облыстық жобалардың сараптамасы еншілес мемлекеттік кәсіпорыны.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.